Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 6 - бөлім Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті Аңыз - ертегілерді оқу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі және әдебиет Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 – бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» | Мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||||
Тоқсан: Мұғалімнің аты-жөні : Шамиганова Р.М | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Аңыз-ертегілерді оқу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме) | 2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді 2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды 2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды | ||||
Сабақ мақсаттары | Аңыз ертегіні мәнерлеп, түсініп оқиды. Мәтінге ат қоюды үйренеді.Мәтіннен зат есімді табады. | ||||
Жетістік критерилері | Ертегіні моқып, мазмұндай біледі Ертегі бойынша өз ойын айта алады. | ||||
Тілдік мақсат
| Ай, тігінші, аңыз, ертегі,әдеби, әдеби емес, тар, пішеді, бой тұрқы. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 – 7 минут | (Ұ.МК) Шеңберге тұрып, «Мен қандаймын?» ойынын ойнайды. Менің атым-Сәуле.Мен сүйкімдімін Менің атым-Талғат. Мен таланттымын Мұғалім оқушылардан олардың міндетін сұрайды. Оқушылар жауабы (оқу) | ||||
Сабақ ортасы 25-30 минут | (МК,Ұ) Оқушылардың қызығушылықтарын және ойлау қабілеттерін ояту мақсатында жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтар: Табан, табан, табан ақ, Табаны жалпақ қоян ақ. Күлген көзі күмістен, Келе жатыр қоян ақ.(күн) Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, Қарасам толып жатыр көзін ашып. Үйіме сәулеленіп түссе жарық, Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. (жұлдыз) Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт) Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды, Екеуі қызықтырған талайыңды. Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса, Тұрады нұрға малып маңдайыңды. (ай) АЙ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІҢДЕР? Олай болса балалар, бүгінгі біздің сабағымызда «Ай неге жалаңаш қалды?» мәтінімен танысамыз. Үш топ үстел үстіндегі мәтінді алып оқып, бір-біріне мазмұндайды, мәтіннің басын, ортасын, аяғын өздері табады, тақырып қояды. Сынып оқушылар үш топқа бөлініп отырғаннан кейін берілген сілтеме арқылы «Ай мен тігінші» мульфильмін көреді. (Т) Топпен жұмыс. 1-топ. Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты. - Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. 2-топ. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты. Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. 3-топ. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты. * Мәтінде не туралы айтылған? * Айдың неге осылай өзгергенін түсіндір? *Мәтінді басқаша қалай атауға болады? * Мәтінді ойларыңнан ары қарай жалғастырыңдар. Әр топ ары қарай жалғасын екі сөйлеммен айтып көреді. (Ұ) Дәптермен жұмыс. Мәтіннің үшінші бөлігін дәптерге жазып, үшінші бөлігінен зат есімдерді тауып, олар зат есімнің қай түріне жататынын анықтайды. Кім? сұрағына жауап беретінді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретінді бір бөлек жазады. | http://kivvi.kz/watch/hwgyvsrq75jg/ | |||
Сабақтың соңы 2 – 3 минут | (Ө) Айдың өзгеруін суретке салу арқылы көрсетіңдер. Әңгіменің басында қандай болды, ортасында қалай өзгерді, аяғында қандай болды? «Тігінші мен ай» мультфильмін көргендерін естерін тұсіріп, қазақтың ұлттық заттарын атап шығады. Рефлексия. Оң қолдарын көтеру арқылы кері байланыс жасайды, ал сол қолын көтерсе сабақта түсінбеген жерлер болғанын аңғартады. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті оқушылардан аңызға нақты ат қою, сұрақтарға дұрыс жауап беру, зат есімдерді тауып оған дыбыстық талдау жасауы күтіледі. | Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?