қазақ тілі_1-сынып_6-бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау_Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Күні: 16.03.17 Сынып: 1В | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г. Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. |
Сабақ мақсаттары | Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жай сөйлемдер құрастырып жазамыз. |
Бағалау критерийлері | Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады. Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады. |
Тілдік мақсаттар | Ертегіге қатысты сөздер |
Құндылықтарды дарыту | Достық қарым-қатынас |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе, математика |
АКТ қолдану дағдылары | Көрсету, жазу |
Бастапқы білім | Ертегілердегі кейіпкерлерді анықтай алады. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Таңғы шеңбер: Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын! Бүгінгі күн міне Сәттілікке толсын! Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жай сөйлемдер құрастырып жазамыз | Интерактивті тақта |
Сабақ ортасы 20 минут 10 мин |
(ҰЖ) «Алма» ертегісін көру Мақсаты: ертегіні тыңдап, кейіпкерлерді анықтау. Нұсқаулық: 1. Ертегіні тыңдау, көру. 2. Кейіпкерлерді есте сақтау 3. Кейіпкерлерді сипаттау 4. Кейіпкерлерді дәптерге жазу. (ҚБ) Тақтада берілген жауаптар арқылы тексеру. (ТЖ) Мәтінмен жұмыс Мақсаты: мәтінде берілген ақпаратты топтар бір-біріне айту арқылы мазмұнын түсінеді. 1-топ: Алма не себепті қарғанікі деп ойлайсыңдар? 2-топ: Алма не себепті қояндікі деп ойлайсыңдар? 3-топ: Алма не себепті кірпінікі деп ойлайсыңдар? 4-топ: Неліктен аю да алма алды деп ойлайсыңдар? Нұсқаулық: 1.Суретті бояу 2. Себебін жазу 3. Дәлелдеп айту (ҚБ) Ауызша жауап бере отырып, топтар бір-бірін тыңдау барысында бағалайды. Сергіту сәті «Көңілді күн» (Ө) Дәптермен жұмыс. Мақсаты: Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салу. Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазу. (ҚБ) Жұптар бір-бірімен ауыстырып тексеру. | Үлестірмелі қағазға жазу. Слайд |
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Мақсатқа қайта оралу. Кім ертегі мазмұнын түсінсе, кейіпкерлерді анықтай алса, екі қолын да көтереді - Жартылай білсе, қолдырын беліне қояды - Түсінбесе, қолын жай қояды. | |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады | Қимыл қозғалыс ойындары арқылы | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?