2.Сауат ашу_1-сынып_6-бөлім_Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_129-сабақ__Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ю әрпі__Презентация


«Сауат ашу» пәні

1-сынып

6-бөлім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ю әрпі

(«Сауат ашу» оқулығы 1- сынып. Жұмабаева А., «Атамұра», 2016 ж.)

Құрастырған: Каирова К.У.

Оқу мақсаттары

1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.5.1 мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Бағалау критерийлері

- дыбыстардың сөздегі қызметін түсініп (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқиды;

- оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады;

- мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя біледі және қойылған сұраққа жауап береді.

- жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Көркем жазу

қою қию жию юла юпитер

Шығармашылық үзіліс

Бұл қай әріп?

«Қожа мен Алдаркөсе» мәтіні

Қожанасыр мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен, Алдаркөсе Қожанасырдан:

- Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен?- деп

сұрапты.

Қожанасыр ойланбастан:

- Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады,- деп

жауап беріпті.

«Ыстық орындық» әдісі

- Мәтін кімдер жөнінде?

- Алдаркөсе мен Қожанасыр қайда келді?

- Қожанасырдың тапқырлығын неден байқадың?

- Алдаркөсе қандай сұрақ қойды?

- Алдаркөсе қандай кейіпкер?

- Қожанасырға мінездеме бер.

- Өзің Қожанасырдың орнында болсаң қандай жауап

берер едің? Ойланып көр.

Сергіту сәті.

«Айгөлек» әні

Асыл сөздің ұстасы,

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

Шығармашылық тапсырма. Саралау:

Өзіндік бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Жасыл түс сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.

Ұлттық кейіпкер Қожанасырды сипаттап айту.

Үй тапсырмасы:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу