Қазақ тілі мен әдебиет_1сынып_ 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_ Ойын ережесі.Бас әріппен басталатын сөздер. _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 бөлім.Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын ережесі. Бас әріппен басталатын сөздер. Ертегілерді салыстыр.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау.

Сабақ мақсаттары

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.3.9.3 Бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады .
  • Бас әріппен жазылатын сөздерді біледі .

 Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтаудың адам үшін маңыздылығына тоқталу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе ,дүниетану сабақтарымен байланыс орнайды.

АКТ

Сергіту сәті , презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ ортасы

30 минут

  • Ұ)Ұйымдастыру.
  • Психологиялық дайындық

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Оқу мақсатын анықтап алу

Бүгін сабағымыздың мақсаты: Бас әріппен басталатын сөздер. Ертегілерді салыстыру.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Балалардың көңіл – күйін сұрау.

Көңілсіз, көңілді, қуанышты.

МК,Ұ) «Белбеу тастау» ойыны туралы мәтінді оқу.

Мәтінмен жұмыс:

  • Мәтінді оқу түрлерін қолданып оқу.
  • Сөздік жұмысын ұйымдастыру.

«Белбеу тастау» ойыны

Балалар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап, айналып жүреді де, бір ойыншының артына білдірмей белбеуді тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» дейді.. Сөйтіп, шеңберді қайтып орнына келгенше айналдыра қуалайды. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.

Бағалау критерийі: Суретке сәйкес ойынның атын табу және жазу. Берілген сөйлемдерден байланысу ретімен орналастырып мәтін құрайды.

Сол сияқты ұлттық ойын ережелерімен танысады.

1-т Теңге алу- Қазақтың ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі.Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады.Тақыр жерге ақ шүберекке түйілген зат тасталады.

2-т «Соқыр теке» – ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Қарлығаш болып ұшамыз

Лақ болып қашамыз

Аю болып қорбаңдап

Орнымызды табамыз

(Ж.Т) Сызба бойынша сөйлем құрастыру. Ертегілерді салыстыру.

Жаңа сөздер

Салыстыру, келбеті, мінезі, әрекеті

«Қарға мен түлкі» мысалынан сөздерді жина

Қарға мен түлкі» мысалын тыңдау.

http://abai-inst.kz/?p=719

Кім? Не?

қандай?

Не істеді?

Қарға

аңқау

ұшты

Анықтайық

Басқа ертегілермен салыстыру. «Түлкі мен қырғауыл», «Түлкі мен тырна» ( слайд арқылы көрсету)

Бас әріппен басталатын сөздер. Ертегілерді салыстыру.

Ойланайық!

(Ж.Т) «Менің сүйікті жануарым» ойынын ойнау.

Ойынның ережесі

Оқушылар шеңбер бойында тұрады.Мұғалім жүргізуші ретінде ойын бастайды.

«Менің сүйікті жануарым аю» -деп қимылмен аю сияқты қорбаңдау немесе аюдың дыбысын шығару.

Жануар таңда және сол жануарлар туралы ертегі құрастыр.Тиін, кірпі, тырна, қасқыр, түлкі, қарға.

Бас әріппен басталатын сөздер.(Оқушылар өздері жазады)

Адам аттары:

Қала, жер, өзен, көл аттары:

Қорытынды.

Түрлі-түсті қаламдар, қағаздар

https://www.youtube.com/watch?v=V8b6r1aPly0

,

Сабақтың соңы

5 минут

(ҚБ)

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды?

-Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға «ойлан тапсырмасы ұсынылады

Сөздерді жазуға , оқуға қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету. .

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Топтық жұмыс барысында бақылау, берілген сұрақтарға жауап берген оқушыларға ауызша,смайликтер, жұлдызшалар арқылы бағалаймын.

Оқушылардың сөз ойлап тапқандарын, сөйлем құрағандарын, мәтінді ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтқандарын «көңілді смайл» беру арқылы бағалау, жеке жұмыстарын комментарий беру арқылы, жұптасып жұмыс жасау үдерісін бақылау арқылы бағалау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Оқушыларды достыққа,бірлікке тәрбиелеуді топен, жұппен жұмыс барысында қарастырдым



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу