Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 6-бөлім «Cалт дәстүр мен ертегілер» Нұсқаулық туралы ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 25. 02/16

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

6-бөлім «Cалт дәстүр мен ертегілер» Нұсқаулық туралы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.3.1 Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді

1.3.7.1 Әдеби және әдеби емес мәтіндерді (мысалы: ертегі/ жарнама) салыстырады

Сабақ мақсаттары

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді.

Әдеби және әдеби емес мәтіндерді (мысалы: ертегі / жарнама) салыстырады.

Жетістік критерилері

Әдеби және әдеби емес мәтіндерді (мысалы: ертегі / жарнама) салыстырып үйренеді

Әдеби емес мәтіндермен танысады.

Нұсқау бойынша рецепт жазып үйренеді

Сөздік қор

тағам құрамы, дайындау тәсілі құймақ дайындауқұймақ пісіру әдісіқұймақ рецепт

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту,өзара сыйласуға үйрету

Пәнаралық байланыстар

ғылымға кіріспе.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ұлттық ойындар туралы түсінік Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта нұсқау бойынша рецепт жазып үйренеміз.

Сабақ ортасы

)

Оқушыларды «кітап оқу бұрышына» шақыру.

Әдеби емес кітаптарды \ кейбір үлгілерін салыстыру және айырмашылықтарын табу үшін қолдану. Рецепт кітаптары мен нұсқаулықтардың басқа кітаптардан айырмашылықтарына назар аударту. Бұл кітаптардың бір - бірінен айырмашылығын анықтау мақсатында сұрақтар қою.

әдеби кітаптар не жайында болуы мүмкін?

сендер қандай әдеби кітаптар оқыдыңдар?

Сен оқыған кітап мазмұны не жайында болды?

Оқушыларға әдеби емес кітап түрлерін көрсету.

(Ж.Т) Менің қолымдағы кітапта не туралы жазылған деп ойлайсыңдар?.

«Бағытталған оқуды» пайдаланып кітап мазмұнымен таныстыру:

Бұл кітапта ас мәзірі туралы жазылған.

Ас мәзірін қалай жасайтындығы туралы нұсқау берілген.

Қане, құймақ жасау мәзірімен танысайықшы.

Құймақ құрамы:

2 жұмыртқа

2 стақан сүт

1,5-2 стақан ұн

2 ас қасық қант

0,5 шай қасық тұз

0,5 шай қасық ас содасы

2 ас қасық сұйық май.

Құймақ дайындау:

Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз. Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз. Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз. Екінші бетіне аударамыз.Құймағымыз дайын.

Балалар, құймақ жасау үшін қандай заттар қолданамыз?

- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?

Жазған рецепте - не? - нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздер бар ма?

Олай болса, жазған рецептегі заттың атын білдіретін сөздердің астын сызыңдар

Оливье салатының жасалу жолымен интерактивті тақта арқылы таныстыру.

Сабақтың соңы

(Ұ)Сабақты қорытындылау.Бүгін сабақта не өттік?

Әдеби және әдеби емес мәтіндер туралы не білдіңдер?

Олардың қандай айырмашылықтары бар?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Рецепт жазуда қиналған оқушыларға жеке қолдау көрсету.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

өтірік өлең жазып үйренеді.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу