(Ұ) Мектепке (сыныпқа) оқушылардың ата-анасын немесе ата - әжелерін шақыру. Олар оқушыларға өздерінің балалық шақта ойнаған ойындары туралы әңгіме айтып береді. Балалар сендер естіген ойындар бұл күндері ойнала ма? Ол ойындардың бүгінгі ойындардан қандай айырмашылықтары бар ? (МК) Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. 1.Аңға байланысты ойындар: Ақсерек - көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас - құлақ, 2. Малға байланысты ойындар: Соқыр - теке, 3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақсүйек,алтыбақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, (Ұ.Қ) Ойын ережесі туралы видео материал көрсету. Оқушылардан ойынды ережеге сүйене отырып асық ойнату. Асық. Ойын ережесімен таныстыру оқушыларға Асық ойыны және арқан тартыс ойыны туарлы видео көрініс көрсету Оқушылардың ережеге сәйкес ойнауын бағалау. Сәтті шыққан тәсілдерді бақылау Кең жерде, аулада дәлізде оқушыларға ойынның қалай ойналатынын көрсету. Дауыссыз дыбыстардың жіңішке айтылуы. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, ондағы дауыссыз дыбыстар жіңішке болып айтылады. (Ж) Ұлттық ойын түрлерінен дауыссыз дыбыстар жіңішке болып айтылатын ойындардың астын сыз. Асық, қыз қуу, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, ақсүйек, ақсерек - көксерек, соқыр - теке. |