Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5 – бөлім «Саяхат» Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау. Буын.САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 – бөлім «Саяхат» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 10.02.16 | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау. Буын. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ж 3.6 Өз көзқарасы негізінде әр түрлі жанрларда мәтін жазу Ж 3.2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу Ж 3.3 Жоспар құру Ж 3.8 Мәтінді түзету және редакциялау | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.3.6.1 Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер мен жарнамалар құрастырады. 1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады 1.3.3.1 Мұғалім көмегімен қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды. 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді. | ||||||
Жетістік критерийлері | Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер мен жарнамалар құрастыра алады | ||||||
Сөздік қор
| Демалыс орны, сәт сапар, жолың болсын, аспан әлемі, ғажайып, оқиға | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер пәнімен байланыс «Постерлер галереясы» ұйымдастыру барысында жүзеге асады | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жарнамалауға қажетті сөздермен таныс | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | (Ұ, МК) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, ұйымдастыру кезеңін өткізу. ОМ хабарлау. | ||||||
Сабақтың ортасы
| (МК,Т) Оқушыларға жергілікті жерді жарнамалау үшін «Бірлесіп жазуды» ұйымдастыру:
«Бірлесіп жазу» әдісін қолдану арқылы постер дайындату. Бірлесіп жазуды жүзеге асыру үшін үлгі жоспар дайындау. 1-қадам. Оқушыларды бірлесе оқыту әдісі бойынша қаладағы өзенді жарнамалауды ойластыру. 2-қадам. Жарнаманың бөліктерін анықтау. 3-қадам. Мәтінге тақырып қою. 4-қадам. Жоспар құру.
Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетінін, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатынын түсіндіру. Қалаға туристерді тарту мақсатында қандай ұрандар айтуға болатынын сұрау. Үлгі ретінде өзенге қатысты ұранды ұсыну: «Қаратал өзені – Жетісу өңіріндегі ең таза өзен!» Оқушылардың айтқан ұрандарын жазып қою. Мысалы, «Талдықорғанға келсең, өкінбейсің!», «Талдықорғанның көрінісін тамашала!» Сөйтіп, соңында леп белгісі қойылатындай сөйлем үлгілерін көрсету. Сөздерді оқу барысында дыбыс, буын туралы білімдерін қалай қолдану керектігін көрсету. Әр сөзді жазбас бұрын бірнеше рет дауыстап айту. Қай сөйлем қаншалықты жағымды естілетінін сұрау. Қандай сөйлем сенім тудыра алады? Таңдауын түсіндіріп берулерін сұрау. Содан соң деңгейлері әртүрлі оқушыларды топтарға біріктіру. Әр топқа жергілікті жердің фотосуреттерді таңдап алуға мүмкіндік беру. Постерге адамдарды сол жерге саяхат жасауға тартатындай сөздер жазуларын қадағалау. Постерге мекен-жайды жазғызу. Әр топқа жергілікті жерді жарнамалайтын постер дайындауын сұрау. Оқушылармен топта кеңесе отырып плакатқа жапсыратын фотосуреттерді таңдап, әр фотоға тақырып жазуды ұсыну. Суреттерді сипаттап жазуларын ұсыну. Оқушыларға өз ұрандары мен тақырыптарын жазып дайындауы үшін таза парақтар үлестіру. Таза бетке қалай көшіру керектігін көрсету.Оқушылардан ұрандары мен тақырыптарын сынып алдында дауыстап оқуларын, ал өзгелердің оларды жазып алып отыруын өтіну. Сөйтіп ең үздігін таңдайтындарын айту. Оқушылардың дайындаған постерлерін іліп, «Жарнамалық постерлер галлереясын» ұйымдастыру. | Талдықорған қаласындағы жерлерді сипаттайтын фотосуреттер; жеке парақшалар. | |||||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында оқушылар тақырыпты қаншалықта меңгергенін бақылау мақсатында, келесі сұрақтарды ұсыну:
| ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қиналатын оқушылардың қасына барып, сұрақтар қою, бағыт беру арқылы көмек көрсету. Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға әр суреттерді сипаттап, олардың тұсына қосымша детальдарды жазуларын өтіну. | Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?