Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 5 бөлім Саяхат Драма,сахналық қойылым ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Саяхат

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:2 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Драма, сахналық қойылым

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

2.1.4.1 Сөйлеу қабілетін дамытады және көпмағыналы сөздерді қолдана бастайды

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді

 Сабақ мақсаттары

Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қойылған сұрақтарға көпмағыналы сөздерді қолданып жауап беруге үйренеді. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.

 Бағалау критерийлері

Мәтіндегі сөздердің сахналау арқылы тілдік қоры дамиды.

 Тілдік мақсат

Көркем сөздерді пайдаланып, сахналық қойылымға қатысу.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Шеңберге тұрып аяқталмаған сөйлем ойынын ойнайды. Мұғалім сөйлемді бастайды, оқушы аяқтайды.м/ы: Мектеп алдында....., сынып бөлмесінде....., Досымның ...........

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Оқушылар шеңберде отырады. Бүгін біз ұшатын кілеммен саяхатқа аттанамыз. (баяу музыка әуені естіледі)

Көздерімізді жұмып «Ұшатын кілеммен» саяхатқа аттанамыз.

Ойлау қабілетін ынталандыратын сұрақтар қойылады: Біз қайдамыз ? Қаладамыз ба ? Ауылдамыз ба? Бұл қандай жер екен? Бұл жерде дыбыстар естісек, ол ненің дыбысы болуы мүмкін? Иіскесек ше? Жерге қонғанда кімдермен кездесуіміз мүмкін? Не көруіміз мүмкін?

  • Біз қайда келдік?
  • Жұмбақ әлеміне келдік.

(МК) « Ой тастау» Жұмбақ шешу.

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)

Қос мекенді жануар (құрбақа)

Жыл басы қай жануар? (тышқан)

-    Балалар, осы құмырсқа, құрбақа, тышқан үшеуі жолға шығады. Олар жолға неге шықты деп ойлайсындар?

-Білгілерің келе ме?Олардың саяхаты туралы белгілі жазушы Сәкен Жүнісов әңгімелейді.

(МК) Есіңе сақта! Автор туралы.

1934ж Көкшетау облысы Қызылтау ауданында дүниеге келген .Халық жазушысы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері

, МК) Топпен жұмыс. Сынып үш топқа бөлінеді.

«Құмырсқа» тобына  1-ші бөлім

«Құрбақа» тобына  2-ші бөлім

«Тышқан» тобына  3-ші бөлімді оқыту

(Т, Ж) Ойын «Тілші және оператор» Сыныптан әр топқа тілші және оператор сайланады.

Тілші келіп әр тор мүшелеріне сұрақ қояды,топ мүшелері жауап береді, оператор қойылымға түсіреді.

«Құмырсқа» тобына: Өзі тар,өзі қараңғы,өзі қауіпсіз ненің мекені?

Топ мүшелері сұраққа жауап беру үшін сахналайды. Оператор қойылымды түсіреді.

«Құрбақа» тобына: Өзі жайлы,өзі биік,өзі жұмсақ ненің мекені?

«Тышқан» тобына : Өзі салқын,өзі дымқыл,өзі көлеңке ненің мекені?

Соңында оқушылар төмендегі қорытындыға келеді.

Дүниедегі ең жайлы,ең жақсы қоныс-Әркімнің өз мекені, өз жері екен.

● Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

● Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.

Бақа көлінде патша,

● Балық суында патша,

Жігіт елінде патша.

Ендеше бізде ұшатын кілемге отырып өз мекенімізге қайтайық.

Музыка әуені, кілем,жұмбақтар. Таныстырылым.

Әр топқа кейіпкерлердің суреттерінен әзірленген бас киім әзірлеу.

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді дұрыс мәнерлеп айтып, қойылымды жоғары дәрежеде қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу топппен жұмыс, сахналық қойылым орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу