Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5 бөлім Саяхат Саяхат туралы жазылым ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат | Мектеп: Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | ||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Саяхат туралы жазылым | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтемеу) | Ж2.Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады. | ||
Сабақ мақсаттары | Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді. Саяхат тақырыбына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөздерді таңдап жазады, оқиды, талдайды. | ||
Жетістік критерилері
| Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: сөздерді мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай таңдай отырып, қарапайым сөйлемдер жаза алады. | ||
Сөздік қор | Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта,ұшақпен ұшу,пойызбен бару, саяхатшы, саяхат жасау, жол маршруты. | ||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет,еңбек және шығармашылық. | ||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | 5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: «Еуропа қалашығына саяхат» жасау Бір шапалақ- қол алысып амандасу Екі шапалақ -аяқтарымен амандасу Үш шапалақ- арқаларымен амандасу Төрт шапалақ- құшақтасып амандасу. Амандасу түрлері:-Сәлеметсіз бе! -Қайырлы таң! -Қайырлы күн! -Амансыз ба? -Сәлем! (Ұ) «Доптар» ойыны арқылы 4 топқа бөлу Қызыл, сары, ақ добым, Әрі- бері жүгіргің. Қателеспей тезірек, 2-2-ден тізілгің. ----------------------- 5-5-ден тізілгің. (Ұ) «Сөз тізбегі» ойыны Ойынның шарты: Сөздің соңғы әрпі қандай болса, келесі сөздің бастапқы әрпі де сол болу керек.Сөйтіп жаңа сөздер ойлап, сөздерден тізбек жасау керек. Мысалы:Цех, хоккей, йогурт, тақта, Алматы, ырыс, саяхат. | Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары. Доптар суреті Флипчарт, маркерлер | |
Сабақ ортасы
| (Ұ) Оқушылармен диалог құру -Балалар, соңғы қандай сөзді жаздық? -Саяхаттың қандай түрлерін білесіңдер? Сабағымыздың тақырыбы «Саяхат туралы жазылым» Бүгінгі сабақта біз саяхат жайлы мәтін құрастырамыз. -Жетістік критерийлерін атап өтейік. /оқушылар сабақта қол жеткізетін критерийлерді атайды/ -Енді, әр топтан бір оқушы келіп, қайда саяхат жасайтынын білу үшін мына сөздер жазылған карточкаларды таңдап, парталарыңа қойыңдар. 1. Тауға саяхат 2. Орманға саяхат 3. Теңізге саяхат 4. Шөл далаға саяхат /әр топтан бір оқушы карточкаларды таңдап алады/ (Т) «Дұрыс таңдау» ойыны -Балалар, адамдар саяхатқа шыққан кезде өз заттарын қайда салады? /чемоданға/ -Дұрыс.Әр топ әртүрлі жерге саяхатқа баратын болғандықтан, чемодандағы заттар да әр түрлі болу керек қой. Ендеше әр топ өздеріне қажетті заттарды ақылдасып анықтап алыңдар да чемоданға суретін салып, атауын жазыңдар. Оқушыларға чемодан суреті беріледі.Оқушылар чемоданға саяхатта керекті заттардың суретін салып, атауларын жазады.Әр топ өз чемоданын таныстырады. /оқушылар топта бірігіп отырып, ақылдасып жұмыс істейді, ортаға шығып өз чемодандарын таныстырады/ (ҚБ)Оқушылардың қажетті заттардың суретін салып, атауларын қатесіз, сауатты жазу қабілеттерін бағалаймын. Сергіту сәті: «Қара жорға» (МК)Мәтінмен жұмыс Мәтіндегі иллюстрацияға қарау. Әр беттегі әңгімені баяндау үшін сөйлемді қалай жазу керектігін демонстрациялайтын «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану. Осы мәтінде саяхат қалай сипатталғанын тексеру үшін әр сөйлемді қайталап, дауыстап оқу. Сөйлемдер өткен шақта жазылып тұрғанына көз жеткізіп және өткен шақ пен осы шақтың айырмашылығын түсіндіру. Мысалы:Оқушылар саяхатқа барды./өткен шақ/ Оқушылар саяхатқа барады./осы шақ/ (Ө) Карточкамен жұмыс Оқушыларға 4-5 сөзден тұратын қима сөйлемдер таратылады. Оқушылар қима сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, сөйлемді аяқтайды.Мәтін құрастырады. Cаяхат Оқушылар ___________ саяхатқа барды. Онда ___________ көп болды . Балалар ___________ , ___________, ___________ көрді. Балаларға саяхат өте ___________ . (ҚБ)Оқушылардың дұрыс сөзді таңдап, сөйлем құрастыра алу қабілеттерін бағалаймын. | Саяхат турлері жазылған карточкалар Чемодан суреті, маркерлер «Қара жорға» сергіту сәтінің аудиожазбасы ҚБ жұмыстары | |
Сабақтың соңы | Рефлексия: Бекіту сұрақтары:
| Сабақтың басында критерийлер жазылған флипчарт пен маркерлер | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың мәтін тақырыбы мен стиліне сай сөздерді таңдай алу және мәтін құрастыра алу қабілеттерін бағалаймын. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қабілетті балалар сөздерді дұрыс таңдап, сөйлемді құрастыра алады. | Денсаулық сақтау технологиялар Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?