Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5 бөлім Саяхат Саяхат туралы әңгіме жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | ||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Саяхат туралы әңгіме жазу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтемеу) | 1.3.7.1* Мұғалімнің қолдауымен сөз/сөйлем/мәтінді тексеру және қателерін түзету | ||
Сабақ мақсаттары | Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді. Саяхат тақырыбына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер жазады, оқиды, талдайды. | ||
Бағалау критерилері
| Мұғалім көмегімен берілген тақырып бойынша қарапайым сөйлемдер жаза алады. | ||
Сөздік қор | Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта,ұшақпен ұшу,пойызбен бару, саяхатшы, саяхат жасау, жол маршруты. | ||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет,еңбек және шығармашылық. | ||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | 5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 мин 3 мин | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.Ұранды музыкамен қосылып айту. /оқушылар хормен әндетіп айтады/ (Ұ) Оқушылармен диалог құру -Балалар, біздің туған жеріміз қалай аталады? -Қазақстан жайлы не білесіңдер? -Ол жайлы бұдан да көп білгілерің келе ме? -Ендеше бүгінгі сабақта біз Қазақстанды аралап, саяхат жасаймыз. -Сабағымыздың тақырыбы: Саяхат туралы жазылым. -Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ | Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары. | |
Сабақ ортасы 3 мин 10 мин 2 мин 10 мин
| (МК) Қазақстан жайлы презентацияны тамашалау Әр сюжетте стопкадр жасап, диалог жүргізу, оқушылардан ол жайлы не білгендерін сұрау. (Ұ)Бірлесіп жазу Саяхат барысындағы жаңа ақпаратты 3-4 сөйлеммен тақтаға оқушылардың көмегімен жазу.Әдейі қателер жіберіп, оқушылардың қателерге назарын аударту. Оқушылар жіберілген қателерді түзете ала ма? (ҚБ)Оқушылардың қателерді түзете алу қабілеттерін бағалаймын. Сергіту сәті: Тонса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт-сарт-сарт, Шапалақты соғамыз. Тонса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз. Топ-топ-топ. Топылдатып билейміз. Тонса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз. Зу-зу-зу, Шанамен зулаймыз (Ж) Карточкамен жұмыс Оқушыларға қима сөздерден тұратын сөйлемдер таратылады.Оқушылар қима сөздерді дұрыс орналастырып, дұрыс сөйлем құрастырады. Жұптар бір-бірінің құрған сөйлемдерін тексереді, 2 сөйлемді дәптерлеріне көшіреді. | Тақырыптық суреттер, чемодан , саяхатқа қажетті заттар. карточкалар | |
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: Бекіту сұрақтары:
| ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру деңгейін бағалаймын. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қабілетті балалар өздері жайлы ақпаратты қатесіз, сауатты толтыра алады. | Есте сақтауға байланысты тапсырмалар арқылы | Денсаулық сақтау технологиялар Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?