Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 4-бөлім Бізді қоршаған әлем Ауа райы туралы сөздер ъ белгісі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н З | ||||||
Сынып: Пән: Қазақ тілі және әдебиеті | Қатысқандар:20 Қатыспағандарсаны: 0 | ||||||
Сабақтақырыбы | Ауа райы туралы өлең жазу. «ъ» белгісі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | Ж 3.2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу Ж 3.13Орфографиялық нормаларды сақтау Ж 3.8 Мәтінді түзету және редакциялау | ||||||
Сабақ мақсаттары | 1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады 1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді | ||||||
Жетістік критерийлері | Қарым -қатынас жасау барысында үйренген жаңа сөздерді тиімді қолдана алады. | ||||||
Сөздік қор | ыстық күн,қара бұлт. | ||||||
Құндылықтардыдарыту | Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралықбайланыстар | Дүниетану пәнімен байланысты. Ауа райы жайлы айтып, суретке қарап ауа райын болжау барысында дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастыра алады. Өтілген әріптерді қатыстырып, сөздер, сөйлемдер жаза алады. | ||||||
Сабақбарысы | |||||||
Сабақтың басы | (Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Аспан түрді түндігін, Жерге сәуле жайылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы күн, қайырлы! Өткен әрптерді қайталау және дыбыстау ОМ анықтау
| Ресурстар | |||||
Сабақтың ортасы | (МК)Жаңа әріп ъ (айыру белгісі)- әріп, дыбысы жоқ. Біздер көреміз, жазамыз, бірақ дыбысталмайды. а). Оның баспа және жазба түрін көрсету. ә). Көрнекіліктер арқылы ъ белгісі бар сөздермен таныстыру. Қызығушылықты ояту. Келіп едім разъезден Досымды іздеп қалаға. Қуана ол қарсы алды, Подъездің алдында. б). Сөздерді оқу ( разъезд, подъезд) в). Сөздерге дыбыстық талдау жасау: подъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - о, е, 4 дауыссыз - п, д, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі. разъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - а, е, 4 дауыссыз - р, з, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі. (Ұ)Оқулықпен жұмыс: а). ъ белгісі бар сөздерді оқу. ә). «Біздің үй» мәтінін оқып беру, оқушыларға оқыту. Біздің үй Біз бес қабатты үйде тұрамыз. Онда төрт подьезд бар. Болат, Сара бірінші подъезде тұрады. Біз екінші подъездеміз. Подъездерді таза ұстаймыз. (Ұ)«Миға шабуыл» сұрақ - жауап алысу. (Ж) «Ой қозғау» Біздің үй қандай? (Ұ)Дәптермен жұмыс: а). Үлгі бойынша ъ белгінің әріп таңбасын жазу (ауада, дәптерге) (Ө)Ауа райы туралы өлең жазу. Жаз Жазды ыстық сүйемін, Сайраңдап жүремін. Суына шомылам, Күніне күйемін. Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағы... | Суреттер, сөздер. | |||||
Сабақтың соңы | Қорыту. - Балалар бүгін біз қай әріппен таныстық? - Қай мәтінді оқып үйрендік? - Неше қабатты үйде тұрамыз? Ойын «Кім жылдам?» Көрсетілген сөздерді кім жылдам оқыса жұлдызша беріледі. Көп жұлдызша жинаған оқушы үйдің төртінші қабатына жылдам шығады.( хабар, аю, кофе, вагон,...) Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Ауа райына байланысты сөйлемдер құрап жазуда қиналған оқушыларға көмек көрсетіп қолдау. Ауа райына байланысты тақпақтар құрап жазу. | Оқушылардың ауа райы туралы сөйлемдер жазғанда естіген ақпаратты сауатты жазуын бақылау арқылы бағалау. Оқушылардың:
. | Сергіту сәтін ұйымдастыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?