Сауат ашу. Й дыбысы мен әрпі
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы Ақтөбе қаласы Пән: сауат ашу. (1 сағат) 4 бөлім: Бізді қоршаған әлем. Тақырып: Мен және табиғат. Й дыбысы және әрпі. | ||||||||||
1 «Г» сынып 2 тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Калжанова Б.А. | |||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. | |||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||
Алдыңғы сабақта | И дыбысының дауысты дыбыс екені мен ү дыбысы кездесетін сөздердің мағынасын түсіну. | |||||||||
Тілдік мақсат | Тай, сайман, үйшік,оймақ, қаймақ. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | |||||||||
Басы 5 минут
Ортасы 25 минут Соңы 5 минут | Ширату жаттығуы. Жұмбақтар шешу. Қарап тұрсаң өзіне, Сурет түсер көзіңе. Ол суретің ұқсайды Дәл қазіргі кезіңе. (Айна) Бір тілім боп туады, Күннен-күнге толады, Дөп-дөңгелек болады. (Ай) Электронды оқулықты пайдалана отырып, И дыбысы мен әрпімен танысу.Тапсырмаларды орындау. 1-тапсырма. Йогурт сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сурет бойынша сөйлем құрастыр. Оқулықпен жұмыс. «Й» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Й» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйрету. 1-тапсырма. Өлеңде берілген сұрақтардың жауабын дереккөздерден алуға мүмкіндік жасау. Өлеңдегі қай сұрақтарға жауап беретіндерін анықтау. Жауап бере алмайтын сұрақтары бойынша дереккөздермен жұмыс ұйымдастыру. «Кітаппен дос бол. Кез келген сұрағыңа жауапты кітаптан таба аласың» деген қорытынды пікірге талдау жасату. 2-тапсырма. Сөздер буындап, тұтастай оқытылып, сөздегі дыбыстың өзгеруіне және буынның қосылуына байланысты жаңа сөз пайда болатындығына назар аудартылады: Ата ай ой май сай Атай сай қой шай сайман, т.б. 3-тапсырма. Кестедегі сөздерден адамның аттарын құрастыру жұмысын ұйымдастыру. Дыбыстарды ажыратқызып, буын санын анықтату. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату. Оқушылар «Ай» сөзіне түрлі қосымшаларды жалғау арқылы адам есімдерін шығарады: Айдос, Айдар, Айжан, Айнұр, т.б. Сөйлемде кездескен й әрпінің орнын анықтау. Дәптермен жұмыс. Оқушылардың Йй әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз. Тапсырмалармен жұмыстану.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?