Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 3 бөлім Менің отбасым және достарым Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

3 бөлім: «Менің отбасым және достарым»

Тақырып: Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

1 сынып 2 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р. М.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Т/А3 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен)

Ж4 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады.

Ж9 Сөздерді, сөз тіркестерін,қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып ұқыпты жазады/тереді.

Ж1 Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

өз отбасы туралы әңгімелеп береді;

Көпшілігі:

отбасы мүшелерін, олардың есімдерін жазады;

Кейбір оқушылар:

тақырып бойынша сөйлемдер жазып, мәтін құрастырады.

Алдыңғы сабақта

Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтап үйренді.

Сөздік қоры

Менің отбасым, отбасы мүшелері, тату-тәтті тұрамыз, мен өз отбасымды жақсы көремін.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут

Негізгі бөлім

30 минут

Қорытынды бөлім

5 минут

Ертеңгілік шеңбер. (Ұ) Оқушылар әуен ырғағымен шеңберге жиналады. Шеңбер бойында отырып «Менің отбасым» тақырыбында біріне бірі сұрақтар қояды.

Мысалы:

- Сенің отбасыңда қанша адам бар?

- Сенің анаңның аты кім?

- Сенің інің неше жаста?

Жазылым. (Қ) Оқушылар отбасы ағашын жасайды. Ағашқа өз отбасы мүшелерін жазады. Мысалы, әкем-Асқар, анам-Самал, інім-Қуат, мен-Жасмин.

Айтылым. (Ұ) Оқушылар шағын топтарда «Отбасы ағашын» қорғайды.

Мысалы, Бұл менің отбасым. Менің отбасымда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, әпкем және мен. Біз тату-тәтті тұрамыз.

(Т) Дифференциация. Оқушылар топқа бөлінеді.

1 топ отбасы мүшелерін фотосуреттер арқылы таныстырады;

2 топ отбасы туралы қысқа сөйлемдермен мәтін құрастырады.

3 топ кеспе әріптерден сөздер құрастырып, жазады.

(ОТ) Слайд арқылы отбасы суреті көрсетіледі. Оқушылар суреттегі отбасы мүшелерін атап шығады;

Отбасында қанша адам бар екенін санайды;

(Ж) Тіл дамыту. Санамақ арқылы тақпақ жаттайды.

Бас бармағым - атам,

Атам - үйдің данасы.

Балаң үйрек-әжем,

Әжем - үйдің анасы.

Ортаңғы терек - әкем,

Әкем - үйдің панасы.

Шылдыр шүмек - анам,

Анам - үйдің ажары.

Кішкене бөбек – мен,

Мен – бәрінің базары.

(Ж) Ойын «Бармақтар отбасы» Ойын алаңына екі оқушы шығады. Саусақтарына өздеріне қажетті отбасы мүшелерінің қолғаптарын киеді. Екеуі өз отбасылары туралы әңгімелейді. Қалған балаларға олардың отбасы мүшелерін салыстыру ұсынылады. Мысалы, Радмирдің отбасында 4 адам бар. Ал Томиристің отбасында 5 адам бар. Кімнің отбасы үлкен? 4 < 5

Оқушылар қима суреттерден отбасы мүшелерін құрастырады. Суретте кім пайда болғанын жазып, сөйлейтін қабырға ұйымдастырады.

Цифрлар, қолғаптар

https://www.youtube.com/watch?v=Ya0Vtfdf0BI

Қосымша ақпарат.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

Оқушыларға қолдау көрсету үшін смайликтер беріледі.

Қабілетті оқушылар А, Ж, В, Р, М, С атты оқушыларға отбасы туралы қысқа сөйлемдермен мәтін құрастырады.

Оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастырушы бағалау жұмысындағы жетістік критерийі арқылы тексеремін.

Сабақ математика пәнімен байланысты, өйткені оқушылар суреттегі отбасы мүшелерін санайды. Ойын кезінде кімнің отбасы үлкен немесе кіші екенін салыстырады.

Өнер пәнімен байланысты, өйткені оқушылар отбасы ағашын жасайды.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жоспарланды.

Слайд арқылы отбасы суреті көрсетіледі.

Оқушылардың бойында отбасына деген құрмет, сыйластық сезімдері қалыптасады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу