Қазақ тілі мен әдебиеті 1 сынып 2 бөлім Менің мектебім Мектеп туралы әңгіме жоспарлау ТАНЫСТЫРЫЛЫМ


Талдықорған қаласындағы физика математика

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

«Мектеп туралы әңгіме жоспарлау»

Қазақ тілі мен әдебиеті 1 сынып

бастауыш сынып мұғалімі

Кудабаева А.К.

Жұмбақтар

Білімнің мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

 

Қызықтырып әуелі

Сені әрбір әріпке.

Суреттері әдемі

Бұл қай кітап? (Әліппе)

 

Менің мектебім

Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын. Біздің мектеп үш қабаттан тұрады. Мектептің ауласы өте кең және таза. Аулада әртүрлі ағаштар мен гүлдер өсіп тұр. Ойын алаңында балалар әртүрлі ойындар ойнайды. Ал мектептің ішінде сынып бөлмелері өте көп. Сондай-ақ кітапхана, асхана, спорт залы, дәрігер бөлмесі бар. Мектепте мұғалімдер білім береді. Тазалықшы апайлар мектептің тазалығын қадағалайды.

Топтық тапсырма

1 топ. Сендер осы мәтінді қалай аяқтар едіңдер?

Адам өміріндегі қызықты сәттердің бірі мектепте өткізген уақыт болып табылады. Мектеп-білім теңізіндегі үлкен кеме. Осы кемеде он екі жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаймыз. Білім алып, таудай болып шығамыз.

Топтық тапсырма

2 топ. Сурет бойынша мәтін құрастыру.

Рефлексия

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Маған ұнады....

Мен қиналдым....

Менің көңіл – күйім.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу