Қазақ тілі және әдебиет 1 сынып 2 – бөлім «Менің мектебім» Бағыт көрсету ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқамерзімді cабақ жоспары

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 – бөлім «Менің мектебім»

Тақырып: Бағыт көрсету. Ққ дыбысы мен әрпі

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан: 1 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бағыт көрсету. Ққ дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою

 Сабақ мақсаттары

Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.

Өз үйлерін сипаттап әңгімелеп береді.

 Жетістік критерилері

Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады.

 Тілдік мақсат

 

Ққ әрпіне байланысты сөздер.Жол қауіпсіздігі, бағдаршам, жаяу жүргінші, бағыт сөздерін қолдана отыры сөйлеу тілдерін дамыту.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Көңілді шеңберге жиналу.  Оқушылар біріне-бірі сұрақтар қояды.

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта

Түрлі, түрлі белгілер бар тұратын.

Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па,

Не істеу керек? - соған қарап ұғасың.

Балалар, бүгін сендер бағыт көрсетуші белгілер туралы түсінік аласыңдар.

Тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақ ортасы

25-30 минут

(М.Т) Жаяу жүретін адамды жаяу жүргінші деп атайды. Ол жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Оған бағдаршам көмектеседі.

(Ж) Оқушылар «Менің бағытым» тақырыбында жұппен әңгімелеседі.

  • Үйден мектепке дейінгі жолды есіңе түсір.
  • Сен қандай көшеде тұрасың?
  • Өз жолыңды сипаттап көр.

(Б) Оқушыларға жолдағы оқушылар туралы суреттер көрсетіледі.

-Оқушының әрекеті туралы не айта аласың?

-Ол қандай ережені бұзды?

-Ол қандай жағдайға ұшырауы мүмкін еді?

Сергіту сәті.

Ойын «Бұл қандай белгілер?»

(Қ.) -Жаяу жүргіншілер өтпесін неліктен «Ақ жолақ» деп атайды?

Оны басқаша қалай атауға болады?

Оқушылар бағыттауыш белгілерді дәптерлеріне жазады.

(М.Т) Оқушылар мектептен үйге дейінгі жол сызбасын жасайды.

Сен білесің бе?

Жол адамдар пайда болғанға дейін бар еді. Жануарла өздеріне қауіпсіз жолды таптап жасаған және сонымен жүрген.

Оқушылар пазлдармен бағыттауыш жол белгілерін құрастырады.

      

Жұмбақ

Қалқиған екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

                         (Қоян)

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады    (Қонжық)

Аузы бейне шалғы,орақ,

Шөп емес,бірақ мал орады.

                          (Қасқыр)

Бұл аңдар да оянып,ашуға булығып,ызалана бастайды.Аңдардың барлығын ашуландырып алған тоқылдақ,енді олармен достасудың амалын іздейді.

Балалар ол бізден көмек сұрайды.Бізге тоқылдақ бірнеше тапсырма береді.

Сол тапсырмаларды орындасақ,тоқылдақ аңдармен қайта достасады екен.

-Қасқыр,қоян,қонжық деген сөздерде бірінші қай дыбыс естіліп тұр.

-Қ дыбысы

-Кәне, бәріміз Қ деп айтып көрейікші

- Қ Қ Қ қалай айтылып тұр?

-Қысқа кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр...

-Қ дыбысы дауыссыз дыбыс.

Қоян,қонжық,қасқыр сөздерің буынға бөлейік

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

Сабақта.

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Маған ұнады....

Мен қиналдым....

Менің көңіл – күйім.....

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу