Қазақ тілі мен әдебиет_1 сынып_ 1 бөлім Өзім туралы_ Уу дыбысы мен әрпі _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 А бөлім Өзім туралы. Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі. | Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қаласы | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А | |||||||
Сынып: 1А | Қатысқандар:21 | Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақ тақырыбы | Өз уйімді сипаттаймын. «Уу» дыбысы мен әрпі. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу | |||||||
Сабақ мақсаттары | 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту Берілген тапсырманы өз беттерімен орындай алады. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор | Пәнге тән лексика мен терминология: Көңілсіз, көңілді, қуанышты. Мен мектепке келдім. Мен өте қуаныштымын. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Әркімнің өз үйінің адам үшін маңыздылығына тоқталу. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе ,дүниетану сабақтарымен байланыс орнайды. | |||||||
ИКТ | Сергіту сәті , презентация | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әріптерді жазу. Сөз құрау. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 минут Сабақ ортасы
30 минут | Ертеңгілік шеңбері Ең бірінші балалар мен мұғалім бір – бірімен амандасады. (ҚБ)Тағы қандай сәлемдесу түрлерін білеміз? - Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы түн! (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. Сөз/сөйлем сызбасын оқу. 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту. Балалардың көңіл – күйін сұрау. Көңілсіз, көңілді, қуанышты.
(Т) А, Н, П, Т, Ғ дыбыстарынан басталатын сөздер айту. Оқушылар: *сөз ішінен қажетті әріпті табады;(Дауысты дыбыс әріптерін тауып , қоршау) Ата, апта ,тана,парта,таға т.б *сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. Оқушыларға сөз, сөйлем, мәтін түрлерін ажыратқызу. 1-тапсырма. Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз. -Айдалада ақ отау ,аузы мұрны жоқ отау.(жұмыртқа) - Бір ұяда жүз бөлме . (омарта) *Жұмбақтың ішінде қандай сөздер? Түсіндіріңіз. Ұя,бөлме ,отау, баспана ,үй , мекен деген сөздер нені білдіреді? Осы сөздетді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемдерді сызбамен белгілеу. . –
2-тапсырма. Диалогті мұқият тыңдаңыз. •Жұпта орындаңыз. Тыңдалған диалогке сүйене отырып, өз үйіңізді сипаттаңыз анықтаңыз: -Сен қайда тұрасың? -Сенің үйің қандай?(өз үйлерін сипаттайды) Ламинатталған қағазға өз үйлерінің суретін салу, сипаттау. СЕРГІТУ СӘТІ. Қарлығаш болып ұшамыз Лақ болып қашамыз Аю болып қорбаңдап Орнымызды табамыз
Өлең құрау. «Менің үйім» (Ұ) Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. (Ж,Қ) Оқушылар жұптасып, өзара сұрақ қояды, оларға жауап береді. -Балалар отау деген баспана түрі ,сөз аяғында қандай дыбыс естіліп тұр? -Дұрыс, «Уу» дыбысы ол сиқырлы . -Қане, қандай ерекшелігі бар екенін білейік. Мысал келтірейік: Уық, уақыт, тау,су. Буынға бөлгізіп «Уу»дыбысының бірде дауысты ,бірде дауыссыз екенін айту Жазба жұмысы (слайд арқылы «Уу» дыбысымен таныстыру , жазбаша түрін қөрсету) Ауада жазу ,дәптерге жазғызу. Әріптік диктант Аа, Нн, Пп, Тт,Уу Буын диктанты Ана, апа, ата, ат, нан, ауа, ау, ту. |
Ламинаттал ған парақтар, маркерлер; Жіп, кір қысқыштар, | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | (ҚБ) Рефлексия.
| |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға «ойлан тапсырмасы ұсынылады Қабілетті оқушыларға 1санына байланысты сурет салуды тапсырамын. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Топтық жұмыс барысында бақылау, берілген сұрақтарға жауап беру, есептеулерде ауызша,смайликтер, жұлдызшалар арқылы бағалаймын. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз Дүниетану пәнімен байланысты презентацияда берілген тапсырмалармен байланыстырдым. Оқушыларды достыққа,бірлікке тәрбиелеуді топен, жұппен жұмыс барысында қарастырдым |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?