PISA. Оку сауаттылығы 5-9 сынып
«Оқу сауаттылығы»
(5-9- сынып оқушыларын дайындауға арналған факультатив курсының бағдарламасы)
Ескермесқызы Айзат
2021 жыл
МАЗМҰНЫ
Түсінік хат
Жаңартылған оқу бағдарламасы қазақ тілін функционалдық- коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) негізделген. Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады. Бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді. Оқу сaуaттылығы – оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс- тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі. Оқу іс- әрекетін орындaу реті:
- Мәтінді оқу, aқпaрaтты қaбылдaу;
- Aқпaрaттaн түйінді ойды жинaқтaу;
- Мәтін ішінен іс-әрекетті белгілеу; Мaзмұнын бaғaлaу.
PISA зерттеулерінде оқу сaуaттылығы мәтіннен қaжет aқпaрaтты тaбумен бaғaлaнaды:
- мәтіннен қaжет болaтын мейлінше көп aқпaрaт тaбу;
- мәтіннен ең қaжетті aқпaрaтты тaбу;
- мәтіндегі aқпaрaттaрды жіктеу;
- бұрыннaн тaныс және жaңa aқпaрaттaрғa жіктеу;
- терең мaзмұнды aқпaрaтты тaбу;
- күрделі мәтінді қорытындылaу;
- мәтіннен ой түю.
Курстың мақсаты - оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.
Курстың міндеттері:
- мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту,
- шығармашылықтұрғыдаойлау,шешімқабылдайалуға даярлау;
- тілдікжағдаяттардақарым-қатынасқатүсеалу даярлығын білдіретін
- құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
- анатілінжетікбілетін,ұлттықмәдениқұндылықтарды бағалай
алатын тұлға даярлау.
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік Экономикалық Форум «Білімге жаңа көзқарас» Халықаралық есебінде ХХІ ғасырдың табысты адамының 16 түрлі білімі мен дағдысын айқындады. Мұнда үш негізгі блок анықталды:
«Базалық дағдылар» (қаржылық, мәдени және азаматтық сауаттылық, АКТ дағдылары),
«Құзыреттер» (креативтік, байланысқа бейімділік, мәселелерді шешу),
«Мінез-құлық түрлері» (топта жұмыс істеу дағдысы, лидерлік қасиеті, ынталылығы). 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын PISA халықаралық зерттеуі аталған құзыреттіліктерді кешенді бағалауды қарастырады.
Зерттеу мәртебесі - әрбір кезеңдегі қатысушы елдер санының артуымен дәлелденеді. Біздің ел PISA зерттеуінің үш цикіліне (2009, 2012 және 2015 жылдар) қатысудан тәжірибесі бар. Алынған нәтижелер бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оқытудың жаңа технологияларын енгізуге ықпал жасады. Нәтижесінде педагогтер қауымы мектеп оқышуларының функционалдық сауаттылығы деңгейлерін өлшейтін бірегей құралдарға қол жеткізді.
Қазіргі таңда PISA жобасы әртүрлі опциларды, оның ішінде«қаржы сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу»,
«жаһандық құзыреттілік» бағыттарын ұсынуда. Қазақстан PISA- 2018 алғаш рет математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығымен қатар жаңа«жаһандық құзыреттілік» бағытына қатысуды жоспарлауда. Сонымен қатар тестілеудің компьютерлік форматына өтеді.
Мұғалімдер мен білім алушыларды PISA халықаралық жобасының жаңартылған концепциясымен таныстыру мақсатында«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, айтарлықтай ақпараттық материалдарды өңдеуден өткізді. Әлемдік білім беру жүйесінің сапасын зерттейтін жетекші жобаның бірегей әдістемесін түсіну қазақстандық білім беру саласының жаңа деңгейде дамуына мүмкіндіктер береді.
- PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ.
PISA (Programme for International Student Assessment) 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейін бағалайды. Нақты осы жастағы оқушыларды іріктеудің себебі, әлемнің көптеген елдерінде бұл жастағы балалардың мектепте міндетті білім алуыаяқталатындығымен түсіндіріледі. Жастар осы жаста өздерінің мамандықтарын таңдау мен болашақ білім алу траекториясын анықтай алады.
PISA жобасының басымдылығы қатысушы елдер санының артуымен (PISA-2000 – 32 ел) расталады. Ал PISA-2018 жобасына қатысуға әлемнің 80-нен астам елі өтініш білдірген.
Жоба үйлестірушісі Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) болып табылады. PISA зерттеуі Консорциум арқылы алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми ұйымдардың қатысуымен іске асырылады. Олар: АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing Service, ETS), WESTAT Америкалық ұйымы, Pearson Education Британдық білім баспасы және бағалау қызметі, cApStAn Linguistic Quality Control Белгиялық лингвистикалық орталығы.
Оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалайтын негізгі бағыттары болып қала береді. Сонымен қатар, PISA зерттеуінің әр кезеңінде үш облыстың біріне басымдылық беріледі. «Оқу сауаттылығы» 2018 жылы білім жетістіктерін бағалаудың басты бағыты болып табылады.
- PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
PISA сұрақтарының рамкасы білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалаудың ең жаңа технологияларын есепке ала отырып дайындалған. СВА форматы PISA тест тапсырмаларының ауқымды спектрін ұсынады. Бұл анимациядан мен мультипликациядан тұрады және сұрақтар визуалды түрде берілген.
Алғаш рет PISA-2012 зерттеуінде компютерлік форматта жаңа интерактивтік тапсырмалар қолданылды. Мұндай тапсырмалар білім алушылрадың компьютерлік жүйемен тікелей жұмыс жүргізуін талап етеді. Зерттеуге қатысушылардың функционалды сауаттылық деңгейі таблица, диаграмма, график,
сурет және сызбалар түрінде берілген тапсырмалармен анықталады.
Тест тапсырмалары жауаптың үш түрін қарастарады: еркін құрастырылған (толық және негізделген жазбаша жауап), жабық құрастырылған жауап (оқиғаны ретімен орналастыру, қажетті сөзді немесе цифрды жазу) және берілген жауап нұсқасынан таңдау жасау ((a, b, c, d) жауап нұсқаларының бірін таңдау).
Тапсырма жауаптары оқушылардан бірнеше таблица мен графиктерде берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу қабілеттерін талап етеді. Тапсырма мазмұнында артық ақпараттардың берілуімен де сұрақтар күрделене түседі. Сонымен, 15 жастағы оқушылардың ұсынылған проблема мен ситуацияға талдау жасауы үшін қажетті ақпаратты таба білу біліктілігі бағаланады.
Халықаралық бағалау 15 жастағы білім алушылардың құзыреттілігін алты деңгей бойынша бағалауды қарастырады. Халықаралық бағалаудың «Ең жоғарғы» (5 және 6 деңгей) бағасын ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуі, мәтінді ұғыну мен интерпретациялау, қорытындыны дәлелдеп, өзінің болжамдарын ұсына алатын, дағдыларын көрсете білетін оқушылар иелене алады.
3 - 4 деңгейге жаңа ақпаратты табу үшін білімі мен шеберліктерін қолдана алатын қабілеттері сәйкес келеді. 2 - деңгейде қарапайым күнделікті өмірде өз білімі мен дағдысын қолдана білу ептілігі бағаланады. Оқушылардың қарапайым базалық білімін көрсете білуі«Ең төменгі» 1-ші және 1-ден төмен деңгейге сәйкес.
- Оқу сауаттылығы
Оқу сауаттылығы – адамның ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. Оқушының бұл басты төрт оқырмандық құзыреттілігі оның коммуникативтік дағдыларын анықтайды. PISA тесттері оқу сауаттылығын бағалаудың екі негізгі параметрін қарасырады.
Бірінші. Мәтін (көркем әдебиет, ғылыми мәтіндер, кестелер, графиктер, диаграммалар мен ақпараттық материалдар). Олар форматтары бойынша ерекшеленді, мысалы, тұтас, дискретті, аралас және құрама мәтіндер болып бөлінеді. Тұтас мәтінде
ақпаратты табу әрекеттері қаріп түрі мен өлшемдері тәрізді ерекшеліктермен оңайлатылған. Дискретті мәтіндер оқу дағдыларының кейбір әрекеттерін талап етеді. Олардың мазмұнында диаграмма, кесте, график және хабарландыру түріндегі материалдарды қамтиды. Аралас – тұтас және дискретті мәтіндердің түрлерін біріктіреді. Журналдар мен веб-беттердегі материалдардың көпшілігі аралас мәтін түрлеріне жатады. Құрама мәтін - әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз және бірнеше мәтіннен құрастырылған, негізгі ойы аяқталған мазмұндағы форматта беріледі.
Екінші. Ахуалдар (жеке, қоғамдық, оқу мақсаты және іскерлік). Жеке өмірлік ахуалдарға берілген мәтіндер мазмұны хат, беллетристика, өмірбаян және ақпараттық хаттар түрін құрайды. Электрондық форматтағы мәтіндер хабарлама, күнделікті жаңалық блоктарын қамтиды. Қоғамдық мақсаттар үшін оқу - ресми құжаттар, газет жаңалықтары, Интернеттегі форумдар жатады. Оқу ахуалы мәтіндеріне классикалық мысал ретінде оқулықтар және электронды интерактивтік оқу бағдарламалары кіреді. Іскерлік ахуалдар мәтіні – газеттің немесе Интернеттің сәйкес беттерінен қажетті ақпаратты іздеуі, хабарландыруды, нұсқаулықтарды және т.б. қарауы болып табылады.
Тестілеуге қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы мәтін контекстінен бөліп алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу қабілеттерін көрсете білуі қажет.
PISA тапсырмаларының ерекшелігі - ол шындыққа жақындатылып құрастырылуы болып табылады. Әрбір жағдаят- өмірден алынған мысал. Тест тапсырмаларының құрылымы оқушылардың оқу ептіліктері мен оларға сәйкес әрекеттерін анықтауға негізделген.
PISA-2018 кезеңіндегі тест тапсырмаларының шеңбері білім алушылардың оқу сауаттылығы жетістіктерін бағалаудың келесі түрлерін қарастырады. Олар: мәтінге көз жүгірте қарап негізгі ойды анықтау; мазмұнын түсінуі; қажетті мәліметтерді табу және таңдай білуі; синтез және талдау дағдысы; мәселені шешу және айқындауы; ақпараттың нақтылығын анықтау мен сапасын бағалай білуі.
Қорытындылай келе, тестілеуге қатысушы өзінің әртүрлі форматта берілген мәтіндермен жұмыс істей алу ептілігін, ақпаратты біріктіру мен ұғына білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін көрсете білуі қажет.
- Мәтін және мәтін типтері
«Мәтін» сөзі шынайы тіл қолданылған баспа түрде немесе бейнелік мәтіндерді білдіреді. Мұндай мәтіндер диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелерді қамтуы мүмкін. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесе береді. Мәтіннің (формасы) нысаны 4 – ке бөлінеді.
- Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)
- Жадағай (тұтас емес) мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)
- Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық веб – парақтар).
- Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).
PISA оқу сауаттылығы бойынша оқушыларға ұсынылатын тест сұрақтары әртүрлі мәтін түрлерінің негізінде ұсынылады.
- Көркем әдебиеттен алынған үзінділерден тұратын тұтас мәтіндер, құрылымы мәтіннің ірі бірліктерін құрайды. Мағыналық абзацтар белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған және мәтіннің логикалық құрылымын тез қабылдау үшін тақырыптар мен тақырыпшалардан тұрады.
Тұтас мәтіннің мысалы
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:
- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.
- Тұтас емес мәтіндер басқа оқу дағдыларын талап етеді, себебі мәтіннің ақпараттық бірліктерінен, яғни кесте, графика, диаграммалардан тұрады.
Тұтас емес мәтіннің мысалы (1-сурет)
1-сурет
- Аралас мәтіндердің бір ерекшелігі – мәтіннің ойын өзара толықтырып тұратын вербалды және вербалды емес элементтерден тұрады. Бүгінгі таңда көптеген ақпараттық мәтін таныстырылымдық форматта болады, мысалы, веб парақшалар, журналдар және т.б.
Аралас мәтіннің мысалы (2-сурет)
2-сурет
- Құрамдас мәтіндер мазмұны жағынан ғана емес, форматы жағынан да әртүрлі бірнеше мәтінді бір тақырып аясында біріктіреді. Сондықтан олар мағыналық тұрғыдан өзара байланысты және аяқталған болып есептеледі. Оның мұндай қыры мәтіннің болжамды мақсатын көрсетеді.
Құрамдас мәтіннің мысалы (3-сурет)
3-сурет
PISA-2012 тестінде жоғарыда аталған форматтар бойынша тест сұрақтарының бөлінісі келесідей: тұтас мәтіндер 39%, тұтас емес мәтіндер 30%, аралас мәтіндер 23%, құрамдас мәтіндер 8%.
Электрондық мәтіндер
PISA-2018 халықаралық зерттеуінде қазақстандық оқушылар алғаш рет компьютерлік форматта тест тапсырды. ХХІ ғасырдағы сауаттылық деңгейіне қойылып отырған жаңа талаптар оқырманға қатысты әлеуметтік-экономикалық сенім артып отыр.
- Электрондық технологиялармен жұмыс жасаудағы әмбебап дағдылар.
- Ақпараттық сауаттылық – ақпаратты өз бетімен табу, талдау, сын тұрғысынан ойлану.
- Әлеуметтік медиадағы ақпараттар туралы сын тұрғысынан ойлану.
- Бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды жалпылай алу және өз сөзімен түсіндіре алу.
- Интернеттегіэтикетнормаларыменжелілікқауіпсіздік негіздерін түсіну.
PISAэлектрондымәтіндікматериалдарысызықтықнемесе сызықтық емес мәтіндер түрінде ұсынылуы мүмкін. (4-сурет)
- сурет. Мәтіндік материалдардың ұйымдастырылуы
Көптеген электронды мәтін гипермәтін үлгісінде беріледі. Сызықтық емес мәтіндерді осылай да атайды, себебі мәтіндер арасында байланысты орнату үшін бір бөлімнен басқа бір бөлімге ауысуға болады, яғни оқу ретін оқырман таңдай алады. Мәтін материалын осындай үлгіде ұйымдастыру кезінде оның бірліктерінің арасындағы ықтимал өзара байланыс бір жүйе ретінде көрсетіледі. Осы байланыстарды басшылыққа ала отырып, сызықтық жүйе жасауға, яғни мәтінді кез келген ретпен оқуға болады. «Сызықтық емес мәтіндер» бірнеше кері шегінісі бар,
шашыраңқы байланыстар мен комментарийлерден тұрады. Мысалы, сілтемелерден тұратын сөздік. Гипермәтінге тән сілтемелер, бір жүйеде баяндаудың жоқтығы ойнақы әсер қалдыру үшін қазіргі таңда постмодернистік әдебиеттерде қолданылады.
Оқырман өзінің ойына сай құрылымдай отырып (яғни гиперсілтемелер мен түйінді сөздер бойынша), өзінің мәтінін құрастырады. Оқу ретін оқырман өзі таңдайды. Сызықтық емес құрылым гиперсілтемелер бойынша ақпаратты тез іздеп-табуға көмектеседі. Мұндай іздеу жолын метаіздеу деп атайды. Сондықтан электронды анықтамалық басылымдармен жұмыс істеу баспа нұсқалардан қарағанда тиімдірек болып саналады, яғни көлемінің ықшамдылығы, жылдамдық, салыстыру үшін бірнеше қосымша басылымды қарау мүмкіндігі бар.
Жиі кездесетін гипермәтіннің үлгісі – бірнеше тармақтан тұратын құрылымдағы гипермәтін. Ол бірнеше мәтіннің басын біріктіріп, бірнеше оқу нұсқасына жағдай жасайды (мысалы, Википедияны оқып отырғанда бір сілтемеден бір сілтемеге ауысу; не болмаса рет-ретімен оқып шығу, мұндайда сілтемелерді не басынан, не аяғынан бастау талабы жоқ және с.с.). Төменде Википедиядан алынған «өнер» ұғымымен танысуға болады. Бір ұғымның аясында бірнеше сілтеменің көрсетілгеніне назар аударыңыз. (5- сурет)
- сурет. Гипермәтін үлгісі
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАНУЫ АПТАСЫНА – 1 САҒАТ, БАРЛЫҒЫ – 34 САҒАТ
№ | Мазмұны | Сағат саны |
1 | Кіріспе. | 1 |
2 | PISA халықаралық зерттеуі. | 1 |
3 | PISA тест тапсырмаларының құрылымы. | 1 |
4 | Оқу сауаттылығы. | 1 |
5 | Мәтін және мәтін типтері. | 1 |
6 | Оқу сауаттылығы бойынша үлгілік тапсырмалар. 1-мәтін. Бақыт. | 1 |
7 | 2-мәтін. Табиғатты сақтау – болашақты сақтау. | 1 |
8 | 3-мәтін. Болашақ – ғаламтор-журналистикада. | 1 |
9 | 4-мәтін. Болашақтың мамандықтары. | 1 |
10 | 5-мәтін. Роботтар әлемі. | 1 |
11 | 6-мәтін. Ғаламтор ғаламаты. | 1 |
12 | 7-мәтін. Цифрлық инфрақұрылым. | 1 |
13 | 8-мәтін. Жастар жадына ғаламтор жау. | 1 |
14 | 9-мәтін. Жадынама. | 1 |
15 | 10-мәтін. Үнпарақ. | 1 |
16 | 11-мәтін. Тағылым отбасынан басталады. | 1 |
17 | 12-мәтін. Достық уақытпен сынала ма? | 1 |
18 | 13-мәтін. Жарнама. | 1 |
19 | 14-мәтін. Қазақтардың ежелгі баспанасы – киіз үй. | 1 |
20 | 15-мәтін.Кітапхана. | 1 |
21 | 16-мәтін. Тамақтың құндылығы. | 1 |
22 | 17-мәтін. Екі дос. | 1 |
23 | 18-мәтін. Қасиетті Түркістан қаласы. | 1 |
24 | 19-мәтін. Тұмау. | 1 |
25 | 20-мәтін. Хельга Хилтунен. | 1 |
26 | 21-мәтін. Қымызмұрындық. | 1 |
27 | 22-мәтін.Жүргіншілер. | 1 |
28 | 23-мәтін.Морелэнд. | 1 |
29 | 24-мәтін. Ит жетектеген әйел. | 1 |
30 | 25-мәтін. Аралар. | 1 |
31 | 26-мәтін. Чад көлі. | 1 |
32 | 27-мәтін. Маконда. | 1 |
33 | 28-мәтін. Күн. | 1 |
34 | Қорытынды сабақ. | 1 |
1 – МӘТІН. БАҚЫТ
Ерте, ерте, ертеде жайқалған үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала үнемі сол алма ағашының көлеңкесінде ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ер жетіп, ағаштың көлеңкесінде көп ойнамайтын болды. Бір күні бозбала көңіл күйі болмай, алма ағашына келеді.
- Менімен ойнашы, – деп өтінеді ағаш.
- Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін. Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ, – деп жауап береді жігіт.
- Қап, менде де ақша жоқ... Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, табыс таба аласың.
Бозбала қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, тағы да ұзақ уақытқа жоқ боп кетеді. Бірер жылдан соң ғана қайтып келеді. Кешегі бозбала ендігі азамат болды. Ағаш оны көріп қатты қуанады.
- Менімен ойнашы! – деп өтінеді ағаш.
- Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, балашағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба? – Кешір... Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады...
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам тағы да ұзақ уақытқа көрінбей кетеді. Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың жанына келеді.
Ағаш:
- Досым,кешір. Саған беретін еш нәрсем қалмады. Алма да жоқ...
- Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім де қалмады, – дейді
адам. Ағаш:
дейді.
- Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ, –
- Ойын үшін тым кәрімін, – дейді адам.
- Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені
қаттымұңайтады.Барқалғаны–кәрі,қурапбаражатқан тамырларым ғана, деді ағаш мұңайып.
- Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса, болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты, – деді адам.
- Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой, – дейді кәрі ағаш. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп, тағы бір қуанды.
- тапсырма. БАҚЫТ
Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды анықтаңыз. А) Адамның сұлулығы – шыншылдығында.
В) Ары таза жігіттің ары таза. С) Уақыт – көшкен керуен.
Д) Бақыт белгісі – білім.
Е) Кең болсаң – кем болмайсың.
- тапсырма. БАҚЫТ
Ағаштың отбасылы жігітке берген көмегін белгілеңіз. А) Арманын тыңдады
В) Алмасын берді
С) Гүлдерін сыйлады Д) Тыныштық сыйлады
E) Бұтақтарын кесіп берді
- тапсырма. БАҚЫТ
Адамның ағашты риясыз жақсы көретіні қай өмір кезеңінде суреттеледі?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 1
E) 3,4
- тапсырма. БАҚЫТ
Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқаны табыңыз. А) Ағашты үнемі күтіп-баптады.
В) Ағаштың жемісін сатты.
С) Ағаштың жемісін жинап алды.
Д) Бала кезінде ағаштың нәрлі жемісін жейтін.
E) Ағаштың бұтақтарын кесіп алды.
- тапсырма. БАҚЫТ
Мәтін соңында ағаштың мұңаю себебін түсіндіріңіз.
- тапсырма. БАҚЫТ
Мәтіннің «Бақыт» аталу себебін түсіндіріңіз.
2-МӘТІН. ТАБИҒАТТЫ САҚТАУ – БОЛАШАҚТЫ САҚТАУ.
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз баршылық. Алайда, бұл мәселеде дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда. Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде мекендейтін аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитеті 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың еш қиянаты жоқ,»
- деп қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат жазып, өре түрегелуде.
Эколог Сәдібек Түгелдің мәліметінше,заңсыз аң аулаушылар
«Қызыл кітапқа» енген аң-құсты аулау кезінде олардың арнайы кітапқа енгенін, ерекше қорғауда екенін біле тұра, табиғатқа залал келтіруге тырысады.
Экологтің пікірінше, біз «Қызыл кітапқа» енген жан- жануарларға, құстар мен өсімдіктерге жеткілікті дәрежеде қамқор болып отырғанымыз жоқ. Броконьерлер оларды қалауынша атып, жасырып сатып, бас пайдасына жаратып жатыр. Жалпы, елімізде табиғатқа жанашырлық өте төмен деңгейде. Табиғаттың қай байлығы болмасын, аяусыз тоналып жатыр. Негізі, «түлкінің құйрығы өзінің соры» дегендей, «Қызыл кітапқа» енген қайбір аң
болмасын, өзінің бір артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен деуге болады. Мәселен, киіктің немесе бұғының мүйізі қымбат бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер шетелге өткізуге әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез арада табиғатты қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе,
«Қызыл кітапқа» енген аң-құсты жойғаны үшін залалының орнын бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза қарастырмасақ, «Қызыл кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін. (251 сөз)
- тапсырма. «Қызыл кітап» қорғаған аң - құстарды біз қорғай алмаймыз ба? Сенің пікірің...
- тапсырма. Мәтіннің стилін анықтаңыз. А) публицистикалық стиль
В) көркем әдебиет стилі С) ресми іс-қағаздар стилі Д) ғылыми-көпшілік стиль
- тапсырма. Жоғарыда берілген мәтінге тән стильдік, тілдік ерекшеліктерді белгілеңіз.
А) ресми сөздер, даяр тіркестер қолданылған
В) образды, эмоционалды, экспрессивті сөздер қолданылған С) көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары қолданылған Д) ғылыми терминдер қолданылған
Е) деректер дәлелді, зерттелген
Ж) стильдік қайталау, антитеза қолданылады
- тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздер қандай принципке негізделіп жазылған?
А/ морфологиялық принцип В/ фонетикалық принцип
С/ морфологиялық-фонематикалық принцип Д/ тарихи-дәстүрлік принцип
- тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз.
_____
__
- тапсырма. Мәтіннен өзіңіз таңдаған екі терминдік атауға түсініктеме беріңіз
_____
____
3- МӘТІН. БОЛАШАҚ – ҒАЛАМТОР-ЖУРНАЛИСТИКАДА
Ғаламдық желіні өз мақсаттарына тиімді пайдалана білгеннің асығы түгел екенін уақыт дәлелдеп отыр. Ғаламтор желілері - бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жаңа түрі. Баспасөз қызметі тұрғысынан алғанда, WEB-сайттардың былайша жіктелуі тақырыптық бағыты жағынан тиімді болып табылады: жаңалық тарататын WEB-сайттар (мысалы,http://www.24.kz.); сараптама, талдау жасайтын WEB-сайттар
(мысалы,http://www.abai.kz/.); басқа да әлеуметтік желілердің қоры (http:// baq.kz,). Басқа БАҚ құралдарына қарағанда қажетті ақпаратты орналастыру, ақпарат алу жылдамдығы, оңтайлы пайдалану жағынан ең арзанға түсетіні- осы ғаламтор. Әрине, көптеген салалық веб-қорларға материал орналастыру тегін болуы да мүмкін, бірақ ғаламтордың аудиториясы анағұрлым ауқымды. Ғаламтор баспасөз қызметінің жеке пайдалануына да ыңғайлы болып табылады.
Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі баспасөз қызметі өз ақпараттарын баспасөзден гөрі жылдам тарайтын ғаламтор желілеріне орналастырғанды жөн санайды. Баспасөз қызметі, ең алдымен, өз жұмысында халықтың қай тобының өздеріне мақсатты аудитория бола алатынын ұғынып алуы қажет. Мақсаты мен міндетіне қарай аудитория да ауысып отыруы мүмкін. Себебі баспасөз қызметінің баспасөз-релиздері (терілген материалдар, кестелер, бағдарламалар, мәліметтер) бір сағаттың ішінде әртүрлі мақсаттағы аудиторияға бағытталады.
Болашақ – ғаламтор-журналистикада, онда еркіндік көп және бақылау да азырақ. 2020 жылы жер бетінде ғаламдық желіге жалғанған қондырғылардың жалпы саны 26 миллиардқа, ал смартфон қолданушыларының саны 6,1 миллиардқа жетеді. Нәтижесінде, мобильді интернеттің даму қарқыны қазіргіден бетер күшейіп, оның ғаламшарды қамту көрсеткіші 90 пайызды көрсетпек. Бұл сандық деректер қазірдің өзінде біраз қауқарын жоғалтып үлгерген баспасөздің ертеңін күмәнді ете түсті.(210сөз)
- тапсырма. «БАҚ-тың бүгіні мен болашағы қандай?»
- тапсырма. Мәтінде берілген мәліметтер бойынша шындық және жалған ақпараттарды ажыратыңыздар.
Ақпарат | Шындық | Жалған |
Ғаламтор желілері - бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жаңа түрі. | ||
Қазіргі баспасөз қызметі өз ақпараттарын баспасөзденгөріжылдамтарайтын ғаламторжелілерінеорналастырғанды теріс санайды. | ||
2020 жылы жер бетінде ғаламдық желіге жалғанған қондырғылардың жалпы саны 26миллиардқа,алсмартфон қолданушыларының саны 6,1 миллиардқа жетеді. | ||
Мобильді интернеттің даму қарқыны қазіргіден бетер күшейіп, оның ғаламшарды қамту көрсеткіші 100 пайызды көрсетпек. |
- тапсырма.Ғаламтордыңқайсайтыпайдалыекенін дәлелдеп жазыңыз.
- МӘТІН. БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫ.
Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Fast Future британдық агенттіктің футурологтары (әлеуметтік процестердің келешегін қамтитын білімдер саласын зерттеушілер) 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады.
Сонымен, айналдырған он шақты жылдан кейін мынандай маман иелері қажет болады:
Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман.
Ғарыш туризм мамандары – ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.
Климат өзгерісі бойынша маманболашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады.
Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады. Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады. Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады.
Қозғалыс көліктеріне балама ойлап табатын кісілер де қоғамға өте қажет болады.
Жеке журналист біреудің жеке БАҚ-ында жұмыс жасайды, олардың саны күрт көбейеді. Уақыт биржасындағы брокер мамандығы қазіргі ақша брокеріндей танымал болады. Қоғамдық желідегі қоғамдық қызметкер. Бұл кісі қоғамдық желілер
арқылыжағдайытөмен,жаманәдеттергешалдыққан қолданушыларға көмекке келеді.
Жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі біреутуралыбасқаларарасындажақсыойқалыптастыруға тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда ғана болса, болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады. (227сөз)
- тапсырма.«Мамандықтыдұрыстаңдаудыңмаңызы қандай?»
- тапсырма. «Мамандығым - болашағым» соңғы жылдары кейбір мамандықтарға сұраныс азайып, жаңа мамандықтар пайда болуда, неге?
- тапсырма. Он шақты жылдан кейін қандай маман иелері қажет екенін мәтінге сүйеніп дәлелде.
- МӘТІН. РОБОТТАР ӘЛЕМІ
Робот - тірі ағзаға ұқсатып жасалған автоматты құрылғы. Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф Чапек 1920 жылы енгізген. «Робот» чехтің «робота» немесе
«робот» сөзінен шыққан «еріксіз еңбек ету» деген мағынаны береді. Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен қимылын ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды. Интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот
техниканың дамуы барысында адамдарды қиын жерлердегі (су астындағы, ғарыштағы) қызметтерден босатады. Робот бір сарынды ауыр, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлер де жүре алады. Олар үнемі дамып келеді.
Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар - өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін және технологиялық құралдардыңқызметтерінорындайтынавтоматтықмашина. Әлеуметтік роботтар адамдармен байланыс орнататып, сөйлеседі. Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар. Олар әртүрлі орталарда әртүрлі жолмен қолданылады. Қолдану мақсаты мен сыртқыкелбетіәртүрліболғанымен,құрылымынакелгенде баршасында 3 бірдей жерлері бар. Бірінші, әр робот механикалық құрылғы,рамадантұрады.Солраманыңтүріқолданылатын мақсатынақарайөзгереді.Роботтыңформасыатқаратын функциясыментікелейбайланысты.Екінші,әрроботэлектр бөлшектердентұрады.Осыбөлшектерроботжүйелерін толығымен бақылайды. Үшінші, барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот қалай қызмет ету керектігі көрсетіледі. Бағдарламаның ішіне код жазған адам робот шешімін қалай және қашан қабылдап, әрекет ететінін жазады. Негізгі үш түрлі алгоритмдер бар: қашықтан басқару,
жасанды интеллект және гибрид.
Ғылыми фантастика жазушысы- Айзек Азимов әлеуметтік роботтарға арналған, құрамына төмендегідей шарттар кіретін нақты заңдарды ұсынды.
- Робот адамға зиян келтірмеуі керек және адамға зақымның келуіне жол бермеуі керек.
- Робот адамның бірінші заңға қайшы келмейтін барлық бұйрықтарына бағынуы тиіс.
- Робот бірінші және екінші заңдарға қайшы болмайтындай етіп өзін қорғауға міндетті. Міне, қазіргі дамыған роботтарды да осы заңдарға сүйеніп жасайды. (300 сөз)
- тапсырма. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Жұмыстары-
Өсуі-
Әрдайым-
Аз-
Қажететеді-
- тапсырма.Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:Робот—тіріағзағаұқсатыпжасалғанавтоматты құрылғы.
Жауабы: Тірі ағзаға ұқсайтын автоматты құрылғы - робот.
А)Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф Чапек 1920 жылы енгізген. Чех жазушылары ....
Ә) Алғашқы роботтар адамның қозғалысын, сырт пішінін қайталады.
Адамның қозғалысы ...
Б) Робот техниканың дамуы барысында адамдарды қиын жерлердегі (су астындағы, ғарыштағы) жұмыстардан босатады. Адамдарды ...
В)Әлеуметтікроботтарадамдарменбайланысорнататып, сөйлеседі.
Адамдармен …
- тапсырма.Төмендегісұрақтарғажауапберіңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
А)Робот қоршаған әлеммен қандай әрекет арқылы байланысады?
Ә)Роботтардыңқандайұқсастықтарыбар?Кемдегенде2 ұқсастығын көрсетіңіз.
Б) Айзек Азимов әлеуметтік роботтарға арналған қандай заңдарды ұсынды? Кем дегенде 2 заңын көрсетіңіз.
6-МӘТІН.ҒАЛАМТОРДЫҢ ҒАЛАМАТЫ
2
Youtube – Жер шарындағы ең ауқымды бейнематериалдардың кешені. Мұнда кез-келген адам өзінің туындысын (видеоматериал), идеяларын бүкіл әлемге паш ете алады. Қазір үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар саны артуда. Жыл сайын қараушылар саны 40%-ға көбейіп отыратын Youtube туралы не білесіз?
Қазақстандық интернет қолданушылардың 79%-ы 18 жастан асқандар, яғни белсенділік 18-24 жас аралығы. Соның ішінде 35% Youtube-тың тұрақты қараушылары.
Оның артықшылықтары:
- Youtube.com сайтына қолданушылар бірнеше форматтарда бейнематериал сала алады: mp4, OGG, avi, mpeg, DV, DivX, Xvid;
- Қай форматта салынса да, Youtube оларды автоматтты түрде Flash Video – mp4 форматына ауыстырады;
- Бірнеше жолдар арқылы Youtube-тан видео жүктеуге мүмкіндік бар. 2009 жылы тікелей Youtube-тың өзінен жүктейтін функциясы болған, бірақ 2011 жылы ол функция жойылды;
- Орташа жылдамдықтың өзінде мұнда видеоматериалдарды еркін тамашалауға болады;
- Күніне 2 млрд қаралым болады;
- Бір минутта 60 сағаттық видеоматериал салынса, күніне 86400 сағатқа жетеді;
- Жойылған белгісі бар видеоматериалдарды Deleted YouTube Video Viewer арқылы қайта көруге болады;
- Youtube арқылы танымалдылыққа қол жеткізуге болады.
- тапсырма. Youtube-қа қандай форматтар арқылы бейнематериалдар салуға болады?
- тапсырма. «Youtube арқылы танымалдылыққа қол жеткізуге болады» деген тұжырымдамамен келісесіз бе? Не себепті?
- тапсырма. Мәтінде үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар санының артқаны туралы айтылған. Осы ақпаратты қандай деректермен дәлелдер едіңіз?
- тапсырма. Youtube-тың артықшылығы туралы мәтіндегі ақпаратқа тағы не қосар едіңіз?
- тапсырма. Мәтіннен өзіңіз таңдаған екі терминдік атауға түсініктеме беріңіз.
___
___
__ 6-тапсырма. Мәтіндегі мәліметтерге сүйене отырып, 2 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.
7-МӘТІН. ЦИФРЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Сондықтан білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн-курстардың желілері мен платформаларын дамытып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажет. Мектеп бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда, инфрақұрылымы дамуда.
Цифрландыру үрдісі мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын әлдеқайда қызықтыра алады. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата- аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және «ауқымды деректер» жасау саласында қабілетті болуға тиіс. Елбасы атап көрсеткендей, «елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы».
- тапсырма. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз.
- Артықшылыққа қол жеткізу құралы
- Бәсекеге қабілеттілік 3.Ауқымды жұмыс жоспары
- Білім сапасы
- Оқушының қызығушылығы
A. 5.2.3.4.1.
B. 4.2.1.3.5.
C. 4.3.5.1.2.
D. 3.5.2.4.1.
E. 4.2.3.1.5.
- тапсырма. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
- тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз.
- тапсырма. Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты анықтаңыз.
- тапсырма. Мәтінде берілген мәліметтер бойынша шын және
жалған ақпараттарды ажыратыңыз.
Ақпарат | Шындық | Жалған |
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болғанымен, оқу-тәрбие процесі жеделдетіліп, жеңілдетілмейді. | ||
Цифрландыру үрдісі мінсіз білімберу үдерісі мен сапасына әсер етеді. | ||
Мектеп бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жоспары әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. | ||
Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын әлдеқайда қызықтыра алмайды. |
- тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз.
_____
_____
_____
____
8-МӘТІН. ЖАСТАР ЖАДЫНА ҒАЛАМТОР ЖАУ
Бір алқалы жиында елге танымал екі жазушы екі түрлі ой- пікір айтты. Зерделесек, екеуінің де айтып отырған сөздерінің жаны бар сияқты. Жарыққа шыққан кітапқа жылы лебізін білдіре келіп, бірінші қаламгер: «Қазір жаһандану заманында қағаз басылымның маңызы жойыла бастайды, оның орнын ғаламтор басады. Адам өзіне керектіні ғаламтордан тауып алады да , газет- журнал, кітап оқуға жастардың құлқы болмайды»,- деп өзінше болжам жасады.
Ал, екінші бір жазушы: «Интернет заман қажеттілігі бол- ғанымен, оның пайдасынан зияны көп»,- деп шыр-пыр болды. Оның уәжі мынаған саяды: «Рас, осы күнге дейін интернет арқылы қаншама дүниені оқып, білдік, ой-өрісімізді кеңейттік, тамаша жаңалықтарды таптық. Үлкен жобалар іске қосылды. Мұның бәрін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, бақылаусыздық, бейәдеп, тексерілмеген ақпарат, біреуге дәлелсіз жала жабу, ойына не келсе соны айтқан пікірлердің өріп жүретіні сияқты келеңсіздіктер де осы «шексіз кеңестікте» жетіп артылады».
Бұл – бір. Екіншіден, оның айтуынша, авторын танып, беттерін парақтап, жастанып жатып оқыған кітаптан алған әсерді интернеттен оқыған дүниемен еш салыстыруға келмейді. Бірақ, заман ырқына көндіріп, дегенімен жүргізуде. Әсіресе, жастарды компьютерден алшақтату мүмкін болмай тұр.
Мойындау керек, интернет – кез келген технология секілді пайдасы мен ықтимал зияны, артықшылығы мен кемшілігі қатар жүретін күрделі құбылыс. Оның, әсіресе, жастардың жадысын жоюға кері әсері көп. Жастайынан өлең жаттап, есеп құрастырып, қисынды амалдарды өз бетінше шешетін бала мен кез келген дүниені компьютерден іздейтін жеткіншектің қабілет-қарымын салыстыруға келмейді. Олай болса, бүгінгі жастардың уақытты
үнемдеуді сылтауратып, интернетке жүгінуі жақсылыққа апармайтынын кеңінен түсіндіру әбден керек.
Сондықтан замандас жазушының: «Кітапты интернеттен оқығаннан гөрі, оңашада қолға алып оқыған «сіңімді» болады. Жадыда ұзақ сақталады. Әлем ғалымдары кітапты қағаз күйінде оқудың адамның миына, рухани ләззат алуына тигізетін ықпалы зор екенін мойындап отыр»,- деген пікірімен толық келісеміз.
- тапсырма.Мәтін қай үлгіде жазылған?
А/ шешендік сөз В/ ертегі
С/ мақала Д/ жарнама
- тапсырма. Мәтінге басқаша қандай атау берер едіңіз?
- тапсырма. Синонимдік қатарларын табыңыз.
Уақыт- Ықпал- Қабілет-
- тапсырма. «Қазір жаһандану заманында қағаз басылымның маңызы жойыла бастайды, оның орнын ғаламтор басады» деген болжаммен келісесіз бе? Не себепті?
- тапсырма. Мәтіндегі 3 нақты ақпаратты анықтаңыз.
1.
2.
3.
- тапсырма. Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратыңыз.
Мәтіндегі фактілер | Мәтіндегі көзқарастар |
9-МӘТІН. ЖАДЫНАМА
- тапсырма. Ұсынылған жадынама не туралы?
- тапсырма. Қашықтықтан оқытудың қандай платфорларын білесіз?
- тапсырма. Қашықтан оқыту кезінде қауіпсіз жұмыс істеуді ұйымдастырудағы қатысушылардың рөлін жазыңыз.
Мұғалім | Оқушы |
- тапсырма. Қашықтықтан оқыту кезінде жадынамада келтірілген шараларды қолдану не үшін қажет деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді мысалдармен дәлелдеңіз.
- тапсырма. Жадынамадағы ақпараттарды пайдаланып,қашықтықтан оқыту кезінде қауіпсіз жұмыс істеу туралы мәтін құрастырыңыз.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
- тапсырма. Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері мен қиындықтарын жазыңыз.
Мүмкіндіктері | Қиындықтары |
10-МӘТІН.ҮНПАРАҚ
- тапсырма. Мәтінде қандай үндеудің айтылғанын табыңыз.
А) Тағы да тұмау туралы!
В) Вакцинация –тұмаудан сақтанудың тиімді тәсілі! С) Салауатты өмір салтын ұстан!
Д) Тұмау –вирустық инфекция!
- тапсырма.Үнпарақ бойынша тұмаудың таралу жолдарын анықтаңыз.
А) ауа тамшылары, лас қол ,мектеп парталары В) ауа тамшылары, таза емес заттар,лас қол С) ауа тамшылары, жел, жаңбыр, суық күн
Д) ауа тамшылары, ойыншық, жаңбыр
- тапсырма. Тұмаудың алдын алу үшін нені тұтыну керек?
А) бір реттік майлықтар
В) бір реттік медициналық бетперделер С) ауа райына сәйкес киімдер
Д) көкөністер мен жидектер
- тапсырма. Вакцинация алудың себебін түсіндіріңіз.
- тапсырма. Салауатты өмір салтын ұстанудың жеті қадамын құрастырып жазыңыз.
11-МӘТІН. ТАҒЫЛЫМ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Жалпы, шаңырақ құру – күллі адамзаттық дәстүр екені түсінікті. Бірақ жер бетінде қанша халық болса, бұл дәстүрдің сипаттары да соншама сан алуан. Өйткені әр халық өзінің шаңырақ көтеру қуанышын өз тұрмыс-салттарына лайықтап, өздерінше қызықтауға тырысады. Осы үрдісті қазақ халқы да ғасырлар бойы өзгеге ұқсатпай, өздерінше дамытқаны анық. Олай болса, қазақтың шаңырақкөтерусәтіндегіөзіндікерекшеліктерібар. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, жаңадан көтерілер шаңырақтың мақсаты мен мәні ең әуелі тегіне орай үндестіріліп, ата-ананыңризашылықтарынанегізделіпшешілетін.Мұнда негізгіқағидаретінде,тектілікпенадамгершілікпарыздары бағдарға алынатын. Сондықтан бұл дәстүрді қазақ халқы сонау ертеғасырларданберіқарайжетіатағадейінқызалыспау салтыменорайластырабілгенібелгілі. Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне аса зор мән береді. Өйткені, ұрпақ
– болашақ. Оны әбден түсінген халық: «Балаңды беске дейін патшадай күт, он беске дейін қосшыңдай жұмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла»,-деп бүкіл тәрбиелік тағылымды үш-ақ сөзге сыйдырады. «Патшадай күт» дегені – қамқоршы бол, өсір, мәпеле, жас шыбықтай баулы дегені, «қосшыңдай жұмса» дегені – жәрдемшің ет, жұмысқа сал, буынын бекіт, еріншектерден
аулақтат дегені, ал «құрбыңдай сыйла» дегені – балаңа ес кірді, ақыл иесі болды, енді оның отау құруы жақын, оның да түбі өзіңдей ұрпақ қамқоршысы болатынын естен шығарма дегені. Ал осы ұлағатты сөзде ұрыс, ренжіт, қорқыт, еңсесін түсір деген бірде-бір сөз айтылмайды. Қазақтың ұрпақ өсіру пәлсапасы, міне, осындайқарапайымдылыққақұрылған.
Табиғатқа иелік етер күші болса да, адамды өзге тіршілікпен тең ұстаған да – қазақ. Бесіктегі қимасына «асқарым, асқағым» деп емес, жан-жануармен, жәндік атаулымен тағдырластығын мойындатып, «құлыным, ботам, қошақаным» деп еркелету де, шыбынға да қиянат болмасын деп, «шыбыным» деп айналу да алдымен қазаққа тән. Бүкіл болмысы, шыбын жаны перзенттің үстінде болған қазақтың баласын шамадан тыс тойындырып, ошақтың түбінде қорғаштағаны да ешбір тарихта жоқ. Жеті жасар айдарлысын жауға аттандырып, он бесіндегі ұлына ел басқартқан халық бұл!
- тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.
Барлық адамзатқа тән дәстүр – ... .
- тұсау кесу
- сүйінші сұрау
- шаңырақ құру
- баланы бесігіне салу
- тапсырма.Сөйлемді жалғастырыңыз.
Әр халық шаңырақ құру салтын ... .
- жағдайына қарай лайықтайды
- даму жағдайымен байланыстырады
- әдет-ғұрпына қарай ыңғайлайды
- жалпыңа ортақ салты бойынша қызықтайды
- тапсырма.Мәтінге сәйкес сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.
Қазақтың шаңырақ құрудағы негізгі салты – ... .
- тектілік парыздарын сақтау
- жеті атаға дейін қыз алыспау
- адамгершілік парыздарын сақтау
- жеті атаға дейін ауылдас қыздарды алмау
- тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.
Балаңды беске дейін ... күт, он беске дейін ... жұмса, он бестен кейін ... сыйла.
- құрбыңдай, құлыңдай, патшадай
- досыңдай, құлыңдай, теңдесіңдей
- билеушіңдей, құлыңдай, теңдесіңдей
- патшадай, теңдесіңдей, құрдасыңдай
- тапсырма.Мәтіннің негізгі идеясын сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
12-МӘТІН. ДОСТЫҚ УАҚЫТПЕН СЫНАЛА МА?
Уақыт біздің еншімізде емес. Зулап өте шыққанда, жаныңда қандай жандар қалатыны белгісіз. Осы ретте досты уақыт танытады деген сөздің жаны бардай.
Мектеп қабырғасын имене аттағанда, сыныптағы баланың бәрі бөтен болатын. 11 жыл бір шаңырақ астында оқыған соң, бір үйдің баласындай болып кетеді. Адам өмірі пойыз секілді, ол жанына жақындарын әр бекеттен мінгізіп алады, уақыты келгенде өз бекетіне қалдырады. Ата-ана, туыс-бауырды таңдай алмайсың, бірақ досты таңдайсың. Бұл — заңдылық. Дос өзгелер арасында дараланып тұрады.
Достықтыкімқалайтүсінеді? Огайо Университетінің Уильям Ролинз есімді профессоры осы мәселені зерттеген екен. Әртүрлі жастағы адамдарға бірдей сұрақ қойып, сараптама жасапты. 14 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қарияның дос туралы пікірі бірдей болып шыққан екен. Олар: "Дос — жаныңа жақын адам" депті. Бірақ, сипаттау жағдаяттары әртүрлі. Жасөспірім "сабақ орындамағанда
көмектеседі" десе, қария "соғыста мені жаудан арашалаған" деген екен.
Жастың достыққа әсері бар ма? 20-24 жас аралығындағы адамдар орта есеппен бір аптаның 10-25 сағатын достарымен өткізеді екен. Сонымен қатар, олар сыныптастар, топтастар, әріптестер деген секілді белгілі бір топтарға бөлініп жүреді. Осы топтың ішінен де адам өзіне етене жақынын даралап алады. Есейгенде "компания" деп аталатын топ "ашып алады" екен.
Бала кезде "Әсел, ойнауға шығасың ба?" деп немесе "Сұлтан, кеттік, қуыспақ ойнаймыз" деп шақырып алып кеткеннен анаңыз сізді үйге әзер кіргізген болар. Бірақ уақыт өте келе сол достармен араларыңыз алыстап бара жатқанын байқамауыңыз мүмкін. Өйткені таным өзгереді.
Әлеуметтік желі достықтың көпірі емес.Қазір технология заманыорнағандықтан,жақындостардың аман- саулығын әлеуметтік желі арқылы білісеміз. Алайда, бұл достық деп есептелмесе керек. Туған күн, мерекеде құттықтау жазып, суреттеріне "ұнайды" белгісімен лүпіл басу танымайтын адамдардың да қолынан келетін ісі. Ал сіз достықты мұнымен шектемеңіз. Сіз досыңызға рухани сыйлық жасаңыз. Оның жанынан табылатыныңызды танытыңыз.
Ақпаратдереккөзі:
https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/34607/
- тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша адам өміріне теңестірілген зат немесе құбылысты табыңыз.
А) мектеп В) поезд С) машина Д) топ
- тапсырма. Қай топ өкілдерінің достық туралы пікірлері бірдей болып шыққан?
А) 12 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қария
В) 24 жас аралығындағы адамдар мен егде тартқан қария С) 14 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қария
Д) 20 жас аралығындағы адамдар мен егде тартқан қария
- тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша достар арасының алыстауына себеп болатын құбылысты табыңыз.
А) таным В) мақсат
С) қызығушылық Д) мүдде
- тапсырма. Мәтін бойынша факті мен көзқарасты ажыратыңыз.
Мәтіндегі фактілер | Мәтіндегі көзқарастар |
13-МӘТІН. ЖАРНАМА
Жарнаманың нәтижелі болуы-оның мазмұнына ғана емес, таныстырылымына да байланысты екенін білесіз бе? Сондықтан жарнама жасаған кезде оның тақырыбының креативтілігіне ерекше мән беру керек. Адамның бәрі жаңалыққа құштар. Егер сіз клиентті тарту үшін оның мазмұны емес безендірілуіне де мән беріңіз.
Бұл сізге өнімнің сипаттамасын жаңа әрі қызықты етуге көмектеседі. Есте қаларлық сызбалар, суреттер кез-келген адамды қызықтырады. Қандай шрифт қолданатыныңызды да естен шығармаңыз. Жарнама мәтіні оқуға жеңіл ме, қызықты ма, адамды тарта ма? Тұтынушыға қажет ақпаратқа көңіл бөліңіз (жеңілдік, тауардың сипаттамасы, тұтынушыға сыйлық) . Егер жарнама жасаушы ретінде жолыңыз болсын десеңіз, жарнамалауға сыйды, әйгілі адамдарды, шақырыңыз не әйгілі кинофильмдер үзіндісінен дәйексөздер алыңыз. Теріс пиғылдағы сөздерді қолданбаңыз. Жарнама мәтіні ұзақ болмауы тиіс. Таза, қысқа, нақты, шын болуы тиіс. Потенциалды клиентті тартудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. «Арзан» «сенімді», «әдемі», «тәтті», «кепілдік береміз» деген сөздер қолданбау қажет. Тұтынушыны өнімнің ыңғайлы және пайдалы екеніне сендіріңіз. Бұл тіпті құнына да байланысты емес. Жарнама мәтінінде «кеңес береміз», «сізге беріледі», «қажетті», «хабарлаймыз», «санаулы секундтар», «тез» деген сөздер болуы тиіс. Сіздің жарнамаңыздың негізгі
хабарламасын : басында және тұтынушыға пайдасын көрсету кезінде екі рет пайдалану керек. Ең маңызды -бәсекелестеріңізбен жарыспаңыз. Бұл сатып алушыларға алаңдаушылық туғызады және жарнама туралы заңға қайшы келеді.
Соңында, жарнамаңызда өз компанияңыз туралы айтуды ұмытпаңыз. Ол-мекеме мекенжайы, электронды пошта, байланыс телефоны. Бұл-тұтынушы үшін маңызды ақпарат болып табылады.
- тапсырма. Мәтін не туралы? Дұрыс жауапты белгіле. А. Мәтінде жарнама жасаушылар туралы айтады.
В. Мәтінде жарнаманың тұтынушыға әсерін айтады.
С. Мәтінде жарнаманы неғұрлым нәтижелі жасау жолдарын көрсетеді
- тапсырма. Бұл мәтін кімдердің қызығушылығын тудыруы мүмкін?
- тапсырма. Мәтіннің атауы қандай?
А. Жарнама компаниясының жетістігі неден көрінеді? В. Жарнама жасаушыларға кеңес
С. Жарнама біздің өмірімізде
- тапсырма. Жарнама жасаушылар үшін жазу шрифтісін таңдау неге маңызды? Дұрыс жауапты белгіле.
А)шрифт жарнаманы әдемі көрсетеді
В)..............тұтынушыға оқуға жеңіл және ыңғайлы
С)..............өнімді адам танымастай өзгерту үшін
- тапсырма. Сөйлемді жалғастыр.Керекті сөздер: тұтынушынының назарын аудару үшін, жарнама жасаушыларға пайдалы, тұтынушыға қажет ақпарат, тұтынушыға қажет, деректер.
А) Жеңілдіктер, тауардың сапасы, тұтынушыға сыйлықкәде бұл-
........................................................................................................
Ә) Жарнама мәтінінің атауы бұл-.......................................................
В) Мекенжай, электронды пошта, телефон бұл-
..........................................................................................................
С) Дұрыс жауаптарға белгі қойыңыз.
- тапсырма. Мәтін мазмұнына сай жарнаманың нәтижелі болуы үшін............
... оған көп ақша жұмсалады | |
... өнім не қызмет көрсету туралы толық ақпарат беріледі | |
... әдемі безендіріледі. | |
.... атауы ерекше болады. | |
... теріс пікірлер қолданады. | |
...өнім сапасы егжей-тегжейлі жазылады. | |
...өнімді жарнамалауға белгілі тұлғаларды шақырады | |
...бәсекелес өніміне қарама-қарсы жасалады. |
- тапсырма.Керекті сөздерді қойыңыз.Керекті сөздер: сөз тіркесі, креативті, тұтынушы, сыйлықкәде
1) .................................-ескерткішке сыйлық ұсыну.
2) .................................-тұрақты тұтынушы, тапсырыс беруші.
3) ................................-шығармашылық, жаңашыл, жасаушы.
4) ................................- есте қалатын фраза, жарнама өзегі.
- тапсырма. Сәйкестендіру тапсырмасы Танымал ............................. нақты анықталған
Нәтижелімүмкіндігі бар, сенімді
Әлеуеттітанымал, белгілі
Нақтыбелсенді, қабілетті
- тапсырма.Сен жарнама агенттігінің жұмыс тобына жетекші болдың. Саған жарнама жасау керек. Өз тобыңа 5 негізгі кеңесті дайында.
А) Кластер жаса.
Ә) Жарнама жасаушы екі адамның арасында диалог құрастырыңыз.
Екінші адам не туралы айтуы мүмкін?
a. Кестені толтырыңыз.
Жарнаманың нәтижелі болуы......... | және................................... |
Тұтынушыны зерттеу | .......................................... |
................................., себебі | жарнаманы оқу жеңіл әрі ыңғайлы |
Компанияға шақыру үшін | ............................................... |
.......................................... | теріс жақтарын |
Болашақ тұтынушыға айту керек | ................................................. |
14-МӘТІН. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ
Киіз үй қаңқасын түгел ағаштан – берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады. Киіз үйдің ағаштарын (уық, кереге, шаңырақ, күлдіреуіш) деформациялайды. Деформация – дене пішінің немесе көлемінің өзгеруі. Қайың мен тал басқа ағаштармен салыстырғанда деформациялауға, яғни июге, бұруға, қысуға, созуға ыңғайлы, бір жағынан берік, қатты жақсы материал болып
табылады. Үйшілер кептірілген ағаштарды алып қидың малмасына (диффузия процессі жүреді) немесе ыстық шоқ араластырылған күлге (жұмсарту, балқыту) салып балқытады.
Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы – киіз болып табылады. Синтетикалық материал айналасына оң зарядталған өріс тудырады. Ол өріс адамның ағзасына қолайсыз әсер етеді. Ал киіз – табиғи материал. Қой жүнін сабалап, біріктіріп жасайды. Жүннің жылу өткізгіштігі нашар, өйткені қалай сабаласа да , жүн талшықтарының арасында бірталай ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар болады, өйткені ауа молекулалары бір – бірінен алыс орналасады да, энергияның бір молекуладан екіншісіне берілуі қиынға соғады. Сондықтан киіз үй аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болады.
- тапсырма.ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ
Киіз үйді құрастыруда киіздің қандай түрлері пайдаланылады?
1.
2.
3.
4.
- тапсырма.ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ
Киіз үйдің табалдырығын биік, маңдайшасын төмен етіп жасаудағы мақсат қандай?
- тапсырма.ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ
Материалда «киіз үйдің салмағы жиһаздарды қоса алғанда 300-400 кг, бір түйе көтере алатын жүктің шамасы» делінген. Киіз үй салмағының түйе көтере алатындай болу қисындылығын қалай түсіндірер едіңіз?
- тапсырма.ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ
Мәтінде «киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болатыны» айтылған. Осы ақпаратты қандай деректермен дәлелдер едіңіз?
- тапсырма.ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ
Киіз үй құрылысында ең соңғы жасалатын әрекетті белгілеңіз А) Киіз жабылады
В) Кереге орнатылады
С) Үлкен бақанмен шаңырақты көтереді Д) Киіз үйдің жарма есігі бекітіледі
- тапсырма.ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ
Киіз үй құрылысында қайың мен тал ағаштарының және қой жүнінің пайдаланылу себебін түсіндіріңіз.
15-МӘТІН. КІТАПХАНА
Кітапхана схемасын пайдалана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- тапсырма. КІТАПХАНА
Мектеп үшін сіз француз тілдеріндегі романды оқып шығуыңыз керек. Схемадан сіздің оқуыңыз үшін жарайтын кітапты таба алатын секцияның айналасына дөңгелекті сызыңыз.
- тапсырма . КІТАПХАНА
Жаңа кітаптар қай жерде орналасқан?
- Көркем әдебиет секциясында
- Өзге әдебиет секциясында
- Кіру есігінің жанында
Д) Ақпараттық үстелдің жанында
- тапсырма. КІТАПХАНА
Бұл орын неліктен жаңа кітаптар үшін таңдалуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз.
- тапсырма. КІТАПХАНА
Суреттері бар кітаптар қай жерде орналасқан?
- Балаларға арналған кітаптардың қасында.
- Ойыншықтардың қасында
- Кіру есігінің жанында
Д. Жаңа кітаптардың қасында
- тапсырма. КІТАПХАНА
Кітапхана схемасы не үшін қажет деп ойлайсың?
- тапсырма. КІТАПХАНА
Кітапханаға суреті бар кітаптар мен ойыншықтар қажет деп ойлайсың ба? Неге қажет? Кімдерге қажет? (ойыңды дәлелдеп жаз)
_
16-МӘТІН. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Адам организмі энергияны тек дене еңбегі үшін ғана емес,
соныменқатартыныштық | кезіндеде | жұмсайды.Тыныштық |
кезінде–ұйықтағанда, | демалғанда | энергияорганизмнің |
қызмет етуіне–жүрек | соғуына, | тынысалуға,дене |
температурасын сақтауға, бұлшық ет пен ми жұмысына және т.б. процестерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене салмағының әр килограмына 1 килокалория энергия жұмсайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Зат алмасу мен энергияның бөлінуі өмір сүрудің негізгі және тірі материяның маңызды белгісі болып табылады. Міне, тірі табиғат өлі табиғаттан осымен еркшеленеді.
Зат алмасу (метаболизм) – жоғары интеграцияланған және мақсатты процесс. Организмге түсетін тағамдық заттар күрделі химиялық өзгерістердің нәтижесінде тірі организм ұлпаларының заттарына айналады. Тағамның керексіз қалдықтары организмнен бөліп шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады.
Осылайша зат алмасу процесі нәтижесінде қажетті энергия бөлініп, тірі организмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Негізгі алмасудың шамасы тыныштық күйде дене салмағы 70 кг ерлерде (20 жас)1600-1700 ккал – ны құрайды (70 кг х 24 сағ. Х 1ккал), әйелдерде бұл шама 1300-1400 ккал-ға тең (60 кг х
24 сағ. Х 1ккал). Ал дене және ой еңбегі қосымша энергия шығындарын талап етеді. Қызметкер мен үй күтушісіне негізгі алмасуға қосымша 1000-1200 ккал энергия қажет (1600 + 1200 = 2800). Механикаландырылған немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын адамға энергияға деген қажеттілік одан 2-2,5 есе көп. Сондықтан да тағам шығындалатын энергияның мөлшеріне сәйкес етіп, әрі оны толықтырылып тұруы керек.
Тағамның құндылығы оның энергетикалық бағалығымен сипатталады және тамақ рационында белоктың, май мен көмірсудың болуын қамтамасыз етуі қажет. Әр тағамның өзінің белгілі бір энергетикалық құндылығы болады.
Қоректік заттарды (нутриенттерді) – белоктар, майлар, көмірсуларды төмендегідей мөлшерде пайдалану қажет:
Ақуыздарды тәулігіне 85-90 грамм (дененің 1 кг салмағына 1 кг салмағына 1 грам мөлшерінде) қабылдаған дұрыс, мұнда белоктардың 35-40 %-ы жануар текті болуы тиіс. Бала организміне қажеттілік дененің 1 кг салмағына 1,5-2 грамды құрайды.
Майларды тәулігіне 80-100 грамм пайдалану қажет. Оның жартысы өсімдік текті болуы керек.
Көмірсуларды тәулігіне 400-500 грамға дейін пайдалану қажет.
Организмнің калориялық шығыны көптеген факторларға – жасқа, жынысқа, еңбек түріне, дене еңбегінің қарқындылығына байланысты.
Орындалатын жұмыс сипатына байланысты энергиялық шығындар бойынша 4 топқа бөлінеді:
- Дене еңбегімен аз айналысатындар үшін 3000-3500 ккал қажет.
- Дене еңбегімен орташа айналысатындарға – 3200-3500 ккал.
- Жоғары дене еңбегімен айналысатындарға – 3500- 4000 ккал.
- Аса қиын дене еңбегімен айналысатындарға 4000 және одан да көп ккал қажет.
Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калориясы былайша бөліну қажет: таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.
Тағамдар құндылығының кестесі (100г өнімдегі калория саны)
- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Адам организмі энергияны не үшін пайдаланады? А) ұйықтау , демалу үшін
В) жүрек соғуына, тыныс алуға С) дене температурасын сақтауға Д) бұлшық ет пен ми жұмысына
Е) басқа да процестерді қамтамасыз етуге Ж) барлық жауаптар дұрыс
- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жоғары дене еңбегімен айналысатындар үшін еңбек шығыны күніне қанша Ккал құрайды және осы еңбек шығынының мөлшерін толтыру үшін кестеге қарай отырып бір күндік мәзірін құрып көріңіз.
- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Мақала соңындағы мына бір сөйлемге қараңызшы. Ол мұнда екі бөліммен көрсетілген:
Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калорияғы былайша бөліну қажет: | бірінші бөлім |
таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет. | екінші бөлім |
Сөйлемнің бірінші және екінші бөлігінің арасында арақатынастық қандай?
Екінші бөлім ...
- бірінші бөлімге қайшы келеді.
- бірінші бөлімді қайталайды.
- бірінші бөлімде сипатталған мәселені ашып , нақтылайды.
Д. бірінші бөлімде сипатталған проблеманың себебін түсіндіреді.
- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Кестеге зер салсаңыз, ет, сүт өнімдерімен салыстырғанда, жеміс- жидек пен көкөністердің Ккал аз екенін байқауға болады. Бірақ адам организміне қажетті дәрумендер барлық тағамның құрамында да кездеседі. Қалай ойлайсыз, адамдар дене сұлулығын сақтау үшін күні бойы тек жеміс-жидек, көкөністермен тамақтанса дұрыс бола ма? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене салмағының әр килограмына 1Ккал энергия жұмсайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ал, механикаландырылған немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын адамға энергияға деген қажеттілік одан 2- 2,5 есе көп. Мұның себебін қалай түсіндірер едіңіз?
- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Тағамдар құндылығы кестесінде ұн тағамдары туралы мәлімет неге көрсетілмеген? Ұн тағамдарының дәрумендік қасиеті жоқ деп ойлайсың ба? Неге?
- МӘТІН. ЕКІ ДОС
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қол басына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қол басына:
- Мен қолдарына түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,
ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойыпаламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
- тапсырма. ЕКІ ДОС
Мәтінде суреттелген оқиға қай кезде болды? А. Жаз айларында
В. Күздің қара суығында
С. Қыстың ызғарлы күнінде
Д. Көктемнің мамыражай күндерінің бірінде Е. Күзгі уақыттарда
- тапсырма. ЕКІ ДОС
Тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып келе жатқан зағип досының қуануына не себеп болды?
- тапсырма. ЕКІ ДОС
Мәтіннің соңғы азатжолына сәйкес келетін мақалды табыңыздар.
А. Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.
В. Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды. С. Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жұмсақ адам жұртқа жем.
Д. Бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды.
Е. Жақсы сыйлағанның құлы, Жаман қорыққанның құлы.
- тапсырма. ЕКІ ДОС
Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр қандай әрекет жасайды?
- тапсырма. ЕКІ ДОС
Мәтіннің тақырыбына сәйкес келетін мақалды табыңыздар. А. Досы көпті жау алмайды.
В. Ағаш тамырымен мықты, Адам досымен мықты. С. Доссыз өмір – тұзсыз ас.
Д. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. Е. Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.
- тапсырма. ЕКІ ДОС
«Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан» мақалын қалай түсінесің? Мақал мазмұнының мәтінге байланысы бар ма?
18-МӘТІН. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары
үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұнилар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де – осы қала.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атымен әлемге әйгілі болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)
- тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Түркістанды қазақ хандығының орталығы болды деп қандай дәлелдерге сүйеніп айтады?
А) Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеп отырғандықтан.
В) «Екінші Мекке» деп атаған соң.
С) Түркістанға алғаш темір жол келгендіктен.
Д) Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала болған соң.
Е) А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленгені үшін.
- тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз.
- тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Берілген мәтінге тән стильдік, тілдік ерекшеліктерді белгілеңіз А) ресми сөздер, тұрақты тіркестер қолданылған
В) образды, эмоционалды, экспрессивті сөздер қолданылған С) көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары қолданылған Д) ғылыми терминдер қолданылған
Е) деректер дәлелді, зерттелген
Ж) стильдік қайталау, троптың түрлері қолданылады
- тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз
- Орта ғасырдағы ірі білім орталығы
- Түркістан – көне шаһар.
- Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала.
- Түркістан – ер жүрек батыр қала. A. 2.3.4.1.
B. 4.2.1.3.
C. 4.3.1.2.
D. 2.1.4.3.
- тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Неге олай атаған?
- тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Түркістан қаласының ірі білім орталығы атануының себебі неде деп ойлайсың?
19-МӘТІН. ТҰМАУ
Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тынысжолын,нервжүйесін,қантамырды,жүректіауруға
шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір облыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
- тапсырма. ТҰМАУ
Тұмаумен адамдар қаншалықты жиі ауырады? А) Бір жылда бірнеше қайтара ауырады.
В) Бес жылда бір ауырады.
С) Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды.
Д) Үш ай сайын ауыруы мүмкін.
Е) Бір ауырғаннан тұмаумен кейін мүлдем ауырмайсыз.
- тапсырма. ТҰМАУ
Тұмау асқынған жағдайда қандай ағзаларды ауруға шалдықтырады?
А) Тыныс жолына, нерв жүйесіне, буындарға.
В) Тыныс жолына, нерв жүйесіне, қан тамырына, жүрекке. С) Нерв жүйесіне, қан тамырына, жүрекке, асқазанға.
Д) Тыныс жолына, жүрекке, буындарға, көзге. Е) Қан тамырына, жүрекке, өкпеге, аяқ-қолға.
- тапсырма. ТҰМАУ
Тұмауға ұқсайтын ауру түрі қандай?
- тапсырма. ТҰМАУ
Тұмау вирусының өте тез тарауының себебі неде деп ойлайсың?
- тапсырма. ТҰМАУ
Тұмау қандай аурулар түріне жатады?
- тапсырма. ТҰМАУ
Денең дел-сал болып, көңіл-күйің нашарлайды және тағамға тәбетің шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуың көтеріледі, басың ауырады, бұлшық еттерің сыздап, буын-буының сырқырайды, мұрның бітеді, дауысың қарлығып, жөтеледі, тамағың қызарып, жұтынғанда ауырады, көзің қызарып жасаурайды. Сенің бірінші жасайтын әрекетің қандай?
20-МӘТІН.
Алты жасар фин қызы Хельга Хилтунен жаңа жыл алдында Құдайға арнап 100 марка сыйлауын сұрап, хат жазды. Финляндияда мекенжайы қате хаттарды тек республика Президентінің ғана ашып оқуға құқығы бар. «Құдайға жазылған хатты» Урхо Калево оқиды. Ол 1958-1982 жылдар аралығында мемлекетті басқарған . Кекконен кішкентай қыздың тілегін орындағысы келеді. «Кішкентай қызға 50 марка да жеткілікті ғой»- деп ойлайды. Ол өз көлігімен қызға «Құдайдың сыйлығын» жеткізуге бұйрық береді. Көп уақыт өтпей Хельгиден тағы хат келеді. Ол өз хатында үйінің жанына тоқтаған президент машинасына бүкіл көшенің көзі тигенін және Құдайға хатты президенттен бермеуін өтінеді. Себебі ол ақшаның жартысын ұрлап алған»-деп жазды.
( һttp:\\awab.ru/001/page/10)
- тапсырма.Мәтін не туралы?
- тапсырма.Хельга Құдайға неше рет хат жазды?
- тапсырма.Мәтінге қандай ат қояр едің? Бірнеше нұсқа ұсынып көр.
- тапсырма.Дұрыс/бұрыс кестесін толтыр.
Урхо Калев Кекконен- Финляндияның қазіргі Президенті | Дұрыс | Бұрыс |
Финляндияда мекенжайы қате хаттарды тек республика |
Парламентінің ғана ашып оқуға құқығы бар | ||
Хельга Хилтунен президентке хат жазды. | ||
Президент машинасына ещкім көңіл бөлмеді. | ||
Президент ақшаның жартысын ұрлап алды. | ||
Құдайдан хатты президентке беруді өтінді |
21-МӘТІН.
Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші- көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылған. Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Халықтың бұл дәстүрі де қонақжайлықты, жомарттық пен мәрттікті, бірлікті меңзейді. Қымыз ашыту – үлкен өнер. Жаңа сауылған биенің сүтін сүзіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қорға немесе ашытқының үстіне құяды да, бір сағатқа жақын піседі. Қымызды неғұрлым көп піссе, соғұрлым жақсы болады. Мұндағы қор – күбінің немесе сабаның түбінде бұрынғы қымыздан қалған дегенді білдіреді. Халқымыз жыл маусымына қарай уыз қымыз (мамыр қымызы), жазғы қымыз, күзгі қымыз (сірге қияр), қысқы қымыз (қысырақ қымызы) деп те атаған.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt- dastur/41952/
- тапсырма.Мәтін не туралы? Дұрыс жауапты табыңыз. А) Қонақ күту туралы
Ә) Қазақтың салт-дәстүрі туралы Б) Ас мәзірі туралы
- тапсырма.Мәтінге қандай атау қояр едің? (2-3 нұсқа дайында)
- тапсырма.Кестені толтыр.
дұрыс | бұрыс | Мәтінде мұндай ақпарат жоқ | |
Ақсақалдар «Қымызмұрындыққа» шақырылған. | |||
Жаңа сауылған биенің сүті екі сағатқа жақын піседі. | |||
Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады. | |||
«Көпке бұйырсын» деген тілек айтады. | |||
Мұрындық– түйенің, өгіздің танауы арасындағы мұрын шеміршегін тесіп, көлденең өткізілетін жіңішке таяқша. |
- тапсырма.Сөйлемді жалғастырып жаз.
- Халықтың бұл дәстүрі
..........................................................................
- Алғашқы қымыз адамдарға
..................................................................
- Жаңа сауылған биенің сүтін.................................................................
- Екі-үш күн бойы жиналған қымызға
..................................................
- тапсырма.Сөздерді мағынасын қарай орналастырыңыз.Керекті сөздер: қымыз, ұйытқы, күбі, қымызмұрындық,
А) ...........................................Бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы.
Ә) ...........................................Еменнен жасалған ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңдеу қымыз ыдысы.
Б)Жылқы сүтінен алынатын кышқыл
сүт өнімі.
С)Сүт
ұйытып, айран жасайтын ашытқы.
22-МӘТІН. ЖҮРГІНШІЛЕР
Лиондағы (Франция) спорттық медициналық орталық 14 жыл бойы жас спортшылардың жарақаттанушылық мәселелерiн зерттейдi. Зерттеудің нәтижесінде, жарақатты болдырмаудың ең тиімді тәсілі, ол – оларды алдын алу және жақсы деп анықталған.
Соққылар,құлау, тозу және үзiлулер... 8бен12жас аралығындағы спортшылардыңон сегізпайызы табанынажарақат алған. Футболшылардың сирақшеміршектері қаттысоққыларды сезбейді,және кәсіпқойлардың 25%, шындығымен айтқанда,бұл олардыңкемшілігі екенінбіледі. Сонымен қатар, нәзік тізе буын шеміршегі қаттыжарақат алған болуы мүмкін, ал егер жастайынан(10-12 жасында)ешқандай шараларқолға алынбаса,мезгiлсiз остеоартриттiң себебі болуы мүмкін. Бөксе | спорттықаяқ киімнің әсерінен табан және сирақта пайдаболатын деформация. Қорғау, қолдау, орнақылық және амортизация Егер спорт аяқ киімі өте қатты болатын болса, ол сiздiң қозғалысыңызға жиi шек қояды. Ал егер тым жылжымалы болса,онда жарақаттармен буындардың созылуына тәуекелділігін үлкейтеді.Жақсы спорт аяқ киімі төрт белгілергесәйкес келу керек: біріншіден,ол сырттай қорғанысқа мүмкіндіктуғызу | Сонымен бірге, ол ойыншыға орнықтылық сезімін беруі тиіс. Олаяқкиімде ойыншыылғал алаңдақұламауы және құрғақ жерде кенеттен құламауы керек. Бірсөзбен,ол баскетболжәне волейбол ойыншыларымен болатын соққыларды амортизациялауы керек. Құрғақ аяқтар Қолдырау, жарылу жәнеаяқтыңтаз ауруы (саңырауқұлақ аурулары)сияқты ауыртпалы сырқаттануды болдырмауүшін, |
деқатты зақымдалады, әсіресе ойыншышаршаса, құлапқалудың нәтижесінде сындырыпалуы мүмкін. Осызерттеудің нәтижесінде,10 жылдан астам футбол ойыншыларының буындарымен табандарындасүйек өсімдеріпайда болады.Осы сүйектегі өзгерістер “футболист аяғы” деген атқа ие болды, яғни | керек:доптыңне басқа ойыншылардың соққыларынан, спорталаңының тегісеместігін сездірмеу және жаңбыр не аязда аяқты құрғақ етіп ұстау. Олтізені зақымдайтын созылулар, ісік және басқа жарақаттарды болдырмауүшін табан,әсіресе тобықбуындарын ұстап тұру керек. | аяқ киім терлеуге, сонымен қатар, аяқ киімнің ішіне ылғалдың кіруіне бөгет жасауы керек. Жауыннан қорғап қалатын мұндай аяқ киімге тамаша материал - суға төзімді тері болып табылады |
- тапсырма. Бұл мақалада автор не айтқысы келген?
- Көптеген аяқ киімдердің сапасы әлдеқайда жақсарды
- Егер жасыңыз 12-ден кем болса футбол ойнамау керек
- Жастар көбінесе өздерінің физикалық күйлеріне байланысты әр түрлі жарақаттардын азаптанады
- Жас спортшыларға жақсы спорт аяқ киімін кию өте маңызды.
- тапсырма. Мақалада: «Жақсы спорт аяқ киімі төрт белгілерге сәйкес келу керек» делінген.
Қандай төрт белгілер жайлы сөз қозғалды?
1.…………………………………………………………………
2.…………………………………………………………………
3.…………………………………………………………………
4.……………………………………………………………………
23-МӘТІН МОРЕЛЭНД
Морелэнд кітапханалар жүйесінде жаңа оқырмандар жұмыс уақыттарын көре алатын электронды қосымша бет бар.
Сұрақтарға жауап бергенде, осы қосымша бетке қараңыз.
Морилэнд кітапханалар жүйесі | |||||
Жұмысуақыты1996 ж. 1 ақпанынан бастап әрекететеді | |||||
Bruns wick Librar y | Campbell Turnbull Library | CoburgL ibrary | Fawkner Library | Glenr oy Libra ry | |
Жексенб | 13.00- | Жабық | 14.00- | Жабық | 14.00- |
і | 17.00 | 17.00 | 17.00 | ||
Дүйсенбі | 11.00- | 11.00- | 13.00- | 11.00-17.30 | 10.00- |
20.00 | 17.30 | 20.00 | 17.30 | ||
Сейсенбі | 11.00- | 11.00- | 11.00- | 11.00- | 10.00- |
20.00 | 20.00 | 20.00 | 20.00 | 20.00 | |
Сәрсенбі | 11.00- | 11.00- | 10.00- | 11.00- | 10.00- |
20.00 | 17.00 | 20.00 | 17.00 | 20.00 | |
Бейсенбі | 11.00- | 11.00- | 10.00- | 11.00-17.30 | 10.00- |
20.00 | 17.30 | 20.00 | 20.00 | ||
Жұма | 11.00- | 11.00- | 10.00- | 11.00- | 10.00- |
17.00 | 17.00 | 20.00 | 17.00 | 17.30 | |
Сенбі | 10.00- | 10.00- | 9.00- | 10.00- | 09.00- |
13.00 | 13.00 | 13.00 | 13.00 | 13.00 |
- тапсырма. МОРИЛЭНД
Fawkner Library кітапханасы сәрсенбі күні қай уақытта жабылады?
.................................................................................................................
- тапсырма. Морилэнд
Жұма күні сағат 18.00-де қандай кітапхана ашық болады?
- Brunswick Library
- Campbell Turnbull Library
- Coburg Library
- Fawkner Library
- EGlenroy Library
- тапсырма. Жексенбі күні сағат 15.00-де қандай кітапханаға баруға болады?
- Brunswick Library
- Campbell Turnbull Library
- Coburg Library
- Fawkner Library
- EGlenroy Library
- тапсырма. «Кітапхана – рухани мекен» деген ұғыммен қаншалықты келісесің?
- тапсырма. Демалыссыз жұмыс жасайтын кітапханаларды белгілеңіз.
- Brunswick Library
- Campbell Turnbull Library
- Coburg Library
- Fawkner Library
- EGlenroy Library
25-мәтін. ИТ ЖЕТЕКТЕГЕН ӘЙЕЛ(ықшамдалып алынды)
Жұрт жағалауда жаңа тұлға пайда болды деп айтысып жүрді: ол ит жетектеген әйел болатын. Ялтада екі аптадан бері тұрып жатқан және бұл жерге үйреніп қалған Дмитрий Дмитрич Гуров та жаңа адамдарға қызығушылық танытты. Венрдегі павильонда отырып, ол жағалаумен басына берет киген орташа бойлы, аққұба жас ханымның өткендігін көрді: оның артында ақ шпиц жүгіріп келе жатты.
Содан кейін ол оны қала бағында және гүлзарда бір күнде бірнеше рет кездестірді. Ол сол ақ шпицпен бірге, сол баяғы ақ беретін басына киіп жалғыз қыдырып жүрді; оның кім екенін ешкім білген жоқ және оны жай ғана «ит жетектеген әйел» деп атады.
- Егер ол күйеусіз және таныстарсыз қыдырып жүрсе, онда онымен танысқаным артық болмас,- деп ойлады Гуров.
Оның жасы әлі қырыққа жеткен жоқ, соған қарамастан оның он екі жасар қызы және гимназияда оқитын екі ұлы бар болатын. Оны екінші курстың студенті болып жүрген кезде ерте үйлендірген еді, енді әйелі одан бірнеше жасқа үлкен сияқты көрінеді. Бұл ұзын бойлы, қою қара қасты, тік мінезді, өзінше маңғаз, келбетті және ол өзі айтқандай ойшыл әйел болатын. Ол көп оқитын, күйеуін Дмитрий деп атаудың орнына Димитрий дейтін. Ал ол болса оны жасырын ой-өрісі таяз, жіңішке, көріксіз деп есептейтін, одан қорқатын және үйде болғанды ұнатпайтын. Ол оған баяғыдан опасыздық жасайтын, жиі опасыздық жасайтын, сол себептен әйелдер туралы көбінесе нашар сөздер айтатын, оның көзінше әйелдер туралы айтқан кезде ол әйелдерді:
- Төменгі нәсіл! - деп атайтын.
Ол өзін әйелдерді қалай болса солай атау үшін жеткілікті ащы тәжірибеге еті үйренген деп ойлайтын, дегенмен «төменгі нәсілсіз» екі күн де өмір сүре алмайтын. Еркектердің ортасында оған көңілсіз болатын, өзін жаман сезінетін, олармен сөйлеспейтін, суық болатын, ал әйелдердің ортасында болған кезде өзін еркін сезінетін және не туралы айту керек, өзін қалай ұстау керектігін білетін; тіпті олардың арасында үндемей тұру да оңайға соғатын. Оның ішкі дүниесінде, мінезінде, бүкіл болмысында тартымды, қолға ұстатпайтын бір нәрсе болатын, сол қасиеті әйелдерді баурап алып, өзіне қарай тартатын; бұл оны білетін және оның өзін де бір күш оларға тартатын.
Бірнеше рет болған тәжірибесі, шын мәнісінде, ащы тәжірибе, оны басында өміріңді жағымды жағына қарай өзгертіп, тартымды және жеңіл оқиға сияқты көрінетін кез келген кездесу, тәртіпті адамдардың, әсіресе мінездері ауыр, өздеріне сенімсіз мәскеуліктердің ішінде төтенше күрделі тұтас бір міндетке дейін өсіп кетеді және ең соңында жағдай өте ауыр болып кетеді. Бірақ кез келген қызықты әйелмен жаңа кездесу кезінде бұл тәжірибе оның жадысынан шығып кететін де, өмір сүргісі келіп кететін және барлығы сондай қарапайым және қызық болып көрінетін.
Бір күні кешкілік ол бақта тамақтанып отырған, ал береттегі ханым көрші үстелге отыру үшін асықпай жақындап келе жатты. Оның түр-әлпеті, жүрісі, көйлегі, шаш үлгісі оған оның әдепті ортадан шыққан, тұрмыс құрған әйел екендігін, Ялтада бірінші рет әрі жалғыз, сонымен қоса оған бұл жерде көңілсіз екендігін айтып тұрды. Жергілікті пейілдің таза еместігі туралы шығармаларда
өтірік сөз көп, ол оларды білетін және жек көретін, мұндай шығармаларды көбінесе егер қолдарынан келсе өздері де күнәға бататын адамдар жазғанын білетін, бірақ ханым оның үстелінен үш қадам жердегі үстелге отырған кезде, оның есіне жеңіл жеңістер, тауға саяхат туралы шығармалар, жақын арада болатын өткінші байланыс та, атын да тегін де білмейтін, беймәлім әйелмен болатын роман кенеттен оның бойын баурап алды.
Ол шпицті өзіне мейірімділікпен тартты, иті өзіне жақындаған кезде саусағын шошайтып сес көрсетті. Шпиц ырылдады. Гуров қайтадан сес көрсетті.
Антон Чехов 1-тапсырма. Жағалауда жаңа пайда болған тұлға кім?
А) Дмитрий Гуров
Б) Ит жетектеген әйел
В) Ақ берет киген егде жастағы әйел
Г) Ой-өрісі таяз, жіңішке, көріксіз әйел Д) Өрімдей сұлу жас қыз
Е) Орта жастағы тұрмыс құрған әйел
2 – тапсырма.
«Ал ол болса оны жасырын ой-өрісі таяз, жіңішке, көріксіз деп есептейтін, одан қорқатын және үйде болғанды ұнатпайтын. Ол оған баяғыдан опасыздық жасайтын, жиі опасыздық жасайтын, сол себептен әйелдер туралы көбінесе нашар сөздер айтатын, оның көзінше әйелдер туралы айтқан кезде ол әйелдерді - Төменгі нәсіл!» - деп атайтын.
Осы үзіндідегі келтірілген пікір кімнің ойы? Мәтіннен осы ойға қайшы келетін пікірді тауып, өз ойыңды дәлелде. Ол үшін мәтін сюжетінің өрілуін байланыстырып тұрған сөйлемдерді тауып өзара дамуын анықта.
- тапсырма. Осы оқиға қалай аяқталады және осы іссапардан кейін Дмитрий өзінің әйеліне не айтады деп ойлайсыз? Өз пікіріңді аргументациялай отырып, дәлелде.
- тапсырма. Мәтіннің идеясын анықта және сюжеті осыған ұқсас қандай шығармаларды білесің? Сол шығармадағы кейіпкермен немесе сюжетпен салыстыра талдау жасай отырып, мәтіннің идеясына баға бер.
- тапсырма. Мәтін құрылымына назар аудар, жанрлық ерекшеліктерін анықта, көркемдегіш құралдар бойынша талдау жаса, мәтінде автордың үнін танытатын ирония, сатира сынды ұғымдар (болса) анықта. Мәтін типін, жағдайдың түрін сипатта.
- МӘТІН. АРАЛАР
Аралар туралы мәтін. Осы және келесі бетте көрсетілген ақпарат аралар туралы булеттен алынды. Сұрақтарға жауап беру үшін осы ақпаратты пайдаланыңыз.
Шірне жинау
Аралар өмір сүру үшін бал жасайды. Олар үшін бұл басты тамақ. Егер омартада 60,000-ға жуық ара болса, олардың үштен бір бөлігі шірне жинайды, ал олан омартадағы аралар бал жасайды. Аралардың шағын мөлшері жинаушы немесе іздеуші ретінде жұмыс жасайды. Олар шірненің көзін іздейді, одан кейін омартасына қайтып, ол туралы басқа араларға айтады.
Жинаушылар би арқылы басқа араларға шірненің көзі орналасқан жер туралы білуге көмектеседі, сол би арқылы аралар ұшып өтетін бағыт пен қашықтықты түсінеді. Осы би кезінде аралар, 8-суретте көрсетілгендей, іштерімен бір жақтан екінші
жаққа қарай қозғалып, шеңбер болып айналады. Бидің реті тура келесі суреттегідей болады.
Суретте бал ұясының тік жағында омартаның ішіндегі аралардың биі көрсетілген. Егер суреттің ортаңғы бөлігі жоғары қарай нұсқаса, онда бұл аралар күн жаққа қарай ұшса, тамағын таба алады дегенді білдіреді. Егер суреттің ортаңғы бөлігі оң жақты нұсқаса, онда тамақ күннен оңға қарай орналасқан дегенді білдіреді.
Аралар іштерімен қозғалатын уақыттың ұзақтығы тамақтың омартадан бастап орналасқан қашықтықты көрсетеді. Егер тамақ жақын жерде болмаса, онда ара гүлдің ішін біраз уақыт қозғайды.
Бал жасау
Аралар омартаға шірнемен ұшып келгенде, олар оны омартадағы араларға береді. Омартадағы аралар шірнені омартаның жыл және құрғақ ауасының әсеріне ұшыратып, төменгі жақтарымен жылжытады. Жиналған шірненің құрамында 80% сумен араласқан минералдар мен қант болады. 10-20 минуттан кейін, артық су буға айналып кеткен кезде, омартадағы аралар шірнені бал ұясының ұяшығына қояды, онда булану үдерісі жалғасады. Үш күннен кейін ұяшықтағы балдың құрамында
шамамен 20% су болады. Бұл уақытта аралар ұяшықтарын балауыздан жасалған қақпақтармен жауып қояды.
Әдетте, аралар шірнені бір типті гүлдерден және бір жерден жинайды. Шірненің негізгі қайнар көздері жеміс ағаштары, беде және гүлденген ағаштар болып табылады.
Глоссарий
- Омартағы ара омартаның ішінде жұмыс істейтін жұмысшы ара
- Төменгі жақауыздың бөлігі
1– тапсырма. Аралар
Аралар биі не үшін қажет?
- Балдың табысты дайындалғанын атап өту үшін.
- Жинаушылар тапқан өсімдіктің түрін көрсету үшін.
- Жаңа ұрғашы араның тууын атап өту үшін.
- Жинаушылар тапқан тамақтың қайда екенін көрсету үшін.
Дұрыс жауап: D.
2– тапсырма. Аралар
Шірненің негізгі үш көзін жазыңыз. 1.
2.
3.
Дұрыс жауап: Сұрақтың мақсаты: ақпарат алу: бұратын ақпаратсыз, әріп тіркесі abc, abe, bde (кез-келген ретпен) a: жеміс ағаштары b: беде
c: гүлденген ағаштар d: ағаштар e: гүлдер
3– тапсырма. Аралар
Шірне мен балдың арасындағы негізгі айырмашылық қандай?
- Заттың құрамындағы судың мөлшері.
- Заттағы қанттың минералдарға қатынасы.
- Зат алынатын өсімдіктің түрі.
- Затты өңдейтін аралардың түрі.
Дұрыс жауап: А.
4– тапсырма. Аралар
Араларбиарқылытамақтың омартаданқаншалықты ұзақ жерде орналасқанын көрсеткісі келеді ме?
.................................................................................................................
.................................................................................................................
Дұрыс жауап:
- Араның ішін қозғайтынын және қозғаудың ұзақтығын айтады.
- Ара ішін қанша уақыт қозғайды.
- Ол белгілі бір уақыт бойы ішін қозғайды.
- Араның ішін қозғайтынын ғана ескереді.
- Ол ішін қозғайды.
- Ол ішін қозғау арқылы тамақтың қаншалықты алыста екенін көрсетеді.
- Ішін қозғау уақыты ескерілмей, қозғалудың ұзақтығы ескеріледі.
- Араның қаншалықты ұзақ билейтіні.
- МӘТІН. ЧАД КӨЛІ
- суретте Сахара шөлінің солтүстік африкалық бөлігінде орналасқан Чад көлінің тереңдік деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі соңғы Мұз дәуірінде біздің заманымызға дейінгі шамамен 20 000 жыл бұрын толықтай жоғалып кетті. Ол шамаман біздің заманымызға дейінгі 11 000 жыл бұрын қайта пайда болды. Бүгінгі таңда оның тереңдігі біздің заманымыздың 1000 жылында болған деңгейде.
1-сурет
2-суретте берілген диаграммада Сахарадағы жартасқа жазылған өнер (үңгірлердің қабырғаларынан таылған көне суреттер немесе кескіндемелер) және жануарлар дүниесіндегі өзгерістер көрсетілген.
Сахарадан табылған жартасқа салынған суреттер және жануарлар дүниесі.
2-сурет
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін Чад көлі туралы ақпаратты пайдаланыңыз.
1 – сұрақ. Чад көлі
Бүгінгі таңда Чад көлінің тереңдігі қандай?
- Екі метрге жуық.
- Он бес метрге жуық.
- Елу метрге жуық.
- Ол толықтай жоғалып кеткен.
- Ол туралы ақпарат жоқ.
Дұрыс жауап: Екі метрге жуық.
2А– сұрақ: Чад көлі
Суреттегі графиктің бастапқы нүктесіне қай жыл сәйкес келеді? Жауабыңызды жазыңыз.................................................................
Дұрыс жауап: Б.з.д. 11,000 жыл (немесе шамамен 10 500 бен 12 000 арасында немесе оқушылар графикпен жұмыс істеп, тұжырым жасағанын растайтын сызба/түсіндірме)
11 000
Б.з.д. 11 000 жыл
Б.з.д.10 500 жыл
- Б.з.д. 10 000 жылға дейін
- Шамамен 12 000
- Шамамен б.з.д 11 000
2В – сұрақ: Чад көлі
Автор графиктегі бастапқы нүкте ретінде неге дәл осы жылды таңдады?
.................................................................................................................
.................................................................................................................
Дұрыс жауап: Көлдің қайтадан пайда болғаны туралы айтылады. Ескерту: тіпті алдыңғы жауап қате болса да, бұл сұраққа жауап толықтай ескеріледі.
Чад көлі шамамен б.з.д. 20 000 жылы толықтай жоғалып кеткен соң, б.з.д. 11 000 жылы қайтадан пайда болды.
- Чад көлі Мұз дәуірінде жоғалып кетті, одан кейін сол уақытта қайтадан пайда болды.
- Ол қайтадан пайда болды.
- Көл шамамен б.з.д. 11 000 жылы қайтадан пайда болды.
- Көл 9000 жылдай жоғалып кетіп, қайтадан пайда болды
3– сұрақ: Чад көлі
- сурет келесілер туралы болжамдарға негізделген:
- Жартасқа салынған суреттерде бейнеленген жануарлар, оларды салған кезде, Чад көлінің ауданында мекендеген.
- Жануарларды салған суретшілердің сурет салу техникасы жоғары болған.
- Жануарларды салған суретшілердің алыс қашықтықтарға саяхат жасай алатын мүмкіндігі болған.
- Жартасқа салынған суреттерде бейнеленген жануарларды қолға үйретуге қадамдар жасалмаған.
Дұрыс жауап: А.
4– сұрақ: Чад көлі
Бұл сұраққа жауап беру үшін 1 және 2-суреттерде берілген ақпаратты біріктіру керек.
Сахарашөліндегі жартасқа салынған суреттерден мүйізтұмсықтың,су сиырының және жабайы өгіздің жоғалуы орын алды:
- Соңғы Мұз дәуірінің басында.
- Чад көлінің тереңдігі ең жоғары деңгейге жеткен кездегі кезеңнің ортасында.
- Чад көлінің деңгейі мың жылдан астам уақыт ішінде төмендеген соң.
- Үздіксіз қуаңшылық кезеңінің басында Дұрыс жауап: С.
- МӘТІН. МАКОНДА
Макондода таңқаларлық жаңалықтардың жаппай орын алғаны соншалық тұрғылықты халық қайда қарарын және неге таңданарын білмей қалды. Түнімен адамдар Аурелиано Хмурый поезда екінші сапарынан соң әкелген машиналардан түскен әлсіз электр жарықтарына телміреді, басында бұл машиналар өзінің адам төзгісіз және толассыз «тум-тум-тум» деген даусымен баршаның есін шығарған еді. Бәрі шаруасы дөңгеленіп жүріп тұрған саудагер дон Бруно Креспидің театрына қарай ағылды, кассадағы билеттердің бәрі жаппай саталып кетті. Көпшілік салбыраған ақжайманың бойымен жүгіріп жүрген кейіпкерлерге қарағысы келді, бәрін қызықтырған жайт алдыңғы кино көріністерінің бірінде бәрін соншама қайғыға салып, қайтыс
болған кейіпкердің кейіннен тірі және аман болып шыққаны, және ең таңқаларлығы кейіннен оның араб екенінің анықталғаны еді.
Кейіпкерлердің қайғысы мен қуанышын бөлісу үшін екі сентаво төлеген көрермен бұл жат жерлік алаяқтыққа төзе алмай, кино залын ойран қылған еді. Дон Бруно Креспидің талап етуімен алькальд халықпен сөйлесуге шығып, киноның өмір еместігін, оның ойдан шығарылатынын және ол үшін соншалықты күйзеліп қажеті жоқ деп түсіндірді. Бұндай естен айырарлық әңгімеден соң өздерін цыгандардың жаңа зор айласының құрбаны болдық деп біліп, ендігі жерде кинотеатрларға бармаймыз, ойдан шығарылған әлденелердің қырсығысыз ақ өзіміздің бас қайғымыз бен қиыншылықтарымыз онсыз да жетерлік деп шешті. Макондо бұл колумбиялық жазушы Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романынан үзінді. Роман оқырманның қызығушылығын және оң эмоцияларын туындататындықтан жеке жағдайға қатысты ретінде топтастырылады.
1– сұрақ: Маконда
Макондо тұрғындарының ызасын шақырған фильмдердің қандай ерекшелігі?
.................................................................................................................
.................................................................................................................
Дұрыс жауап:
- Олар қайтыс болды деп санаған адамдар өмірге қайтып келеді.
- Олар фильмдер шынайы деп ойлады, бірақ олай болмай шықты.
- Олар фильмде өлі болып бұларды алдаған адам, өздерін ақымаққа санып отыр деп ойлады.
- Олар фильмдердің ойдан шығарылатынын түсінбейді.
- Өйткені кейіпкерлері алдыңғы фильмдерде қайтыс болатын актерлар басқа рольдерде көрермендерге қайтып оралды.
- Аудитория өзін оның сезімдерін ұрлап алғандай сезінді
- Олар өтірікші адамдардың проблемаларын арқаламай-ақ өздерінің проблемаларымыз да жетеді деп ойлады.
- Себебі бір фильмде жерленген актерлардың бірі басқа фильмде араб рөлінде қайта оралды.
- Олар алаяқтықтың құрбаны болдық деп ойлады.
2– сұрақ: Маконда
Неліктен мәтін соңында Макондо халқы енді кинотеатрларға бармаймыз деп шешті?
- Олар көңіл көтеріп, ойымыз бөлінеді меп күткен еді, бірақ көпшілік фильмдердің тым шынайы және депрессивті екенін байқады.
- Олардың билет сатып алуға шамалары жетпейді.
- Олар өз эмоцияларын шынайы жағдайлар үшін сақтағысы келді.
- Олар эмоционалдық тұрғыда ойларын бөліп, көңіл көтергісі келді, бірақ фильмдер жалықтырарлық, көңілге қонымсыз және төмен сапада болды
Дұрыс жауап: С.
- МӘТІН. КҮН
13-мәтін.Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге жауап беретін заттар иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада жүріп жатқан көптеген процестерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен ағзамыз D дәруменін өндіреді.
Қызық дерек:Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі пигменттігінде. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз өндіріледі.
D дәруменікальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені, кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің, омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді білдірмейді. Ағзада D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз айларында аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса жеткілікті.
- Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз. Ультракүлгін сәулелер... А) ағзада жүріп жатқан көптеген процестерді - тыыс алу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын кұшейтеді.
В) төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. С) негізгі зақымдағыш әсер факторы.
Д) минерлады сіңіруді реттейді.
Е) көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады.
- Жаз айларында қанша уақыт күнге қыздырыну керек?
А) Аптаның үштен бір бөлігін, бір сағаттың төрттен бір бөлігін. В) Аптаның бестен бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін. С) Аптаның екіден бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін. Д) Аптаның төрттен бір бөлігін, бір сағаттың екіден бір бөлігін. Е) Апта бойы, бір сағат толық.
- Қандай реңді адамда күн сәулесі әсерінен болатын Д дәрумені аз өндіріледі?
А) Қара сұр. В) Қара торы.
С) Қызыл шырайлы. Д) Дөңгелек жүзді. Е) Ақ құба.
- Д дәрумені адамның сөйлеу мүшесінің қайсысына пайдалы? А) Таңдай.
В) Жақ. С) Ерін. Д) Тіл.
Е) Тіс.
- Мәтін қай стиль түрінде жазылған? А) Ауызекі сөйлеу стилі.
В) Публицистикалық стильде. С) Көркем әдебиет стилінде.
Д) Ғылыми стиль.
Е) Ресми іс-қағаздар стилінде.
- Жаз мезгілінде қай уақытта күн көзіне шыққан пайдалы? А) 8 сағаттық жұмыс уақыты кезінде.
В) 8 сағаттық жұмыс уақытынан кейін. С) Кеш батқаннын кейін.
Д) Түскі үзіліс кезінде.
Е) Жұмыс уақытының ортасында.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- PISA- Халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал – Астана, ҰББСБО, 2012, 114 бет
- «PISA-2018/компьютерлік формат халықаралық зерттеуі құралдары»: Жинақ - «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ. Астана, 2016 – 126 бет.
- PISA: Оқу сауаттылығы https://bilimcenter.kz/courses/4/34
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?