Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал.


Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың формалары

Адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы. Адам құқықтарын қорғау өте өзекті тақырып. Адам дүниеге келгеннен бастап белгілі бір құқықтарға ие болады. Ол ең алдымен өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы осы саладағы қалыптасатын басқа барлық құқықтар мен бостандықтың бастапқы негізін қалайды. Ол әлемдік өркениеттіңең жоғарғы құндылығы болып табылады, өйткені адам мерт болған жағдайда басқа құқықтың маңызы жойылады. Адамның өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау, еркін жүріп тұру, ар-ождан мен діни сенім бостандығы, бірлесу, бейбіт жиналыстар мен митингтер бостандығы, сөз және наным, денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарының сақталуы мәселелері егжей-тегжейлі танылады. Сондықтан, адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық құқықтық ынтымақтасуының рөлі маңызды.Адам құқықтары институтының қалыптасуы ұзақ уақытты талап етті. Әділетті түрде қалыптасып, даму шыңына ХХ ғасырда жеткен.Адам құқықтары негізінен жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты. Олар мемлекеттік биліктің жеке тұлғаларға қатысты бақылануын және реттелуін іске асырады, мемлекетке қатысты жеке тұлғаларға еркіндік береді және мемлекеттен негізгі адами құндылықтарды қанағаттандыруды талап етеді. Адам құқықтарын қорғау БҰҰ-ның бастауымен айқындалады. Біріккен Ұлттар халықтары Жарлықта өздерінің адамның негізігі құқықтарына, адамның жеке тұлғасының қадір-қасиеті мен құндылығына және әйелдер мен ерлердің тең құқығына деген сенімін растады және әлеуметтік ілгерлеуге және өмір жағдайын жақсартуға көмек көрсетуді шешті[1].Мүше-мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтасуда, адам құқықтарын және негізігі бостандықтарын жалпы құрметтеуге және қорғауды өздеріне міндеттеді. БҰҰ Жарлығының 55 және 56-тармақтарында БҰҰ-ның барлық мүшелері үшін адам құқықтарын жалпы құрметтеуге және қорғауға қол жеткізу үшін бірлескен немесе дербес іс-әрекеттер қабылдау нормаларын қабылдаудың императивтік нормалары бар.Осылайша, БҰҰ – ның Жарлығы халықаралық құқықтың жан-жақты көзі болып табылады, оның негізгі принциптерінің бірі – адам құқықтарын құрметтеу және адам құқықтарын қорғаудағы теңдік дәрежеге жету. Теңдік деп жынысына, ұлтына, дініне қарамастан, барлық адамдардың жағымды қортындыларына қол жеткізуде тең мүмкіндіктерге ие болу. Ал егер адам құқығын қорғау толық жүзеге аспаса, онда теңдік жайлы сөз қозғаудың мәні нелікте екендігін түсіну қиын.Осыған орай, адам құқықтарын сақтай отырып, оны қорғау білу теңдік дәрежеге әкеледі. Адам құқығының қорғалуының тиімді механизмінің қалыптасуындағы халықаралық деңгейдегі мемлекеттер әріптесуінің рөлі маңызды және бұл мақсатта қол жеткізу үшін мемлекеттерге ынтымақтасу қажет.Адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту және қорғау саласында халықаралық құқықтық ынтымақтасудың дамуы екі бағыт бойынша жүрді. Біріншісі, адам құқықтарын бекіту саласында жалпы және арнайы актілерді әзірлеумен және қабылдаумен сипатталады. Екіншісі – мемлекеттердің адам құқықтарын қорғаудың іс жүзіндегі тетігін құру және оның сақталуына бақылау жасау саласында ынтымақтасу. Сондықтан, таңдап алынған диплом жұмысымның тақырыбы өзекті, өте ауқымды болып отыр[2].Адам құқытары саласындағы мемлекеттердің әріптесуі тұтас бір жүйеге қалыптастырылады. Осы жүйе әрбір мемлекет үшін халықаралық дәрежеде ұстанатын негізгі принциптер мен ережелер тізбегін құрайды. Себебі, ең алдымен адамның ортақ құқықтары бөлінбейді, бірдей маңызды болады. Адам құқықтарын құрметтеу демократиялық елдің негізгі принциптерінің бірі.Диплом жұмысының объектісін екі мағынада қарастыруға болады. Тар мағынада бұл – адам құқықтары. Кең мағынада алғанда адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында млекеттердің халықаралық құқықтық ынтымықтастығы. Сонымен қатар бұл тақырып өте ауқымды болып келеді.Диплом жұмысының мақсаты: Адам құқықтары саласындағы қолданыстағы құжаттар мен ұйымдарды мемлекеттер ынтымақтастығының нысаны ретінде талдау және тарихтың осы кезеңіндегі мемлекеттердің құқықтық ынтымақтастық проблемаларын анықтау және оларды шешу жолдары.Адам құқығының ғылыми әзірлемесі жоғары. Ғылымның көрнекі қайраткерлері В.А. Карташкин, Р.А. Мюллерсон, Т. Бюргенталь өз еңбектерін адам құқықтарына арнаған. Е.А. Лукашева Адам құқығы ғасыр қорытындылары, үрдістері мен перспективалары атты кітабында автор жаһандану және адам құқықтары, адам құқықтары мен қазіргі заманның жаһандық проблемалары сияқты мәселелерді ашады.Д. Вашингтон Университетінің салыстырмалы және халықаралық құқық факультетінің профессоры Томас Бюргенталь Адамдардың халықаралық құқықтарына қысқаша шолу деген еңбегінде адам құқықтары жөніндегі бірінші келісімдерден бастап адам құқықтарының дамуына және әр түрлі аумақатарда бақылау тетіктерін қарастыруға жақсы талдау жасаған. Мәселе ғылыми ортаның ішінде ғана емес барлық әлемдік қауымдастықта өзекті болып табылады. Жыл сайын адам құқықтары жөнінде оннан астам халықаралық конференциялар өтеді. Адам құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы халықаралық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдар да конференцияны ұйымдастырушылар болып табылады. Адам құқықтары саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Веналық декларация және 1993 жылғы 25 маусымда Адам құқықтары жөніндегі бүкіләлемдік конференция қабылдаған іс-әрекеттер бағдарламасы ерекше орын алады. Мемлекеттер шеңберінде ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымында жүзеге асырылады[3].Дипломдық жұмысым кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттермен қоса негізгі үш тараудан тұрады:І тарау. Адам және азаматтар құқығының теориялық негіздері және олардың басты билігін қорғаудың заңдылықтарыІІ тарау. ҚР азаматтарының құқықтарын шет мемлекеттерде қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық құқықтық ынтымақтастығыІІІ тарау. Мемлекеттер арасында адам құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықтың дамуы және халықаралық аймақтық ынтымақтастық

І ТАРАУ АДАМ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАСТЫ БИЛІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

1.1. Жеке тұлғаның құқықтық статусы: түсінігі, құрылымы, түрлері

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы – сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан, жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар.Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік нор-малардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы болғанын білеміз.Адам құқығы — тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан, әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, де-мократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болса екіншісі де болады. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды.Сонымен адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты.Алғашқы қоғамдағы бостандық:– құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;– феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;– буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;– қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны.Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық статус арқылы толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың санқырлы байла-нысының түсінігі, мазмұны, құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.Құқықтык, статус – жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл статустың мазмұны адамның қоғамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал статустың нысаны – сол адамның қоғамдағы алатын орын заңды түрде сипаттауы. Статус латын тілінен аударғанда положение – жағдай – деген ұғымды көрсетеді[4].Сонымен, құқықтық статус – «құкықтық жағдай» – бір мағынадағы ұғым. Оның негізгі мазмұны мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке тұлғаның бостандығы, құқықтары мен міндеттері.Құқықтық статус объективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның жетістіктері мен кемшілігінің көрінісінің айнасы деуге болады. Адам қоғамының көне дәуірден даму кезеңдерінде құқықтық статус әртүрлі болды. Бірақ бұл процесс үнемі прогрестік жолмен дамыды.Сонымен кұқықтық статус – кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара байланысының көрініс – айнасы.Құқықтық статустыц негізгі түрлері:1) Жалпылама құқықтық статус – бұл азаматтық статус, қоғамның мүшесі, Конституциялықстатус.2) Арнаулы құқықтық статус – студемттер, зейнеткерлер, шахтерлер т.б. статус.3) Жеке тұлғаның құкықтық статусы – бір адамның өмірбаянының реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т.б. Олардың қоғамның қай саласында кызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер болуы.4) Жеке тұлға және заңды тұлғалар статусы.5) Шет елдердің азаматтарының статусы.6) Қазақстан Республикасыиың шетелдердегі азаматтарының статусы.7) Жүйелік статустар: азаматтық, әкімшілік т.б.8) Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар статусы.9) Статус – қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр-шығыста, қорғаныс өндірісінде, құпия өндірістет.б.)Қазіргі заманда жеке тұлғаның кұкықтық статусы заң ғылымының бір саласына айналды және жалпы тсорияның жеке тақырыбы болып отыр.Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады. Бұл объективтік тұжырымға адамдар мыңдаған жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің заманымыздан бұрынғы V — IV мыңжылдықтан бастап адам қоғамы әлеуметтік нормасыз өмір сүре алмайды. Норма объективтік тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып гректің ойшыл-ғалымдары Ликофрон,Антифон ( V- ІV мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықта-ры бар, оны ешкім жоя алмайды – деген. Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған. Сөйтіп «Табиғи кұқықтық теория» өмірге келген.Бұл теория Англияның 1215 ж. бостандық партиясында, 1689 ж. құқық петициясында; АҚШ 1776 ж. декларациясында, 1791 ж. Конституциясында, Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 ж — Декларациясында адамның «Табиғи құқық теориясы» қабылданып, эр мемлекеттің кұқығының негізі болсын деп қаулы қабылдады. 1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың экономикалық, әлеуметтік жэне мәдени құқықтарын әлем көлемінде дамытуды, жақсартуды міндеттеді[5].Казіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.Сонымен, адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік және құқыктық нормалар арқылы басқа-рылып келеді.Сондықтан, жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар. Оның даму мазмұны, шеңбері қоғамының даму деңгейімен байланысты. Әр формацияда адам бостандығы мен құқығы әр түрлі болады. Бірақ оның дамуы объективтік прогрестік жолмен дамыды. Қоғам дамып, нығайып жақсарған сайын құқықта, бостандық та нығайып жақсарады, оның әділеттік, демократиялық мазмұны да, кеңістігі де күрделенеді, жақсарады. Егерде бұл бостандыққа, құқыққа шектеу қойылса оны іске асыруға кедергілер жасалса, адамдардың табиғи бостандықтарына мән берілмесе ондай қоғамда антидемократиялық (фашизм, тоталитаризм, деспотизм) мемлекет орнап саяси, экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Адам қоғамының тарихында бұған мысал жеткілікті. Осы XX ғасырдың өзінде осындай дағдарыс екі дүниежүзілік соғысты өмірге әкелді.Сонымен, адам құқығы – жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері аркылы қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап өздерінің қадір-қасиетін, ар-намысын, абырой беделін корғап, жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.Адам кұқығы – табиғи қүқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.Азамат құқығы – табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамныц азаматы болу[6].Жеке тұлғаның құқығы – жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық статусының шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жата-тындар: адам, азамат, шет елдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар.Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігі бұл үш ұғымды бір мағынада қолдана береді. Жеке адамдардың кұкықтарында объективтік және субъективтік деген түсініктср бар. Елді солардың мазмұнына тоқтайық.Объективтік құқық – заңды пормалардың бір жүйесі, оның мазмұны, нормалардың өмірге келуі жекс адамдармен қатысы жоқ. Субъективтік құкық – субъектілердің бостандығы мен құқықтары объективтік құқықтағы іс-әрекеттерді орындауға байлаиысты.Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтарымен бостандығы халық-аралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оныңтүрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, эколо-гиялық, ақпараттык құқықтар. Енді оларға қысқаша түсінік берейік.Азаматтық құқық – адамиың табиғи бостандығы мен құқықтары. Адам не істесе де ерікті. Тек қоғамға жеке азаматтарға зиян келтірмеуге міндетгі.Экономикалық құқық-табиғи бостандық пен кұқықтың экономикалық талаптары – жеке меншік кооперацияға мүше болу, акционерлік ұйымдарға қатысу, жұмыс істеу, бизнеске қатысу т.б.Саяси құкық, – қоғамды, мемлекетті, өндірісті, шаруашылықты басқару, қоғамдық ұйымдар, партия құру, жиналыс, митинг, демонстрация өткізу, сайлауға қатысу, сайлану т.б.Әлеуметтік құқық – қоғамның экономикалық, материалдық дамуы сол арқылы адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек, үй құқығы, денсаулықты жаксарту т.б.Мәдени құқыктар – білім алу, рухани сананы жақсарту; әдебиет, өнермен шұғылдану; тіл, дін құкықтары т.б.Экологиялық кұқық – адамды қоршаған ортаны, табиғатты жақсарту, ол туралы мәліметтер алу, зиянға ұшыраса төлету т.б.Ақпараттық құқық – ойлау, сөйлеу бостандығы, газет-журнал шығару, мақалалар жазу т.б. қүқықтар.Халықаралық құқықтар – жоғарыда көрсетілген құқықтардың кепшілігі адамдар басқа елдерге барғанда да пайдаланады. Адамдардың саяхат жасауына, жүріп тұруына шектеу қойылмайды.Адамдардың негізгі міндеттері – адамдардың құқықтары мен міндеттері тығыз байланыста болады. Мысалы: сөз, ойлау бостандығы мен қате, бұрыс ойламау, сөйлемеу міндеттері. Адамдардың міндеттерін екі топқа бөледі: табиғи және заңды міндеттер.Табиғи міндеттер табиғи құқықтар мен сәйкес болады. Заңды міндеттер – нормативтік актілер арқылы қалыптасқан міндеттер. Мысалы: азаматтардың табиғатты жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау т.б.Азаматтардың негізгі міндеттерінің көпшілігі Конституцияда көрсетіледі. Адамдар құкықты қалай талап етсе, олар сол дәрежеде міндеттерді орындауы қажет. Құқықпен міндет бірге қалыптасады, өмірге бірге келеді, бірге дамиды. Бұл объективтік процесс. Адамдар өз міндеттерін дұрыс, уақытында жақсы орындаса құқықтары да кедергісіз орындалуға тиісті.Адам құқығы – азаматтың басты игілігіҚазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бос-тандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ[7].Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостан-дықтары», – деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моралдік құқық береді.Адам құқықтары мен бостандықтары туралы заңдарды дамыту жолында Қазақстан басқа өркениетті елдердің тәжірибесін қолдана бастады. Соның бір айғағы ҚР Президентінің жарлығымен Президент жанында елдегі адам құқығы мен бостандығын сақтауға бақылау жасайтын, өкілеттік қызмет жөніндегі комиссияның құрылуы. Қоғамның өтпелі кезеңінде еліміздегі адам құқықтары жөніндегі заңдар қызметін үйлестіріп, олардың осал түхтарын ретке келтіріп, қалпына келтіруде қазақстандықтар комиссияға зор үміт артады. Бұрынғы кеңестік дәуірде азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін жоғары билік орындарына, тіпті Коммунистік партияның Бас хатшысына жүгінетін. Қазіргі уақытта адамдар өздеріңің бұзылған құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау орындарына, сотқа, Адам құқығы жөніндегі комиссияға шағымданатын болды. Бұл біздің қоғамның құқықтық мемлекет құруға бет бұрғандығымызды көрсетеді.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік қауымдастық қатарына қосылғаннан бері адам құқығына қатысты бірнеше халықаралық конвенцияларға қосылды. Қазақстаи ең алдымен 1949 жылы қабылданған Женева конвенциясына (Комвемцияға қосылу ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен бекітілді), 1989 жылы қабылданған Сәби құқығы туралы конвенцияға (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8-ші наурызындағы қаулысы) қосылды. Осы конвенцияларға косылып, Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтары басты қазынасы болып саналатын, демократиялық ел болуға деген ұмтылысын бекіте түсті[8].Еліміз егемендік алып, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіз мемлекеттің бүтіндігін қорғап, ішкі жэне сыртқы сая-сатының да пәрмендігін арттыру үшін, оның мызғымас заңы жэне заңцы қорғайтын әділ сотының болуы басты шарт. Сот оділдігін жүзеге асыру мемлекеттік өкімет билігіпіц срскше түрі. Азаматтар құқығы — заңдармен қорғалады, ал заңдар бұзылса әділ сот билігімен қорғалады. Сондықтан сот билігі жүйесіндегі мәселелер терең қамтылып, заңдарымыз уақыт ағымымен сәйкестірілу бағытында. Жоғарыда айтқанымыздай Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің рсспубликамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, және саяси пактілерге қосылуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік берді.

1.2. Адам құқығы туралы идеялардың қалыптасу тарихы

Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болары белгілі. Қазакстан Республикасы Конституциясында былай делінеді: Адам құқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі, абсолюттігі мен ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды.. Кұкық — адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құкық — бұл адам бостандығының өлшемдері. Бостандық — бұл өз құқықтарыңды жұзеге асыру мүмкіндігі Адам құқығы, деп көрсетеді В.М. Корельский мен В.Д. Перевалов, — бұл жеке адамның өмірін, адами касиеттері мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-өрекет бостандығын камтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер…Адам құқығы шектеулі, ол ешкашан абсолютті бостандықта бола алмайды. Тек құқық қана өлсізді күштіден корғауға бағытталған. Құқыктық реттеу белгілі бір қоғамның мүшесі ретінде де, әлеуметтен тыс нәрсе ретінде де адамға және нақты бір мемлекеттік құрылыс мүшесі ретінде азаматқа да катысты бола алады. Кез келген елдің кез келген азаматы адам, ал кез келген адам нақты бір мемлекеттің азаматы бола алмайды. Мұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында әркімнің құкығы бар деп көрсетілген мысалдан көруге болады. Мұндағы Қазақстан азаматтары құқылы деп айтылған кезде, бұл тек Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыұтық статусына катысты екендігі көзделеді. Азаматтық деген терминнің өзі адамның нақты бір мемлекетке жататын-дығын, содан барып өзара құқықтар мен міндеттемелер туындайтындығын білдіреді.Адам, азамат қандай құқықтарды иелене алады?Адам құкығының казіргі күнгі халықаралық құжаттарда көрсетілген тізімі – қазіргі қоғамның нормаларына арналған эталондар мен стандарттардың ұзақ тарихи қалыптасуының нәтижесі. Адам құқығы дамуының шешуші кезеңі 17-18 ғасырлардағы Еуропадағы буржуазиялык-демократиялық революция болды. Ол адам құкығының кең жиынтығын ұсынып қана қоймай, сондай-ақ, адам құқығының әмбебаптығы негізіне ай-налып, оған нағыз демократиялық мән берген формалды түрдегі тендік принципін ұсынды. Формалды тендестікке негізделген адам құқығы коғамдык дамудың басты құнды бағыттарының біріне айналды, олар мемлекет сипатына зор әсер етті, онын билікшілдігін шектеушілер болды, мемлекет өкімет пен жеке адамнын арасындағы демократиялык өзара іс-әрекетгің орнауына ыкпал етті, жеке адамды биліктік құрылымдар тарапынан шектен тыс қорғаншылық жасау жөне ерік-күші мен мүдделерін жаншудан босатты. Құқықтық мемлекет калыптастыру қоғамдық сана мен тәжірибеде адам құқығын бекітпейінше мүмкін болмас еді[9].Адам құкығы адамдар әрекетінің бірнеше рет қайталанылатын актілерінен, қайталанылатын байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақты формаларынан қалыптасқандығының езі қызықты.Ең әуелі адам кол жеткізуге ұмтылатын құндылықтар болды. Бұл құндылыктар адам баласынын дүниеге келуінен бастап-ақ бойына енгізілген еді. Шөліркеу, аштық сезімдері жеке адамды сұраныстарды қанағаттандыруға, осы құндылықтарға кол жеткізуге ұмтылуға итермеледі. Алғашкы қауымдык құрылыста адам жалғыз жүріп өз мүдделерін жүзеге асыра алмайтын еді. Сондықтан ол баска адамдармен бірігуге мәжбүр болды. Қауым мүшесі ретінде адам өз мүдделерін шектеп, кысым жасамйу үшін басқалардың да мүдделерін мойындауға мәжбүр еді. Бүкіл тайпа болып азық таба отырып, адамдар оны өзара бөлісті, сол арқылы бір-бірінің мүддесін тани білді. Индивидті кауымға бірігуге итермелейтін баска да көптеген факторлар болды. Қалыптасқан коғамдағы жеке адамдардын (индивид) әр түрлі мүдделері, сұраныстары, максаттарының жиі қақтығысуы, соғыстар, шиеленістер туғызып, қылмысты қоздырады. Дегенмен, қоғам мүшелерінің істері мен әрекеттері өртүрлі болса да адам бойындағы құндылықтар әртүрлі индивидтердін мүдделерін орайластыра отырып адамдардың өзара әрекеттері процесін реттей алады.Бірақ дүние бір орнында тұрмайды, қоғамның мәдени прогресі егер ол жеке тұлғаның жағдайына жаңалык енгізбесе, егер адам дамудың әрбір жаңа сатысынан, мейлі, тарихи шектеулі болсын, бірақ тарихта үнемі кенейе түсетін жаңа еркіндік минимумын алмаса мүмкін емес[10].Мәдени прогрестін осы аса маңызды аспектісін қоғамның жаратылыстық тарихи дамуына қарай моралдың, құқықтың, діннің, философияның бастауының өсуінен байқауға болады. Ежелгі дөуірдегі құл алғашқы қауымдық жабайыға қарағанда еркіндеу, ортағасырлық басыбайлы шаруа ежелгі дәуірдегі құлға қарағанда еркіндеу, ал ерте буржуазиялык қоғамның жалдамалы жұмысшысы ортағасырлық шаруаға қарағанда еркіндеу. Еркіндік жолымен қоғам дамуы тек прогрестік бастамалардың үдемелі, өсе түсуі ғана емес деп Е.А. Лукашов әділ көрсеткендей, тарихи прогресс – объективті-детерминацияланған, өлеуметтік дамудың үйме-жүймесі мен барлык кездейсоқтықтар арқылы езіне жол салатын құбылыс.Алғашкы қауымдық құрылыстың кластар пайда болу дәуіріндегі қорытынды құлау сатысында кұқық нормалары туындайды. Дегенмен, құкық нормалары мен адам құқығы — өртүрлі кезеңдік құбылыс. Әлемнің көптеген аймақтарының құқықтық жүйелері ірі қоғамдык еңбек бөлінісіне, оның өнімділігінің артуына байланысты қалыптасты. Бұлар артык өнімнің пайда болуы және қоғамдық байлыкты қалыптасып үлгірген артықшылығы бар туыстық ұйымдар арқылы басқару процесін жүзеге асырушы жоғарғы топтардың қолына жинау мүмкіндігін жасады. Олар үстем тап екілдерінің қоғам мүшелерінің көпшілігіне колданатын зорлық, күштеу өдістеріне баса негізделген еді. Еркіндік деңгейі өте төмен болып, ол тек билік жүргізуші жоғарыдағыларды ғана қамтыды.Еркіндік сөзінің өзін колдану, айтушыларға карағанда, б.д.д. XXIV ғасырда пайда болған. Ол кезде монарх Шумер өзінің қол астындағылар үшін, арсыз салық жинаушыларға қарсы санкция қолдану, билікке ие адамдардың әділетсіз істерінен жесірлер мен жетімдерді қорғау және первосвященниктердің храм қызметшілерін қүлға айналдыру тәжірибесін тоқтату арқылы еркіндік белгіледі. Б.д.д. V-IV ғасырларда ежелгі полистердегі (Афинада, Римде) адам қүқығы идеяларының тууы, азаматтық принципінің пайда болуы прогресс пен еркіндікке карай жылжу жолындағы ірі қадам болды. Римдіктер әуелі билікті қарапайым бөлуді жүзеге асырып, содан кейін табиғи құқық концепциясын жасай отырып азаматтық бостандықтың дамуына өз үлестерін косты. Демократ еңбектерінде (б.д.д. 460-370 жыддар) адамның пайда болуы мен қалыптасуын, оның тегі мен қоғамды әлемдік дамудың табиғи процестердің бір бөлігі ретінде қарастыруға алғашқы талпыныстардың бірі кездеседі. Софист Ликофрон мемлекеттік қауымды адамдардың арасындағы өзара одақ жөніндегі келісімдерінің нәтижесі ретінде сипаттады. Оның ғылыми тұжы-рымдамасында заң да жөй келісім жене жеке кұқыктың жөй кепілі болып шығады. Римнің көрнекті ойшылдарынын бірі Цицерон (б.д.д. 106-43 ж.) бойынша ізгі азаматтың міндеттері акиқатты тану, әділдік, рух ұлылығы мен сыпайылық сияқты ізгіліктерді ұстану кажеттілігімен белгіленеді. Азамат өзі басқаға кесір келтірмеуімен қатар жапа шегушіге жөрдем беруі тиіс [11].Орта ғасырларда азаматтық бостандықтар аздап қана нақты керініске ие болды. Абсолюттік табиғи құқық идеясын Аврелий Августин және айрықша, Фома Аквинский езінің Сумма теологии атты шығармасында дамыта түсті. Бұл кезеңде еркіндік өте шектеулі еді, өйткені феодалдык қоғам — бұл жалпыға бірдей тәуелділік қоғамы. Сыртқы экономикалық мәжбүрлеу, әлеуметтік иерархия, көпшіліктің құқықсыздығы, озбырлық, күштеу, қорқыту үнемі зорлық-зомбылық туғызды. Дегенмен осы кезеңнің өзінде Англияда монарх құқығын шектеу, монархияны сословие өкілдррімен біріктіруге ұмтылыстар жасалып, монархтың өктемдік жүргізуі үшін ол қадағалауға тиісті ережелерді белгілеуге тырысу пайда болды. Монорхия, барондардың, рыцарлардың бір-біріне қарсы тұруы еркіндіктің Ұлы хартиясын кабылдаумен аякталады. Онда король шенеуніктерінің өктемдігін ауыздықтауға бағытталған статьялар, сот, шерифтер және констебтер қызметіне занды білмейтіндерді, не оны орындағысы келмейтіндерді тағайындамау талаптары енгізілді. Ұлы хартияның 39-бабы ерекше орын алды, онда еріктілерге қатысты шара колдану теңдестердің занды үкімі жөне ел заңы бойынша қарастырылды.Англиядағы буржуазиялык күрылыс қалыптасу кезеңіне жататын Құқық туралы петиция монархка қол астындағыларды король өкімшілігінің озбырлығынан корғауға тиісті нақты міндеттер жүктеді. Адам құқығын қамтамасыз етудің келесі кадамы тиісті процедуралар ұғымын енгізген Хабеас корпус акті болды. Ол жеке адам еркіне кол сұғыл-мау кепілдігін, кінәсіздік презумпциясы принципін жөне басқа да жеке адам құқығын корғауға арналған аса маңызды институттарды белгіледі.Нығайған буржуазия мен жер өндеушілердін баскарушыларының арасындағы бекіген ымыраластықтың, конституциялық монархияның беку актісі Билльдін құқық туралысы болды. Билль парламентке үлкен рел берді, оның келісімінсіз заң әрекетін тоқтатуға, так пайдасы үшін салыктар мен түсімдер ендіруге, бейбіт кезде тұракты әскер ұстауға тыйым салды. Сонымен катар Билль адам құқына бағалы үлес косып, парламентте сөз бостандығы мен пікірталас еркіндігін, парламентке сайлау еркіндігін, қол астындағылардың монархқа петиция беру құкығын бекітті[12].Көрсетілген нормативтік актілер — адам құкығы мен оларды корғау үшін кажетті билік бөлісі саласында Англияның алғашкы жол салушы екендігінін айғағы. Жөнге салу жөніндегі акт парламенттің заннама саласындағы үстемдігін, соттардын ауыстырылмау принципін, король министрлерінін парламент мүшелері болуына тыйым салуды бекітті. Мұндай жанашылдыктар буржуазиялык қатынастардың қаркынды дамуына, феодалдық озбырлык, пен шексіздікке тыйым салуды талап еткен буржуазиялык сословие билігінің күшеюіне байланысты мүмкін болды.Белгілі тарихи құжаттарда көрініс тапкан адам құқығы мен еркіндік идеяларын одан әрі дамыту АКШ-та орын алды. Бұл құбылыстың қайнар көзі ағарту философиясында, ежелгі грек философтарының ілімдерінде, күкыктык доктриналарда Англиядағы буржуазиялык өұрылыс қалыптасу кезеңінде пайда болған Еркіндіктің ұлы хартиясы, туралы петиция, Билль құық туралы, Хабеас корпус акті тәрізді актілерден түзілген.Табиғи құкық туралы ілімді Т. Пейн мен Т. Джеферсон өздерінін Англияға тәуелсіз ел кұруға негізделген, АКШ-тағы буржуазиялық-демократиялык және орталыкка қарсы революциядағы жеңістері үшін күресте колданды. Т. Джеферсон бала дүниеге еркін болып келеді, бұл еркіндік табиғат сыйы, ол еркіндік туралы білетіндердікі ғана емес, балалар кішкентайынан және балалық шағында үлкендердің қамкорлығына берілген, сондықтан кажеттігіне байланысты олардың шектеулі билігі аясында болады. Бұл билік пен камкорлык баланың жағдайы мен оның қамы үшін қолданылуы тиіс. Бала өз әкесінің ешуакытта жеке меншігі болмайтындығы себепті, ол ересек адам болған кезде өзі жеке құқық субъектісі бола отырып, езінің дене куаттық және рухани күштері мен өз еңбегінін жемісін қалауынша пайдалану құкығына ие болады деп атап көрсетті [13].Пейн мен Джеферсон идеяларынын қуаты тек демократиялық мемлекеттікті бекітуге ғана емес, сондай-ақ адамның ажырамас табиғи құкықтарын корғауға да бағытталды. Вирджиний құқық декларациясының маңызы өте зор. Ол табиғаттағы барлык адамдар тең дәрежеде еркін және тәуелсіз, тумысынан нақты құқықтарға ие, сондықтан олар қоғамдық калыока енген кезде өздерін және өздерінің ұрпактарын қандай да бір келісім арқылы шектей алмайды, атап айтканда, меншікке ие болу мен кол жеткізу қүралдары аркылы өмір сүру және бостандык қүкынан, бакыт пен кауіпсіздікке ұмтылу және оларға қол жеткізу ажырата алмайды деп жариялады. Вирджиний кұкык декларациясы адам құқығының алғашқы мемлекеттік анықтамасы болды.Осы тарихи құжатка баға бере отырып К. Маркс былай деп жазды: Америка — бұл алғаш рет үлы демократиялық республика идеясы пайда болған, адам күкығының алғашкы декларациясы жарияланған және XVIII ғасырдағы революцияға бірінші дүмпу берілген елАКШ Конституциясында алғашында табиғи ажырамас Адам құқығының тізбесі болған жок. Кейіннен 1789 жылы Билль құқық туралы құрастырған Конституцияға алғашқы 10 түзетулер ұсынылып, ол 1791 жылы бекітілді .Табиғи ажырамас адам құқкығы идеялары Ж.Ж. Руссоның, Г. Гроцияның, Д. Локканың, Ш. Монтескьенің доктриналарында да дамытыла түсті.Заң, жалпы айтқанда, — деп жазды ІІІ. Монтескье, – адам ақыл-ойы, өйткені ол жер бетіндегі бар халыктарды баскарады; ал өр халыктың саяси және азаматтық заңдары осы акыл-ойға косымша жекелеген окиғалар ретінде ғана болуы тиіс….Д. Локктың айтқандарын ескермей кетуге болмайды: Адам, бұрын дәлелденгендей, толық бостандық пен табиғи заңның барлық құкықтары мен артықшылыктарын барлық басқа адам-дар сияқты шексіз пайдалануға құқылы болып туады. Бұл докториналар өзінің тарихи маңызы жағынан баға жетпес құкықтық акт — адам және азамат құкығы декларациясын жасаған ұлы француз революциясының күшті факторына айналды. Онда Надандық, адам құқығын ұмыту немесе оны елемеу қоғамдық қасірет пен үкіметтің бұзылғандығының бірден бір дәлелі болып табылады делінген [14].Саяси құқықтық тарихи ой-пікірлер нәтижелерінің мысалы ретінде, яғни адам, азаматқа кажетті құқықтарды іздеу нәтижесі деп тарихи құжаттар – заңды және жеке тұлғалардың енбектерінің жемісі аталынды. Олар адам құқығы идеялары калыптасуынын жалпы тарихында тарихи кесінділер делінеді.Сонымен біз адам құкығының пайда болуы мен дамуының ұзак. тарихы барлығын, ол белгілі бір елге тән доктриналар мен дәстүрлердің күресімен бірге жанаса жүретіндігін көріп отырмыз. Адам құкығы идеясының ежелден пайда болуына қарамастан, ол өзінің шын мәніне мемлекет демократизм, еркіндік, әділдік, тендік және адам бағасын мойындау сияқты принциптерді қамтамасыз еткен кезде ғана ие болады.

1.3. Адам құқықтарының жай-күйі және адам құқықтарын қорғау механизмі

1948 жылдың желтоқсанында адам кұқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылдануымен адам құқықтарын кодификациялау процесі басталды. Адам құқықтары институтын және процедураларын жақсарту оларды іс жүзіне асыру және қорғау шаралары енгізілді. Осы жолдағы адамзаттың жарты ғасырлық тәжірибесі адам құқықтарымен бостандықтарын жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етусіз және қорғаусыз демократияға, құқықтық мемлекет құруға қол жеткізудің мүмкін емсстігін көрсетіп берді.Адам құқықтарының жай-күйі әр мемлекетте адам және мемлекет қарым-қатынасы қағидасының сақталуына байланысты, әлемдік қатынастарда танылған бұл қағидаларды ұлттық заңдарға енгізу, құқықтарды қорғаудың механизімін қалыптастыру құқықтық жүйенің жай-күйіне тығыз байланысты десек қателеспес едік. Адам құқықтарын қорғау механизмі мынандай шараларды қамтиды:конституциялық бақылау;соттық қорғау;қорғаудың әкімшілік-құқықтық формалары;қорғаудың соттық емес формалары;үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының қызметі.Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңызды мемлекеттік институты К.Р Конституциясына сәйкес ел Президенті болып табылады. Республика Президенті – халық және мемлекеттік биліктің бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі және символы (ҚР Конституциясының 40-бабы). Президенттің ерекше конституциялық мәртебесі халық алдындағы зор жауаптылығымен сипатталады. Мысалы конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу конституциялық белсенділік құқығы ҚР Президентіне берілген. Заңды қарау және мемлекеттің басқа органдарымен қарым-қатынасы процесіндегі Президенттің ерекше жағдайы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. К.Р Конституциясына сәйкес Республика Президенті мемлекетте қабылданған барлық құкықтық нормативтік актілердің күшін толық немесе ішінара жоя алады[14].Президент мемлекеттік реттеудің барлық тетіктеріне, атап айтқанда құқық қорғау, қарулы күштер қолдану және т.б. ішкі саяси қайшылықтар жағдайыңда ол жедел және жауапты әрекеттер жасауға міндетті болып табылады. Бұл адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құралы болып табылады. Заңдылық қылмыстың әр түрлі формаларымен күрес, мемлекеттік тәртіпті сақтау режимдерін қамтамасыз ету мемлекет басшысының белсенді тәжірибелік рөлін анғартады.Тарихи әділеттілікті және заңдылықты қалпына келтіру тұрғысындағы 1991 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстанда 1986 ж. 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі Президент жарлығы мен 1993 жылғы 14 сәуірдегі Жаппай саяси репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі Заң маңызды құжаттар болып табылады.Нарықтық қатынастарға өту және экономиканың төмендеу жағдайында әлеуметтік-экономикалық құқықтарды жүзеге асыру бірқатар қиындықтарға кезігіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Н.Ә. Назарбаев 1999 ж. Үкіметке нақты 8 тапсырма берді:зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жалақыларды толық және уақытылы төлеу;шағын несиелер беру бағдарламасын жүзеге асыру: шағын және орта бизнесті дамытуға несиелер беру;мектептерді компъютерлендіру жұмыстары;шаруа және фермалық қожалықтар үшін несиені арзандату;салауатты өмір сұру салтын уағыздау; түрғын жайлык, күрылысты жүргізу;барлық мектеп жасындағы балалардың мектепке баруын қамтамасыз ету.Бұл тапсырмалардың орындалуын мемлекет басшысы ылғи да бақылап отырады.Мемлекет басшысының тұрақты қамқорлығының бірі – конституцияға кепілдік берілген азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кепілдік беруі және осы бостандықты қамтамасыз етуі. Өйткені азаматтардың бұл категориясы мемлекетті өркениетті нарықтық қатынастарға шығаратын санат болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі ретінде өз жанынан адам құқықтары жөнінде Комиссия құрған болатын. Ол мәртебесі жағынан консультативті- кеңсеші орган болып табылады. Оның қызметіне басшылық жасауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік Кенесшісі жүзеге асырады. Бұл Комиссияның негізгі мақсаты Президенттің адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға ықпал жасауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету механизмін жетілдіріп, жақсартуға көмектесу болып табылады. Комиссия құзырына: Қазақстан Республикасының Президентіне және тікелей Комиссияға жіберілген адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі үндеулерді қарау; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі жөніндегі арнайы баяндамаларды құрастыру; адам құқықтарын қорғау механизімін жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау; Қазақстан мүдделеріне қатысты адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқықтық-құжаттар бойынша сараптамалық қорытындылар, аналитикалық материалдар даярлау; адам құқықтары бойынша мамандандырылған халықаралық ұйымдардын жұмыстарына қатысу енеді[15].

1.4. Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың формалары

Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың айрықша формасы прокурорлық қадағалау болып табылады. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы мемлекет атынан заңдардың, Президент жарлықтарының және өзгеде нормативті құқық актілерін Қазақстан Республикасының территориясында нақты және бір текті орындалуына жедел іздестіру, анықтама және тергеу, әкімшілік және атқару, өндіріс қызметінің заңдылығына жоғарғы қадағалау жасайтын мемлекеттік орган. Прокуратура заңдылықтың бұзулу фактілерін анықтау және болдырмау шараларын жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесі қорғайды, заңда белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокуратура өз өкілеттілігін жүзеге асыруда ешбір мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін орган болып табылады. Жоғарғы қадағалау өкілеттілігімен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының Прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз етудің, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың құралы болып табылады[16].Атқару билік аясына қатысты прокурорлық қадағалаудың жалпы қадағалау тармағы қолданылады. Прокурорлық қызметтің жаңа бағыты, мелекеттік органдардың қызметінде заң қолданудың заңдылығын қадағалау, яғни үкімет, министірліктер, ведомствалар, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың актілерінің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады. 2001 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 33 үкімет қаулылары заң талаптарына сай келмейді деп танылды, ал жалпы прокурорлық қадағалау актісі негізінде 25 мыңға жуық әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың актілері заңсыз деп танылды.Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қандай да бір заңды бұзушылықты анықтау оларға әсер еткен себептер мен салдарларды белгілеу, бұзылған құкықтарды қалпына келтіру прокурорлық қадағалаудың маңызды мақсаты болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барсында мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарын сақтауына қадағалау жүргізеді. Бұл қадағалау барысында прокурор:– азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны жөніндегі шағымдарды, арыздарды және өзге де хабарларды қарайды және тексереді;– жәбірленушілерге олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәртібін түсіндіреді;– азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзудың алдын алу шараларын жүргізеді;– заң бұзған тұлғаны жауапшылыққа тарту … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?