Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация, 1 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздеріОқу мақсаты:
11.4.3.2-әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сотты істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету
Бағалау критерийлері:
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодекс» мағынасын түсінеді;
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сотты істі қарау ерекшеліктерін анықтай алады
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз - мемлекеттік басқару орындарында, мекемелер мен кәсіпорындарда, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіптерді бұзудың салдарынан болатын, адам құқықтары мен бостандықтарына кесел келтіру формасында көрніс беретін құқықбұзушылықтың ерекше түрі
Әкімшілік құқықбұзушылықтың элементтері
Тәртіп бұзу субъектісі әкімшілік әрекет қабілеттілігі бар адам болып табылады.
Тәртіп бұзудың объектісі заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар мен мүдделер болып табылады
Тәртіп бұзудың субъективтік жақтары субъектінің өз әрекетіне психикалық қатынасы
Тәртіп бұзудың объективтік жақтары әкімшілік жауапкершілікке соқтыратын әрекеттілік не әрекетсіздік болып табылады
Әкімшілік жаза – адамның құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын (ақшалай айып, мүлкін тәркілеу) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы
«Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» әдісі
29-бап. Адамдардың заң алдында теңдігі
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.
Дескриптор:
адамдардың заң алдында тең екенің түсінеді;
адамдардың әкімшілік жауаптылыққа бірдей тартыла алатының анықтай алады
1 топ: Әкімшілік қарау;
2-топ: Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы;
3-топ: Сот құзыретінің ерекшелігі
4-топ: Қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол берілмеушілік
Дескриптор:
Мемлекеттік орган жеке тұлғалардың құқықтарын және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғайтының біледі;
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруа алатының түсінеді;
Соттың юрисдикциясының шегі, оның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен белгіленетіндігін атай алады;
Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайтының түсіндіреді
"ПОПС формуласы"
Бірінші сөйлем: "Менің ойымша....."
Екінші сөйлем: "Себебі, мен оны былай түсіндіремін..."
Үшінші сөйлем: "Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...."
Соңғы сөйлем: "Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...."
Кері байланыс:
"3+2+1"
Ұнаған 3 кезең;
Ұнаған 2 сұрақ;
Келесі сабаққа 1 ұсыныс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?