Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.
Алқабилер соты: Ол не үшін керек?
Мэлс Сейдахметов
Қоғам ұзаған сайын өркениетке жеткен сайын заң да өзгере бастайды. Қазақстанның 2010 жылдан 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында алқабилер сотын енгiзу қажеттілігі айтылған. Осыған орай алқабилер сотын енгізуге қатысты о баста әртүрлі пікірлер болғаны рас. Бірақ «көш жүре түзеледі» деген бар. Бізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде алқабилер институты бар. Сол сияқты бүгінгі заман талабы өмірімізге алқабилер сотын енгізуді талап етті. Мұндай жағдайда замана көшінен қалып қоймауымыз қажет.
Алқабилер туралы әңгіме Қазақстанның Конституциясында да жазылған. Атап айтар болсақ, АтаЗаңның 75 бабында «заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады» деп атап көрсетілген. Бұл жүзеге асатын және жүзеге асып келе жатқан процесс. Демек, алқабилер соты қарапайым халыққа не береді?
Біріншіден, олар сот шешімінің әділ өтуіне ықпалын тигізеді.
Екіншіден, бұл жүйе халықаралық стандартқа жақын.
Үшіншіден, сот ісіне қатысушылар құқықтық жағынан барынша қорғалады.
Төртіншіден, сотқа деген елдің күмәнді көзқарасы өзгереді.
Бесіншіден, бұл сот жүйесін жетілдіреді.
Алтыншыдан, біз сөз етіп отырған жүйені енгізу үшін «Алқабилер» туралы арнайы заң қабылдады.
Алқабилер институты 2007 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді. Ал мұның пайдасы зор. Өйткені...
Оған қарапайым халық қатысады. Аса ауыр қылмыстық істерге олардың қатысуына толық құқы бар. Тек алдын ала алқаби болатындардың құрамы нақтылануы тиіс. Алқабилер сотының мүшелері қатысқан процесс өмір көрсеткендей, өте жоғары дәрежеде өтеді. Өйткені айыптаушымен қорғаушының дәлелдері өте сауатты әрі нанымды болуы керек. Қарапайым халықты ғана емес, екі тараптың дәлелдері алқаби мүшелерін де сендіруі тиіс. Сондықтан да соттың әділетті, сенімді әрі дәлелді өткені дұрыс қой. Бірақ кез келген адам алқабилер сотының мүшесі бола ала ма? Жоқ.
«Алқа билер туралы» Қазақстан Республикасының арнайы заңы бар екендігін жоғарыда айттық. Бірақ кез келген адам оған мүше бола алмайды. Олардың тізімі алдын ала бекітіледі. Хатталады, сөйтіп мақұлданады. Ал анығын айтсақ, 25 жасқа толмағандар, әлі де жазасын өтеп болмағандар, шартты түрде бостандығынан айырылғандар, жүйкесі ауыратындар, наркологиялық жағынан есепте тұрғандар, сонымен қатар, әскери қызметшілер, судьялар мен осы құқықтық салада жұмыс істейтіндер алқабилер сотына мүше бола алмайды.
Расын айту керек, жасалған тізімдердің барлығы алдын ала тексеріледі.
Алайда, осы жерде айта кететін бір нәрсе бар. Сарапшылар қорытындысы көрсеткендей, алқаби мүшелерінің кейбіреулері сот процесіне келуге құлық танытпайды екен. Өйткені олар – қарапайым азаматтар. Көбісі басқа жерде жұмыс істейді. Мүмкін ол сауатты дәрігер, кәсіби инженер немесе жоғары санаттағы мұғалім болуы ықтимал. Себеп - олар жұмыстан шыға алмайды. Сондықтан алқабтилердің толық жиналмауына байлапнысты сот процесі кейде ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды не? Азаматтардың көп жағдайда құқықтық сауаттылығы жетіспей жатады. Мұндай жағдайда ең алдымен олар жауапкершілікті сезінуі керек.
Алқабилер – қарапайым халықтың өкілі. Сондықтан халықтың атынан сотқа қатысып отырғандықтан олар өте сауатты болуы керек. Бұл бірден түзеліп кететін шаруа емес. Жүре түзелетін нәрсе. Бірақ алқабилер қатысқан сот ашық әрі сенімді өтіп жатқанының талай куәсі болып жүрміз. Бұл жүйенің енгізілгеніне де бар-жоғы екі жылдай ғана болды. Сондықтан алақабилеринститунының қажеттілігі әрі олардың жауапкершілігі артатыны барған сайын айқындала түседі деген ойдамыз.
https://qamshy.kz/article/51710-alqabiler-soty-ol-ne-ushin-kerek
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?