Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 2, 1 сабақ


1-жағдаят: Алматы қаласының тұрғыны əскери-медициналық Академияның курсанты Николай Шмидт эстрада цирк-колледжiнiң 4 курс студентi Ксения Лазеровамен некеге тұрады. Ашық та ақжарқын мiнездi Ксения күйеуге шыққаннан кейiн де өз уақытының басым бөлiгiн өзiнiң бұрынғы достарымен өткiзiп жүредi. Ксения өзiнiң достары өткiзетiн бiрде-бiр кештер мен отырыстарды жiбермей, барлық кезде Николайсыз өзi ғана барып тұрады. Əрине, Ксеняның бұл қылығы күйеуiне ұнамайтын, сондықтан да ол бiр күнi əйелiнен бұл “жүгенсiздiктiң дереу тоқтатуды талап етедi. Алайда Ксения күйеуiмен келiспейдi, оның ойынша күйеуi оның бостандығына шек қоюға құқығы жоқ деп санады. Николайдың пiкiрi бойынша Ксеня оның əйелi болғандықтан ол қыдыруға немесе демалуға барлық уақытта онымен бiрге баруы керек деп түсiндiрдi. Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Ерлi-зайыптылардың пiкiрлерiне құқықтық тұрғыдан баға берiңiздер.

2-жағдаят: Заң институтын бiтiргеннен кейiн бiр айдан соң Василий Шумов пен сол институттың 3 курс студентi Светлана Сорокина заңды некеге тұрады. Көп ұзамай жас маман Василий Шумовқа Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қалалық прокуратурасына жұмысқа жолдама берiледi. Светлана күйеуiмен бiрге аттанып кете алмады, себебi оның институтты оқып аяқтауына əлi бiр жыл бар болатын. Сонымен Петропавл қаласына Василийдiң жалғыз өзi кетуiне тура келедi. Қысқы каникул кезiнде Светлана Петропавлға күйеуiне барып қайтады. Алайда, оған қаланың өзi жəне климаты ұнамай қалады. Бiрақта Светлана ол жайында күйеуiне ештеңе айтпаған болатын. Сол жылы жазда Светлана институтты аяқтайды, осы кезде Василий оған Петропавл қаласын да көшiп келудi ұсынады. Светлана Алматыдан кеткiсi келмегендiктен күйеуiнiң бұл ұсынысын қабылдаудан бас тартады. Василийдiң пiкiрi бойынша Светлана заңды неке бойынша оның əйелi болып табылатындықтан – күйеуiнiң бұл талабын орындауға мiндеттi деп табады. Светлана болса ерлi-зайыптылардың бiрге тұруы мiндеттi емес жəне олар бiр-бiрiне еңбек демалысы кезiнде барыпкелiп тұрса да, жеткiлiктi деп санайды. ҚР отбасылық құқығы бойынша ерлi-зайыптылардың тұрғылықты жердi таңдау құқығы деген ненi бiлдiрiедi? Василийдiң Светланаға қойған талабы, яғни əйелiнiң оның қызмет орнына көшiп келуiн мiндеттеуi дұрыс па? Светлананың пiкiрiне қандай сараптама берер едiңiздер?

3-жағдаят. Бекболатова Гулнар 2000 жылдың 10 қарашасында Бекболатов Рауанмен некеден ажырасуына байланысты ортақ мүлiктi бөлiсу туралы сотқа талап-арыз бередi. Талапкер өзiнiң арызында некеге отырғанға дейiн өзiнiң жеке меншiгiнде автомашинаның болғанын, ал Бекболатов Рауан ата-анасы қайтыс болғанда пəтердiң ұ бөлiгiн мұраға алғандығын көрсетедi. Олар некеде тұрған кезде бiрлесiп екi бөлмелi пəтер, тоңазытқыш, кiр жуатын машина, түрлi түстi теледидар, үй жиһазы мен төсек орын жəне ас үйге қоятын гарнитур сатып алған едi. Осы аталғандардың iшiнен талапкер соттан пəтердi, сондай-ақ төсек орын мен ас үйге қоятын гарни-турды өзiне қалдыруды сұрап, өзiнiң талабын Бекболатовтың меншiгiнде мұра бойынша алған пəтердiң бөлiгiнiң барымен негiздейдi. Сот шешiмi қандай болуы тиiс?

4-жағдаят. Алматы қаласындағы ноториалдық кеңселердiң бiрiнде Иран азаматы мен Қазақстан Республикасының азаматшасы арасында неке шарты жасалып, онда төмендегiдей жағдайлар көрсетiледi: - некеге отырғанға дейiнгi мүлiк олардың əрқайсысы-ның жеке меншiгi болып табылады; - некеде болған кезде жиналған барлық мүлiк күйеуiнiң мүлкi болып табылады, ал əйелiне тек оның өзiнiң жеке басының қажеттiлiгiн өтеуге қажеттi заттары мен күйеуi сыйлаған қымбат сыйлықтар ғана тиесiлi болады. əйелi - 3 жылға дейiн ешқайда шықпай үйде отыруы тиiс жə-не елiне бармауға мiндеттi; - 2 жыл бойы бала көтермеуi тиiс (себебi, күйеуiнiң жанұя мүшелерi оның осы жанұядан бала тууына беделдi екендiгiне көздерiн жеткiзуi керек); - үй шаруасымен айналысу керек (ас пiсiру, үй тазалау т. б.); күйеуi əйелiн асырайды; əйелiне қажеттi киiмдер сатып алады немесе оны са-тып алу үшiн оның өзiне ақша бередi. Егер неке бұзылған жағдайда бала əкесiмен қалады жəне əйелi ажырасқаннан кейiн де 2 жыл бойы басқа адамға үйленуiне болмайды; Осы жасалған неке шартына құқықтық тұрғыдан баға берiп, сараптаңыздар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?