Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 1, 1 сабақ
7-тарау. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері 1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі 31-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы 1. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. 2. Ерлі-зайыптылардың шаруа (фермерлік) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен белгіленеді. 32-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі 1. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. 2. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлізайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлізайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлізайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады. 3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі. 33-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету 1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. 2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлізайыптылардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының келісімі керек болады. Ерлі зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін. 3. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет. Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. 34-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі 1. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). 2. Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлізайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. 35-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкін олардың бірлескен ортақ мүлкі деп тану Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін. 36-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу 1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін. 2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлікті бөлу туралы келісімі нотариат арқылы куәландырылуы мүмкін. 3. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін. 4. Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және басқалары) бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептеледі және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды. 5. Ерлі-зайыптылардың неке кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі, сондай-ақ ерлізайыптылардың одан кейінгі неке кезеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды. 6. Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлізайыптылар талабына талап-арыз мерзімі өтуінің үш жылдық мерзімі қолданылады. 37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді анықтау 1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлізайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. 2. Сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін негізге ала отырып және (немесе) ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізге ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе ерлізайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы. 3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздеріне берілген үлеске қарай бөлінеді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?