Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді _______________

«Тарих және география» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

12-тарау. Авторлық құқық негіздері

Мектеп: Ақтау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 11.3.3.1 - авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру.

Бағалау критерийі

  • Авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары

  • «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР-ның Заңына» сәйкес авторлық құқық дегеніміз .................
  • Біздің топтың жағдаяты бойынша .................. құқылы/құқылы емес.

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар:

-өзгенің еңбегін құрметтеу

-патриотизм

-ұлттық сана-сезім

-ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Музыка

АКТ қолдану дағдылары

Электронды тақтада жұмыс жасайды

Бастапқы білім

Авторлық құқық бойынша 9 және 10 сыныптарда алған білімдерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4-5 мин.

М. Өткен тақырыптарды еске түсіру. Берілген үй жұмысы болса, соның орындалысын тексеру.

2-3 минут

3-4 минут

Бүгінгі тақырып таныстырылады. Оқу мақсаты мен бағалау критерийі, тілдік мақсаттары таныстырылады.

М. Авторлық құқық және оның объектілері туралы қысқаша түсіндіріледі.

1-2 слайдтар

3 слайд

Сабақтың ортасы

12-15 мин.

 Жеке жұмыс. Оқушылар 1-қосымшадағы мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап жазады:

  • Авторлық құқық дегеніміз не? Сабақтас құқық дегеніміз не?
  • Сабақтас құқықтың авторлық құқықтан айырмашылығы неде?
  • Авторлық құқықтың объектілеріне нелер жатпайды? Зияткерлік меншікті қорғауды қандай мемлекеттік орган қамтамасыз етеді?

4 слайд

1-қосымша

10-12 минут

 Топтық жұмыс. Оқушыларға жағдаяттық тапсырмаларды оқып, өз тұжырымдарын білдіруге тапсырма беріледі.

 1-топқа. А. қалалық Полиция департаментінің қызметкері полиция лейтенанты К. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті патрульдік полицияларына бейне жазатын құрылғысы бар каска киіп жүруді ұсынып, хат жазды. Азамат К. осы идеясы үшін авторлық құқыққа ие бола ала ма?

 2-топқа. Қ. қаласының бір тұрғыны «Қара батыр» атты кітап жазды. Осы азамат авторлық құқық алуға құқылы ма?

 3-топқа. Нұр-сұлтан қаласында еткен концерттердің бірінде Моцарттың туындылары орындалды. Концерт ұйымдастырушылары композитор туыстарының келісімінсіз Моцарттың музыкаларын қоюға құқығы бар ма?

5 слайд

1-қосымша

4-5 минут

«Еркін микрофон» стратегиясы арқылы оқушылар тұжырым жасайды.

Өзара бағалау: жұмыс қорытындысы бойынша бір ұтымды тұстарына комментарий береді

№6 слайд

Сабақтың соңы

2-3 минут

Рефлексия.

  • Бүгін үйренгеніңнің ең пайдалысы не болды?
  • Басқа оқушылар саған оқу барысында қалай көмектесе алды/алады?

№7 слайд

стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Саралаудың тереңдету және жеделдету қағидалары қолданылады.

Топтық жұмыста білім алушылар топтық бағалау жүргізеді.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?