Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал, 1 сабақ
Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шетелдік те) айтуынша кітап басу ісімен жəне техниканың пайда болуымен тікелей байланысты XVI ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейіннен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, осы туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау негізінде емес, кəсіпкерлердің – баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бəсекелестік алғашқы «əдебиет қарақшыларын» тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси жəне əлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иегерлері XV ғасырдың аяқ шенінде ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп реттеп, басқарып отырды, яғни Англия мен Францияда корольдермен, германдық князьдықтарда – князьдармен, т.б. берілетін құзіреттер жүйесі орнықтырылды.
Бір ғасырдан астам тарихы бар Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау туралы тұңғыш конвенция 1886 жылы 9 қыркүйекте Бернде қабылданды. Берн Конвенциясына бірнеше рет толықтырулар, өзгертулер енгізілгенімен оның жалпы қағидалары толық сақталған жəне ол барлық қатысушы елдерге ортақ болып саналады. Республика Президенті «Қазақстан Республикасының Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына қосылу туралы» Заңына 1998 жылдың қарашасында қол қойды.
Авторлық құқық түсінігінде авторға тиесілі шығармашылық еңбек нәтижесінде пайда болган ғылыми, мәдени және әдеби өнертабыстар, мүліктік жэне жеке мүліктік емес құқықтар жатады. Авторлық құқық және авторлық құқык объектілері бірнеше категорияларға бөлінеді: Мүліктік және мүліктік емес авторлық құқықтар. Айрықша және айрықша емес авторлық құқықтар. Өнер туындыға айрықша құқығы бар адамдар оны жеке-дара қолдануға құқылы және басқа адамдардың өнертабысты қолдануына тиым сала алады. Өнертабыстың авторы, өз құқығын үшінші тұлғаға бермесе (айрықша қүқыктарын беру туралы авторлық келісім-шарт жасамаса), айрықша құқыққа ие болады. Өнертуындыға айрықша емес құқығы бар тұлғаға және осындай әдіспен аталған өнертуындыны қолдану үшін рұқсат алған басқа да тұлғаларға, өнертуындыға айрықша құқығы бар түлғамен бірдей қолдануына қүқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, авторлық келісім-шартпен берілген құқықтар айрықша емес деп саналады. Мүліктік емес авторлық құқық ол жеке құқық болғандықтан, онымен мүліктік құқық сияқты: сатуға, сатып-алуға, сыйлауға, мүралық етуге жасауға болмайды. Авторлық құқық зияткерлік меншікті қорғайтын нысанның бірі, ғылым, мәдениет және өнер туындыларын жасаудағы жэне қолданудағы қүықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Авторлық құқық автордың бүкіл ғүмырында және автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл көлемінде сақталады. Авторлық құқығы, атына құқығы, автордың атағын қорғау құқығы мерзімсіз сақталады. Қазақстан азаматтарымен жасалған өнер туындыларының авторлық құқығы, олардың қайда тіркелгендігі немесе тіпті тіркелмегендінен тәуілсіз, мәдени және әдеби өнер туындыларын қорғауға байланысты Берн конвенциясының қатысушылары болатын барлық елде қорғалады. Авторлық құқық объектілері бағытының қадіріне және бейнелеу нысанынан тәуелсіз ғылым, әдебиет және мәдениет туындылары болып есептеледі. Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерін нақты белгілері болатынын атап кеткен жөн. Авторлық құқық объектісінің бірінші белгісі - бұл оның жасалуының шығармашылық мінезі, және екінші белгісі-бұл ойын білдірудің объективті нысаны. Бұл дегеніміз, авторлық құқық объектісі автордың шығармашылық еңбегінің нәтижесі болу тиіс, және материалдық жеткізушіде тіркелуі керек (жазбаша нысанда, бейнелеу нысанында, дыбыс немесе бейне жазбаларда, көлемді-кеңістік нысанында), сондай-ақ авторлық құқық көпшілік алдында орындалған ауызша формада болуы мүмкін.
Авторлық құқықты қорғау белгісі, латынның С әрібінің («copyright» сөзінің алғашқы әрібі) шеңбердің ортасына орналасқанын береді. (Сонымен қатар С әріпін жақшаның — «(с)» ішінде де қолдануға болады. Авторлық құқықты қорғау белгісінің болмауы, авторлық құқықтың қорғалмайтынын білдірмейді, себебі, авторлық кұқық туындының пайда болған кезінен басталып және авторлық құқықты қорғау үшін туындының тіркелгендігі немесе басқада бір формалдықты қажет жоқтығын білдіреді. Авторлық құқықтың қорғау белгілері бар немесе жоқтығы туындыны лицензиялауға әсер етпейді.
Дереккөз: https://kazpatent.kz/ru/news/avtorlyk-kukyktyn-tusinigi
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?