Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 1.


Әр тұтынушы өз құқығын білуі тиіс

Нарықта жүз мыңдаған тауар түрі бар. Оларды таңдау кезінде сапасы мен сақталу мерзіміне назар аудару қалыпты нәрсе. Алайда, кейде осындай жағдайларға мән бермей, тауарды сатып алған соң ғана сан соғып, өкінетініміз жасырын емес. Мұндайда сіздің құқығыңыз қорғалған ба? Өзіңіз сатып алған тауардың ақшасын қалай кері қайтаруға болады? Осыған орай, ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Төлебаев Марат Тұрсынбайұлымен сұхбаттасқан едік.

– Марат Тұрсынбайұлы, тауардың сапасыздығы белгілі болса, оны ауыстыруға немесе ақшасын қайтарып алуға болатынын білеміз. Бірақ кей жағдайларда соған бас қатырып, өзгені де өзімізді де әуреге салғымыз келмейді. Тұтынушының құқықтары туралы кеңірек айтып берсеңіз.

– Тауардың сапасына көңіліңіз толмаса ақшаңызды қайтарып алуыңызға мүмкіндік бар. Яки сол тауардың құнына өзгесін ауыстырып аласыз. Елімізде тұтынушының құқығы заңмен қорғалғандығын ұмытпағанымыз жөн. Өзіңіз айтқандай, бұған бас қатырғысы келмейді немесе өз құқын білмейді. Мәселен, көйлек сатып алдыңыз. Үйге келген соң, оның сапасыз тігілгенін анықтадыңыз делік. Не істейсіз? Әрине, оны сатып алған дүкеніңізге немесе базарға барып ауыстыруды ойлайсыз. Дұрыс. Ал дәл сол жерден сатып алғаныңызды дәлелдеу үшін қолыңызда құжаттар (фискалды чек немесе тауар чегі, түбіртек) болуы тиіс. Сол кезде ғана тауардың ақшасын қайтарасыз немесе басқасына ауыстырып алуыңызға мүмкіндік бар. Егер тауар (азық-түлік емес) пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, пломбасы, заттаңбасы және тауарды сатып алғаныңызды растайтын құжаты, яғни чегіңіз болса, затты алған күннен бастап 14 күннің ішінде сатушы сіз алған тауарды айырбастауға немесе ақшаңызды қайтаруға міндетті. Бұл туралы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14 бабы 1 тармағында және 30 бабының 1 тармағында жазылған.

– Ал базардан сатып алған жағдайда қалай дәлелдейді? Онда тауарды сатып алғанын растайтын құжат берілмейді ғой.

– Ондай жағдайда сол затты алғаныңызды көрген, сатып алғаныңызды растайтын адам болу керек. Немесе ұнамаған жағдайда қайтаратыныңызды айтып, сатушымен алдын ала келісіп алғаныңыз абзал. Ал дүкеннен алған затыңызды қайтармаса немесе ауыстырмаса тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне арыз жазасыз да, екінші көшірмесін дүкен иесіне апарып бересіз. Ол 10 күн ішінде сізге жауап қайтаруы тиіс. Өйтпеген жағдайда сотқа шағымдануға құқыңыз бар.

– Кейбір дүкендерде, тіпті базардың өзінде «Тауар қайтарылмайды және ауыстырылмайды» деген жазуы бар тақтайша ілінген. Бұл қаншалықты заңды?

– Бұл мүлдем заңсыз. Кәсіпкерлердің олай етуге құқығы жоқ. Осындай жазуды көрген соң, әрине тұтынушының алған затты қайтаруға дәті бармайды. Ал кейбірі қолын бір сілтеп, басын қатырғысы келмейді. Мұндай әрекеттер заңға қайшы. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңында «тауардың қайтарылмайтыны немесе ауыстырылмайтыны туралы ескерту жазылсын» деген бап жоқ.

– Дегенмен, сатып алынған тауардың барлығын дерлік қайтарып алуға болмайды ғой?

– Иә, кейбір тауарларға шектеу қойылған. Яғни, ауыстыруға немесе қайтарып алуға болмайтын тауарлардың тізімі бар. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30 бабы, 1 тармағына сәйкес, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, іш киімдердің, шұлықтың, жануарлар мен өсімдіктердің және метрлеп сатылатын тауарлар қайтарылмайды

https://www.shymkala.kz/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?