Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жеке құқық. Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы

Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уаисова С.Р.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.1 - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру;

11.3.2.2 - нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

 Тұтынушы құқығын қорғау ерекшеліктерін анықтау

 Бағалау критерийлері

Бағалау критерийі:

  • Тұтынушы құқығын қорғау ерекшеліктерін көрсетеді

Дескриптор:

  • Тұтынушы құқығы туралы қысқа, нұсқа ақпараттарды көрсетеді;
  • Суреттер, сызбалар, кестелерді қолданады;
  • Креативтілік танытады

 Тілдік мақсаттар

 

Тұтынушы, сатушы, материалдық залал, моральдық зиян, кепілдік мерзімі

жарамдылық мерзімі, тауардың қызмет ету мерзімі

Құндылықтарды дарыту

Құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, өз құқығын қорғауға бағыттау. Өзінің және өзгелердің жеке құқықтары мен міндеттерін қабылдау, қорғау. Заң үстемдігінің маңыздылығын ашу.

Пәнаралық байланыстар

экономика

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар таныстырылым жасау дағдыларын дамытады

Бастапқы білім

Тұтынушы мен сатушының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты ашу, мақсатты айқындау.

Бейнесюжет көру:

  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы сюжет

https://www.youtube.com/watch?v=x5cRgoVRBMQ

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы сюжет

https://www.youtube.com/watch?v=x5cRgoVRBMQ

Сабақтың ортасы

Тұтынушыға арналған брошюра жасаңыз

Бағалау критерийі:

  • Тұтынушы құқығын қорғау ерекшеліктерін көрсетеді

Дескриптор:

  • Тұтынушы құқығы туралы қысқа, нұсқа ақпараттарды көрсетеді;
  • Суреттер, сызбалар, кестелерді қолданады;
  • Креативтілік танытады

Тұтынушыға арналған брошюра (болжам)

  • Тұтынушы сатушыдан (дайындаушы) тауар туралы кез-келген ақпарат алуға құқылы
  • Сатушы сізге чек немесе басқа да сатып алуды растайтын құжат беруге тиісті. Бұл құжатты тастамаңыз, жыртпаңыз, бүлдірмеңіз! Осы арқылы сіз өз құқығыңызды қорғайсыз;
  • Сатушы сіздің келісіміңізсіз қосымша ақылы қызметтер ұсына алмайды;
  • Кез-келген тауардың кепілдік мерзімі болады;

Егер кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, тауардың ақаулары болса, сіз талап ете аласыз:

  • Ақауларды тегін жөндетуді;
  • Тауар бағасын азайтуды;
  • Тауарды ұқсас тауарға ауыстыруды;
  • Сату-сатып алу келісімін бұзуды.

Арыз үлгісі

  • Сіз сатып алған тауардың кепілдік мерзімі аяқталған жоқ, бірақ тауарыңыз бұзылды, сондықтан сіз дүкеннен тауарды жөндеу немесе ауыстырып беруді талап еттіңіз. Бірақ сіздің талаптарыңызды орындамады.
  • Мәселені шешу үшін арыз үлгісін жазыңыз

!!!

Арыздың екі үлгісін жазыңыз, себебі кейін сот немесе прокуратураға шағымдансаңыз қажет болады;

Талаптарыңызды толық және түсінікті етіп жазыңыз;

Арызды кәсіпорын басшысына (администраторына) қол қойдыртып, табыстаңыз

Егер сізден арызды қабылдамаса, пошта арқылы тапсырыс хат қылып жіберіңіз

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.

Тұтынушылардың құқығын қорғаудың өзекті

Мәселелері

Наурызбаева и. Т., Чуканова а. Б., Мұстафина г.қ.

Әр тұтынушы өз құқығын білуі тиіс

https://www.shymkala.kz/

Тұтынушы мектебі

https://egov.kz/cms/kk/articles/shkola_potrebitelya

Сабақтың соңы

Рефлексия

  • Тұтынушы ретінде менің құқықтарым ...
  • Тұтынушы ретінде менің міндеттерім ...

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?