Мұрагерлік құқық. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 2.


Дереккөзі: https://allrefrs.ru/5-33946.html

Тақырыбы: Мұрагерлік құқық ұғымы мен негіздері

Мұрагерлік құқық – ол мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы мұраға қалған мүлік жөніндегі қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың саласы. Мұрагерлік құқықтың негізгі институты - мұрага ие болу, яғни қайтыс болған азаматтың мүлкінің, мүліктік құқықтары мен міндеттерінің өзге тұлғаға оның мұрагерлеріне ауысуы болады. Мұраға алу, меншік құқығына ие болу негіздерінің бірі болады. Мұраға ие болу - ол әмбебаптық мирасқорлық болады. Әмбебаптық мирасқорлық негізінде мұрагерлерге мұра қалдырушының мүлкімен қоса онын жеке басымен тығыз байланысты, бөлуге болмайтын құқықтары мен міндетерінен басқа, өзге мүліктік құқықтары мен міндеттері деауысады.

Мұраға ие болу екі негіз бойынша пайда болады: өсиет және заң бойынша. Мұра қалдырушы тек азамат болады, ал мұрагерлер – азаматтар да, заңды тұлғалар да және мемлекетте болуы мүмкін. Егер мұра жөнінде өсиет қалдырылмаған болса, онда мұраға ие болу заң бойынша болады. Мұраның ашылу уақыты болып, мұра қалдырушының қайтыс болған күні немесе ол қайтыс болды деп танылған күн (сот шешімінің заңды күшіне енген күні) саналады. Мұраны заң жүзінде қабылдап алу үшін алты айлық мерзім бекітілген. Мұраны алу заң жүзінде және нақтылы түрде болады. Заң жүзінде мұраны алу – ол, мұраның ашылған жері бойынша нотариалдық кенсеге өтініш жазу арқылы жасалады. Мұраның ашылу жері және уақыты, заң бойынша мұрагер болушылардың саны мен кезектері, жұбайының үлесі, мұрадан бас тарту, мұраға қалған мүлікті қорғау (оны сенімгерлікпен басқаруға беру), мұрагерлер арасында туындаған дауды шешу тәртібі және т.б. жөніндегі ұғымдарға тоқтау жөн болады. Мұрадан бас тарту қайталанбас болады, яғни мұрадан бір рет ғана бас тартуға болады.

Өсиет және заң бойынша мұрагер болу.

 

Өсиет – ол міндетті түрде жазбаша нотариалдық нысанада жасалатын бір жақты мәміле болады. Өсиет қалдырушы кез келген уақытта: өсиет мазмұнын өзгертуге немесе оған өзгерістер, қосымшалар еңгізуге, одан толық бас тартуға құқылы болады. Өсиетті күәландыру кезінде, нотариус, өсиетте аталған мүлікке деген құқықты күәландыратын құжаттарды талап етуге міндетті емес.

Заң бойынша мураға ие болу үшін, мұрагерлердің кезектерін және, егер мұрагерлердің өз ара арнайы келісімінде өзгеше көзделмеген болса, келесі кезектегі мұрагерлер алдындағы кезектегілер болмаған жағдайда, мұраны алуға шақырылатыны жөнінде ережені білу жөн. Бірінші кезектегі мұрагерлер - мұра қалдырушының балалары, ата аналары және жұбайы болады. Оның балаларына туған балаларымен қоса, асырауға алынған балалары және ол қайтыс болғаннан кейін тірі тұған балалары да жатады. Өсиеттің мазмұнына қарамастан, мұрада олардың міндетті үлесі болатын мұрагерлерді атап өту қажет болады. Олардың үлесі, заң бойынша мұрагер болғандағы оларға тиесілі үлестің жартысынан кем болмауы тиіс. Нотариат туралы заңдар бойынша ондай мұрагерлердің нақтылы үлесін нотариус есептеп, оларға мұрадағы міндетті үлеске деген құқығы жөнінде күәлік береді.

Мұрагерлер өздеріне алған үлестері мөлшерінде, мұра қалдырушының қарыздары бойынша, мүліктік жауап қайтарады. Мұрагерлердің кез келгені, мұраның ашылған жеріндегі нотариалдық кеңсеге ол жөнінде арыз жазу арқылы, мұраны алудан бас тартуға құқылы болады. Мұрадан бас тарту: мұрагерлердің біреунің, өзге мүрагерлердің барлығының, мемелекеттің немесе заңды тұлғаның пайдасына және ешкімнің пайдасына емес жасалуы мүмкін. Бұл қалғандардың үлесінің өсуіне әкелдіреді. Өзге мұрагерлері болмаған жағдайда, мұраға қалдырылған мүлік иесіз деп танылып, мемелекетке көшеді.

Бақылау сұрақтары:

- Мұрагерлік құқық ұғымы мен негіздері.

- Өсиет және заң бойынша мұрагер болу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?