Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.


- Назарларыңызға қандай жағдай ұсынылып тұр?

Бүгінгі тақырып неге байланысты деп ойлайсыздар?

Азаматтық құқық шарттары жайлы не білеміз?

Сабақ тақырыбы: Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты

Оқу мақсаты:

11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;

11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Сабақ мақсаты: Азаматтық құқықтағы келісімшарт түрлерінің мазмұнын ашу

Бағалау критерилері:

Азаматтық құқықтағы келісімшарт түрлерінің үлгісін жасайды;

- Азаматтық құқықтағы келісімшарт түрлерінің үлгісін салыстыра отырып, шарттардың мазмұны мен ерекшеліктерін анықтайды.

Жалға беру (лат.Латын тілі Arrendare жалға беру) — мүлікМүлік (жер, т.б.) иесінің өз мүлкін басқа кісіге өзара келісім бойынша, ақыға уақытша пайдалануға беруі.

Жалгерлік — шаруашылықты жүргізудің бір формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасындағы шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ, дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі бір мерзімге тиісті ақысын төлетіп иеленуге және пайдалануға береді.

Жалға беру шаруашылықтың барлық салаларында кеңінен тараған және меншіктің барлық түрлерінде қолданылады.

Жалға берушілер ретіндеменшікМеншік иелері атынан мүлікті Жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.

Жалгер бола алатындар — заңды құқықтыҚұқық мекемелер мен кәсіпорындарКәсіпорын, жеке тұлғалар, бірлескен кәсіпорындар, басқа мемлекеттер мен халықар, ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер, сондай-ақ, басқа мемлекеттер мен халықар ұйымдардың өздері жалгер бола алады.

Жалгерлер еріктілік негізінде ассоциациялар, одақтар, консорциумдар, концерндер, т.б. бірлестіктер құрады, олардың қызметін қаржыландырады және қабылданған жарғыға сәйкес олардың құрамынан еркін шыға алады. Қазақстан Республикасында жалға беру арнайы заңдармен реттеледі.

Тұрғын үй-жай жалдау (жалға беру) шарты (ағылш.Ағылшын тілі rent agreement;) жалға беруші, жалға алушы мен оның отбасына тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлікті, келісім ақысы үшін тұрғын үй-жай мөлшеріне шектеу қоюсыз уақытша иеленуге және пайдалануға беретін, ал жалға алушы оны шартқа сәйкес жалдау ақысын уакытында төлеп тұруды міндетіне алатын шартШарт.

Қарыз — азаматтық құқықта екі тараптың беруші мен алушының арасында жасалатын келісімшарт түрі. Қарыз шарты әдетте өтеусіз болады. Қарыз бойынша пайыз алуға тек заңда көзделген реттерде және белгіленген тәртіппен ғана жол беріледі.

Қарыз алысу – қарыз қаражатын тарту, қажеттігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу жəне оған қызмет көрсету тəртібі мен шарттарын белгілеу рəсімдерін қамтитын үдеріс. Қарыз алысу жөніндегі келіссөз жүргізу, міндеттемелерді қамтамасыз ету жəне оларға кепілдік беру, тиісті құжаттарды рəсімдеу жəне оларға қол қою, қарыз шарттарын бекіту (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде) рəсімдері, қарыз қаражатын алу, пайдалану, қарызды өтеу жəне оған қызмет көрсету, бұған қоса тараптар міндеттемелерінің есебі, орындалуын бақылау жəне талдау рəсімдері.

Қарызды өтеу – негізгі борыш пен пайызды төлеу жөніндегі міндеттемелердің тоқтатылуы. Қарызды өтеудің қалыпты тәсілі - борышқордың қарыздарлық міндеттемесін орындауы.

Сақтандыру шарты – сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін реттейтін келісім. Бұл келісім бойынша бір тарап (сақтандырушы) шартта көзделген уақиға басталған кезде екінші тарап (сақтанушы) төлейтін шартта уағдаласылған ақшалай сома (сақтандыру жарнасы) үшін сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.

Шарт тек жазбаша түрде ғана жасалады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін.

Топтасу /4 топ 3-4 оқушыдан/

Шарт түрлерін қарастырып, жағдаяттарды талқылау

Топтық жұмыс /7-8 мин/

Тапсырма: берілген жағдаяттарды ҚР Азаматтық кодексі баптары бойынша түрін анықтаңыздар және сұрақтарға жауап беріңіздер.

Критерилер:

мысалдарды талдау арқылы келісімшарт түрлерін анықтау;

шарттардың мазмұны мен ерекшеліктерін анықтайды.

Дескриптор:

Кейс/ жағдаят 1

30 жасар азамат С. іс-сапармен Н. қаласына келді. Ол жергілікті көлік жалдау компаниясынан көлікті 2 күнге жалға алды. Төлем жасағанымен, оны рәсімдемеді. 1,5 күн өткен соң оның жанармайы таусылып, көше ортасында қалып қойды. Ол бұл жағдайға көлікті жалға беруші компания кінәлі деп шағым жасап, төлемін өндіріп алуға тырысты. Компания, бұл жағдайға жауапты еместігін айтып, төлем қайтарудан бас тартты.

Компанияның әрекеті дұрыс па?

Азамат С.-ке қатысты не айтуға болады?

Жауаптарыңызды ҚРАК баптары арқылы дәлелдеңіздер

Кейс/ жағдаят

№2

Азамат Л. көлік апатына ұшырап, аяқ-қолының сынуына байланысты емханада 1 ай ем қабылдайды. Емделіп шыққан соң ол өзінің сақтандыру агенттігіне хабарласып, төлем ағдайларын анықтағысы келеді. Төлем мен қызмет көрсету бағамы оның ойындағыдай шықпайды, сол себепті ол Сақтандырушысының үстінен шағым түсіреді және сақтандыру төлемін қайта қарастыруды талап етеді. Жағдаят анықтала келе азамат Л.-ға оның қателескендігі туралы және Сақтандырушының әрекеті заңды екендігі туралы шешім жасалады.

Аталған жағдайда заңнама кімнің тарапынан бұзылды?

Жауаптарыңызды ҚРАК баптары арқылы дәлелдеңіздер

Кейс/ жағдаят

№3

Б. қаласының әкімшілігі, өз баспанасы жоқ жас маман Қ. есімді азаматқа мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi, ақылы негізде төмен бағаммен қолданысқа беру туралы шешiм қабылдады. Тұрғын үйдi жалдау шарты екі жақты тиімді талаптар негізінде жасалды.

Аталған жағдайда заңнама бұзылды ма?

Бұзылса кімнің тарапынан?

Жауаптарыңызды ҚРАК баптары арқылы дәлелдеңіздер

Кейс/ жағдаят

№4

Қ. есімді азамат қолхат негізінде аз мөлшерде азамат Д.-ға кепілсіз несие берді. Қарызды қайтару уақыты келісілмегенімен 3 ай уақыт өтті. Қарыз алушы ақшаны қайтармады, азамат Қ. сотқа жүгінсе бола ма?

Аталған жағдайда заңнама бұзылды ма?

Бұзылса кімнің тарапынан?

Жауаптарыңызды ҚРАК баптары арқылы дәлелдеңіздер

ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС /7-8 мин/

Тапсырма: берілген ҚР Азаматтық кодексінің негізінде жағдаяттар құрастырады.

1 жұп: Сақтанушының залалдарды өтеу құқықтарының сақтандырушыға ауысуы (суброгация) дегеніміз не?

2 жұп: Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң бұзылу зардабы қандай?

3 жұп: Заем нысанасын қайтару міндеттемелері қандай?

4 жұп: Қарыз шарты бойынша сыйақы нені құрайды?

5 жұп: Жалға берушiнiң көлiк құралын пайдалану жөнiндегi мiндеттерi қандай?

6 жұп: Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты неден тұрады?

7 жұп: Көлiк құралын сақтандыру қалай жүргізіледі?

8 жұп: Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты қандай?

Критерилер:

жағдаяттар құрастыру барысында жұптарға бөлінген сұрақтар дәлелді баптарды қамтуы қажет

Дескриптор:

Рефлексия

Үй тапсырмасы:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI (Ерекше бөлім)

2-бөлiмше. Шарт туралы жалпы ережелер

Кері байланыс

+/- айту

Бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?