Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


ҚР Азаматтық кодексі

406-бап. Сатып алу-сату шарты

      1. Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.

      2. Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.

      2-1. Ислам банкінің банк қызметін жүзеге асыруы кезінде оның тауарларды сатып алу-сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.

      3. Осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.

      4. Осы параграфта көзделген ережелер, егер бұл құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүлiктiк құқықтарды сатуға қолданылады.

      5. Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.

      6. Сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен мүлікті сату кезінде сот орындаушысы сатушы ретінде шығады.

501-бап. Айырбас шарты

      1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.

      2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.

      3. Осы тарауда көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады.

502-бап. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар

      1. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.

      2. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.

503-бап. Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау

      Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 284-бабы).

504-бап. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы

      Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.

505-бап. Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк

      Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап осы Кодекстiң 414-бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы.

506-бап. Сыйға тарту шарты

      1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.

      Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде сыйға тарту шарты маңызсыз болып саналады. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген қағидалар қолданылады.

      2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.

      Нақты сыйға тарту затын зат және құқық түрiнде көрсетпей немесе мiндеттен босатпай өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру маңызсыз болады.

      3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сый алушыға сый беруді көздейтін шарт маңызсыз болады.

      Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.

1-тапсырма: берілген жағдаяттарды талдаңыз.

Дескриптор: берілген жағдаяттарды талдап жауапкершілік түрін анықтайды.

1-жағдаят

2018 жылдың 6 қаңтары күні Қостанай қаласының тұрғыны Қанат жиһаз сататын «Мебель град» сауда үйінен жиһаз сатып алған. Жиһаз сатушы жасалған шарт бойынша Қанатқа жиһазды 2018 жылдың 10 қаңтарына дейін жеткізуі тиіс болған. Бірақ жиһаз қоймада болғандықтан, сатушының көлігі болмай, кешіктіріп жеткізген.

Борышкер өз міндеттемелерін уақытында орындады ма?

Бұл мәселе қалай шешіледі?

2-жағдаят

Ерболат Алмасқа 20000 теңге қарыз берген. Бірақ оны қашан қайтару керектігін айтпаған. Ерболат бірнеше күн өткен соң қарызын қайтаруды талап еткен. Ал Алмас болса Ерболатқа әлі жалақы алмағандығын айтады.

Алмастың міндеттемелерін орындау мерзімі көрсетілген бе?

Алмас қарызын қашан қайтаруы тиіс? Жауапкершілік түрін анықтаңыз.

2-тапсырма: Сату-сатып алу, айырбас және сыйға тарту туралы шарт ерекшеліктерін Азаматтық кодексінің баптары арқылы анықтап, әрқайсына мысалдарды келтіріңіздер.

Дескрипторлар:

  • Сату-сатып алу, айырбас және сыйға тарту туралы шарт ерекшеліктерін Азаматтық кодексінің баптары арқылы анықтайды.
  • Сату-сатып алу, айырбас және сыйға тарту туралы шарт түрлеріне мысалдарды келтіреді.

Шарт түрлері

Ерекшеліктері

Мысалдар. Кемінде 1 мысал келтіріңіз.

Сату-сатып алу шарты

Айырбас шарты

Сыйға тарту туралы шарты



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?