Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері

Мектеп:

Күні:

Сынып: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

Сабақтың түрі

Практикалық сабақ.

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарлама-сына сілтеме)

11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау;

 Сабақ мақсаттары

  • мелекетке сипаттама беру үшін әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды;
  • оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізген әсерімен танысу және тарихи оқиғаға баға бере алу;
  • ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;

 Бағалау критерийлері

Білу мен түсіну: Қылмыстық құқық нормаларыа анықтайды;

Қолдану: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралайды;

Сыни ойлау және зерттеу:

ҚР қылмыстық кодекс негізінде азаматтардың әрекетін бағалайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Қылмыстық кодексті ашып құқықтық жағдаятты шешуге қажетті заң баптарын анықтап сұрақтарға жауап береді (оқылым, айтылым дағдысы)
  • Жалпы сыныптық талқылау. «Адам мен азаматтардың тіліне, дініне, жынысына қарсы құқық бұзушылықтар бүгінгі күні қаншалықты актуалды?» (айтылым)

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес, жағдаят (...)

Қылмыстық заңның маңызы (…)

Құқықтық жағдаяттың шешілу жолы (...)

Мен...деп ойлаймын

Қылмыстық теріс қылық дегеніміз (....)

Қылмыстық жазалаудың әлеуметтік маңызы ...

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Қоғамдық тәртіпке қарсы;
  • отбасы мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы;
  • жеке тұлғаға қарсы;
  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
  • қылмыс
  • қылмыстық теріс қылық
  • қылмыстық жауапкершілік

 Құндылықтарды

 дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:

Оқушылардың еліміздің ұлттық дамуы және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Мектептердің құндылығы:

Оқушылар бойындағы жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор немесе берілген мәтіннен қажетті мәліметті ала алады.

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

«Миға шабуыл» әдісі арқылы «қоғамдық тәртіп» «қоғамдық қауіпсіздік» ұғымдарын қалай түсінесіздер? сұрағы қойылады.

Мақсат галереясы әдісі арқылы әр топ оқушылары өз мақсаттарын ұсынады. Кейін оқу мақсатымен сәйкестендіріледі.

Бағалау критерилерімен танысады.

Мағынаны тану кезеңі

Сабақтың ортасы

10-25 мин

25 – 40 мин

40 – 55 мин

55-70 мин

Құжатпен жұмыс.

ҚР қылымыстық кодексінің 255 және 293 баптарының негізінде талдау жұмысын жүргізеді.

255 бап

293 бап

Маңыздылығы

Жауаптылығы

Қауіптілігі

Реттелуі

Сыныптық жариялым жасау арқылы бір-бірін тексеріп кері байланыс береді.

Сынып оқушылары 6 топқа бірігеді. Құқықтық жағдаят беріледі: «Сабақтан кейін бірінші курс студенті С киім ілетін жерден бөтен біреудін былғары курткасын алып кетті»

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

Бірінші топ: “Құқық бұзушының ата-анасы”.

Сізге баланыздың ұрлық жасағаны және жәбірленушінің ата-анасы полицияға шағым жазбақшы екені белгілі болды. Сіздер не істейсіздер:

1. Жәбірленушінің ата-анасына шағым жазбауды сұрайсыз;

2. Жәбірленушінің ата-анасының іс-әрекетімен келісесіз;

3. Басқадай іс-әрекет қыласыз.

Екінші топ: “Құқық бұзушы оқитын оқу орнының әкімшілігі ”.

Сіздерге жәбірленушінің ата-анасы жолықты және осы оқу орнының студенті С үстінен полицияға арыз жазатының мәлімдеді.Сіздер не істейсіздер:

  • Ата-аналарға арыз жазбауды сұрайсыз және мәселені оқу орнының қабырғасында шешуді;

2. Жәбірленушінің ата-анасының іс-әрекетімен келісесіз;

3. Басқадай іс-әрекет қыласыз.

Үшінші топ: “Полиция қызметкерлері”.

Ата-аналар былғары курткРодители потерпевшего обратились в мины тауып беру жөнінде өтініш жасады. Айыптыны тантыңыздар . сіздер не істейсіздер:

  • Қылмыстық істі қозғаудан бас тартасыздар;
  • Қылмыстық істі қозғау туралы шешім шығарасыздар;
  • Материалды кәмелетке толмағандар ісі инспекциясына бересіздер.

Төртінші топ: “Сот”.

Сіздер курканы кәмелетке толмаған 16 жасар жеткіншек ұрлаған істі қарастырудасыз. Қандай үкім шығарасыздар:

  • 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарасыз. Бірақ үкімді орындау бір жыл кейін қалдырылады;
  • 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарасыз

Бесінші топ: “Жәбірленушінің ата-анасы”.

Сіздерге құқық бұзушының ата-анасы ұрланған куртканы алып келді және полициядан арызды қайтып алуды өтінді. Сіздер не істейсіздер:

  • Арызды қайтып аласыздар;
  • Арызды қайтып алмайсыздар;
  • Басқадай іс-әрекет қыласыз

Алтыншы топ: “Құқық бұзушының курстастары”.

Сіз ойламаған жерден қылмыстың куәсі болдыңыз. Сіздерге топқа тергеуші келіп тергеуге көмек беруіңізді сұрады. Сіз не істейсіз:

1. Үндемей қаласыз;

2. Көргенінізді айтасыз;

3. Басқадай іс-әрекет жасайсыз.

Топтар шешімдерін сыныпқа таныстырады.

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Сабақтың соңы

70-80 минут

«Сендвич» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қорытындылау мақсатында оқушылардың қабілетіне қарай жеке тапсырмалар ұсыну, оқушылардың өздеріне таңдауға беру

Өзіндік рефлексия бірінші ұсынылған форматта немесе екінші форматта жүргізу мүмкіншілігі бар(мұғалімге қажет ақпарат оқушылардың қиналған тапсырмалары және жеке жетістіктері)

АКТ-ның пайдалану уақыты шектеулі,сергіту тапсырмалары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды ма, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары,ОМ қол жеткізу,саралау тапсырмаларын талдау мүмкіндігі.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?