Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы

Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарлама-сына сілтеме)

11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау;

Мәтінмен жұмыс. Мұғалім жұптарға қылмыстық құқық сатылары, түрлері, нормалары көрсетілген мәтінді береді. Олар ол мәтіннен азаматтардың қажеттілігін, қатыстылығын ажыратыңыздар.

Қылмыстың құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарша жатқузыға мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы.187-бап белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалатын. Ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетәнде басқа бір қылмыс болады. Себебі, бұл жерде 187-бап көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналық пен ңстеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңнын жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да ашылады. Ерекше бөлімнің баптарның диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген.

Қылмысты саралау дегеніміз – адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне тармақтарына сай келетін дәлме – дәл көрсету қажет егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңнын бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сарамалау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұсқан келтіруімен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән жайын терең зерттеп біліп, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас болған басқа қылмыстардан ажрататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабын қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамда ғана тартуға болады.

Қылмыстың құрамы – бұл қылмыстың іс-әрекет емес, тек соның нысанын сиапттайтын түрі ғана. Ол нақты қылмыстық заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер қоғамға қауіптілігін, құқыққа қайшылық, кінәлік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың құқылық – түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстың жауаптылықтың негізі болып, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажттілігінен туындайды.

Қылмыстың обьектісі деп, сол қылмыстың қиянатынын неге бағытталған, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың обьектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.

Қылмыстың субьективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субьективтік жақтың белгілеріне кінә ниет және мақсат жатады. Кінә 2 түрлі нысанда: қасақаналық және абайсыздық түрінде көрініс табады.

Қылмыстық құқық ғылымда мұндай түрлерге бөлінеді:1-ден іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, 2-ден қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, 3-ден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады. Іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдары негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары болып бөлінеді.

Тапсырма 2: «Екі түрлі күнделік» әдісі арқылы қылмыстық жауапкершілік пен жазаны қарастырыңыздар.

Қылмыстық жауапкершілік

Жаза

3 тапсырма. Құжатпен жұмыс. ҚР қылмыстық кодексінің 146 – бабын «FILA» әдісі  талдаңыздар.

F – дәлел

I- болжам

L- мақсат

A- жоспар

4 тапсырма: Кейс-талдау. Құқықтық жағдайаттар үлестіріліп, қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралайды. Қосымша_дидактикалық материал.

1-ші құқықтық жағдаят:

 09 қаңтар 2014 жылы шамамен   21  сағат 00 минут шамасында П. алкогольдік ішімдік ішкен жағдайында, А қаласында, Қазыбек би көшесіндегі  үйдің ауласында болып, аулада тұрған автокөлікті байқайды. Сөйіп, автокөлікті заңсыз иелену, тікелей айдап кету ниетімен, жүргізуші жағындағы автокөліктің терезесін сындырады. Осылайша, сұр түстес «Мицубиси Харизма» маркалы, мемлекеттік нөмірі  Х 847 YYM  Б. автокөлігінің есігін ашып, кілтін алып, автокөлікті  ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп, автокөлікті айдап кеткен.

  • Сот азамат П. үшін қандай үкім шығаруы мүмкін?
  • Сіздің ойыңызша, айыпталушыға қандай жауапкершілік пен жаза қолданылу керек?

1._______________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

2. _______________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

2-ші құқықтық жағдаят:

 С. облысы, А. ауданының тумасы, 1995 жылы туылған азаматша М.,-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іс мән-жайлары бойынша, жүкті азаматша М., өзінің бойындағы сәбиінен құтылудың жолын қарастырады. Осы мақсатпен ол әлеуметтік желі арқылы танысқан Т., есімді азаматшаға өзінің әлі туылып үлгермеген сәбиін 200 000 теңгеге сатқысы келетінін айтып, келіскен.     Азаматша М., 2014 жылдың 31 қаңтарында Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өз сәбиін 200 000 теңгеге сатып, ақшаны алып тұрған жерінде  ІІД қызметкерлерімен  ұсталған.

 

  • Бұл процесте азаматша М –ның іс-әрекетіне қандай баға бересіз?

2. Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс?

1._______________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

2. _______________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?