Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал.


 2020 жыл 1 сәуір АЕК - 2778 теңге

 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (ҚР ӘҚБК)

 111-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға) қатысу үшiн демалыс беруден бас тартуы

 Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттiк билік, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге қатысу үшiн заңнамалық актiлерде көзделген демалысты беруден бас тартуы – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 ҚР ҚК

 81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

 1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:

 1) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

 2) айыппұл;

 3) түзеу жұмыстары;

 4) қоғамдық жұмыстарға тарту;

 5) бас бостандығын шектеу;

 6) бас бостандығынан айыру болып табылады.

 2. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

 3. Айыппұл кәмелетке толмаған сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл айлық есептiк көрсеткiштің бестен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады.

 4. Түзеу жұмыстары дербес табысы немесе өзге тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға айлық есептік көрсеткіштің бестен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады.

 5. Қоғамдық жұмыстарға тарту он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы – күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.

 6. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу – екi жылға дейiнгi мерзiмге, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру жағдайында жазаның қалған өтелмеген бөлігінің бүкіл мерзіміне тағайындалады.

 7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру – он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiргенi немесе терроризм актісі үшiн не қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiреуi ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiру немесе терроризм болып табылатын олардың жиынтығы бойынша он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Онша ауыр емес қылмыс немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

 8. Кәмелетке толмаған сотталғандар бас бостандығынан айыруды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

 10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.

 87-бап. Кәмелетке толмағандарға жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру

 1. Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамдарға, сот оларда жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болмаған кезде, жазаның қалған өтелмеген бөлігін:

 1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде бестен бiрiн;

 2) ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің төрттен бiрiн;

 3) адам өмiрiне қолсұғушылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң үштен бірін;

 4) адам өмiрiне қолсұғушылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің жартысын іс жүзінде өтегеннен кейiн бас бостандығын шектеуге ауыстырады.

 2. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кәмелетке толмаған жаста қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қолданылуы мүмкін.

 

 6-тарау. МЕНШIККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

 187-бап. Ұсақ-түйек жымқыру

 1. Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, – 80 айлық есептiк көрсеткiшке /АЕК/ дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 2. Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру – 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ҚР ҚІЖК)

479-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қайта қозғау кезiндегi азаматтық талап.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкiмнiң күшi жойылған жағдайда iстi бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап жалпы негiздерде қайтадан қаралады. Азаматтық талап бөлiгiнде ғана iстi қайта бастауға тек азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жол берiледi.

11-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

52-ТАРАУ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 480-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң тәртiбi

 1. Осы тараудың ережелерi қылмыс жасалған сәтте кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.

 2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi осы Кодексте белгiленген жалпы ережелермен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады.

 3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi:

 1) аталған адам жасаған бiрнеше қылмыс, олардың бiр бөлiгiн ол он сегiз жасқа толғаннан кейiн жасаған қылмыстар туралы iстер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлген;

 2) айыпталушы сот iсiн жүргiзу сәтiнде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.

 

 481-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар

 Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, осы Кодекстiң 117-бабында көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде:

 1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);

 2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;

 3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi;

 4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.

 

 482-бап. Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу

 Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуы тиiс.

 

 483-бап. Кәмелетке толмаған туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөлу

 1. Ересектермен бiрге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға қатысты iс осы Кодекстiң 49-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-тармағына сәйкес алдын ала тергеу сатысында жеке iс жүргiзуге бөлiнедi.

 2. Кәмелетке толмағанға қатысты жеке iс жүргiзуге бөлу iстiң жағдайын жан-жақты және объективтi зерттеу үшiн айтарлықтай кедергi жасауы мүмкiн болатын жағдайларда ересектермен қоса бiр iс бойынша жауапқа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелерi қолданылады.

 484-бап. Кәмелетке толмаған сезiктiнi, айыпталушыны шақырудың тәртiбi

 1. Кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы тергеушiге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкiлдерi арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады.

 2. Арнаулы мекемеде немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған - ол ұсталатын орынның әкiмшiлiгi арқылы шақырылады.

 

 485-бап. Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу

 1. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезiктiден жауап алу осы Кодекстiң 216, 217-баптарында көзделген тәртiппен қорғаушысының, заңды өкiлiнiң, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн - хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.

 2. Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда - күнiне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиiс емес. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиiс.

 

 486-бап. Қорғаушының қатысуы

 1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағына сәйкес мiндеттi.

 2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуына кәмелетке толмағаннан сезiктi немесе айыпталушы ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап, ал айып тағылғанға дейiн ұсталған не қамауға алынған жағдайда - ұсталған не қамауға алынған кезден бастап рұқсат етiледi.

 3. Егер кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы не олардың заңды өкiлдерi адвокатпен келiсiм жасаспаса, тергеушi, прокурор, сот iс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуi тиiс.

 

 487-бап. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң алдын ала тергеуге қатысуы

 1. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi болған кезде олардың iске қатысуы мiндеттi. Олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.

 2. Заңды өкiлге, ал ол болмаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның өкiлiне iске қатысуға тергеушiнiң қаулысымен кәмелетке толмағаннан сезiктi немесе айыпталушы ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап рұқсат етiледi. Заңды өкiлге, ал ол болмаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның өкiлiне iске қатысуға рұқсат етiлген ретте, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген құқықтар түсiндiрiледi.

 3. Заңды өкiлдiң: кәмелетке толмағанға не жөнiнде күдiк келтiрiлiп немесе айып тағылып отырғанын бiлуге; айып тағу кезiнде қатысуға, кәмелетке толмағаннан жауап алуға, сондай-ақ тергеушiнiң рұқсатымен, - кәмелетке толмаған айыпталушының, сезiктiнiң және оның қорғаушысының қатысуымен жүргiзiлетiн өзге де тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға; өзi қатысқан тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтініштер мен қарсылықтар мәлiмдеуге, тергеушi мен прокурордың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасауға; дәлелдемелер ұсынуға; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға құқығы бар.

 4. Тергеушi алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн кәмелетке толмағанға танысу үшiн оған керi әсер етуi мүмкiн материалдарды көрсетпеу, бұл материалдармен заңды өкiлдi таныстыру туралы қаулы шығаруға құқылы.

 5. Егер оның iс-әрекетi кәмелетке толмағанның мүдделерiне залал келтiредi немесе iстi объективтi тергеуге кедергi келтiруге бағытталған деп санауға негiз болса, заңды өкiл iске қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Ол туралы тергеушi дәлелдi қаулы шығарады. Iске қатысуға кәмелетке толмағанның басқа заңды өкiлi жiберiлуi мүмкiн.

 

 488-бап. Педагог пен психологтың қатысуы

 1. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бiрақ психикалық дамуында мешеулiк белгiлерi бар кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының қатысуымен iс жүргiзу әрекетiн жүргiзу кезiнде педагогтiң немесе психологтың қатысуы мiндеттi.

 2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы iс бойынша педагог немесе психолог iске қатысуға тергеушiнiң, соттың ұйғаруы бойынша не қорғаушының, заңды өкiлдiң өтiнiшi бойынша жiберiледi.

 3. Педагог, психолог тергеушiнiң, соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған сезiктiге, айыпталушыға сұрақтар қоюға, ал iс жүргiзу әрекетi аяқталғаннан кейiн - тергеу қимылының хаттамасымен (соттың талқылануына олардың қатысуын көрсететiн бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен) танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқықты, тергеушiнiң, соттың ұйғаруы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын iс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеушi педагогқа, психологқа iс жүргiзу әрекетi басталар алдында түсiндiредi, ол туралы тергеу қимылының хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгi жасалады.

 

 489-бап. Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау

 1. Кәмелетке толмаған сезiктiде, айыпталушыда жүйке ауруының немесе дамуында ауытқушылықтардың бар екендiгi және оның өз әрекеттерiне толық немесе iшiнара есеп беру және нақты жағдайда iс-әрекетiн игеру қабiлетi туралы мәселенi шешу үшiн кешендi психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындау мiндеттi.

 2. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының интеллектуалдық, ерiк-жiгер, психикалық дамуының деңгейiн, жеке басының өзге де әлеуметтiк-психологиялық қырларын анықтау үшiн психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкiн.

 

 490-бап. Кәмелетке толмағанды арнаулы мекемеге орналастыру

 Кәмелетке толмаған айыпталушы өмiр сүру және тәрбие жағдайы бойынша бұрынғы тұратын жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда ол соттың қаулысы бойынша арнаулы балалар мекемесiне орналастырылуы мүмкiн.

 

 491-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға бұлтартпау шараларын қолдану

 1. Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағандарға осы Кодекстiң 140-бабында көзделген бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкiн.

 2. Кәмелетке толған сезiктiге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде әрбiр жағдайда кәмелетке толмаған сезiктiнi, айыпталушыны осы Кодекстiң 147-бабында көзделген тәртiппен кiсi қарауына беру тәрiздi таңдау мүмкiндiгi талқылануы тиiс.

 3. Бұлтартпау шарасы ретiнде қамау, сондай-ақ ұстау кәмелетке толмағанға осы Кодекстiң 132, 150-баптарында көрсетiлген негiздер болса, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

 4. Кәмелетке толмағанды осы Кодекстiң 153-бабында белгiленген алдын ала тексеру сатысында қамауда ұстаудың мерзiмi алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандар бөлек ұсталады.

 5. Тұтқындау, қамау немесе қамауда ұстау мерзiмiн ұзарту туралы кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да заңды өкiлдерi, ал олар болмаған жағдайда - жақын туыстары дереу хабардар етiледi.

 

 492-бап. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң талқылауына қатысуы

 1. Сот отырысына кәмелетке толмаған сотталушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерi шақырылуы тиiс. Олардың сот тергеуiнде дәлелдердi зерттеуге қатысуға, айғақтар беруге, дәлелдер келтiруге, өтініштер мен қарсылық бiлдiруге, соттың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар жасауға, iстi апелляциялық тәртiппен қараушы соттың отырысына қатысуға және шағымдарға түсiндiрмелер беруге құқығы бар. Көрсетiлген құқықтар оларға сот талқылауының даярлық бөлiгiнде түсiндiрiлуi тиiс. Заңды өкiлдер сот отырысының залында бүкiл сот талқылауы бойында болады. Олардың келiсiмiмен олардан сот куәгерлер ретiнде жауап алынуы мүмкiн.

 2. Заңды өкiл соттың дәлелдi қаулысымен, егер оның iс-әрекетi кәмелетке толмаған сотталушының мүдделерiне залал келтiредi немесе iстi объективтi қарауға кедергi келтiруге бағытталған деп санайтын негiздер болса, сот талқылауына қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған сотталушының басқа заңды өкiлi жiберiледi.

 3. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң келмеуi, егер сот оның қатысуы қажет деп таппаса, iстi қарауды тоқтатпайды.

 4. Егер кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлi қорғаушы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысуға тартылған болса, ол процеске аталған қатысушылардың құқығына ие және мiндеттерiн орындайды.

 

 493-бап. Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығару

 1. Қорғаушының немесе заңды өкiлдiң өтiнiшi бойынша, сондай-ақ өзiнiң бастамашылығы бойынша сот тараптардың пiкiрiн ескере отырып өзiнiң қаулысымен кәмелетке толмаған сотталушыны оған терiс әсер етуi мүмкiн мән-жайларды зерттеу уақытында сот отырысының залынан шығаруға құқылы.

 2. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайтып оралған соң төрағалық етушi оған оның болмаған кезiнде өткен талқылаудың мазмұнын қажеттi көлем мен нысанда хабарлайды және кәмелетке толмағанға өзiнiң жоқ кезiнде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкiндiгiн бередi.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?