Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Іс жүргізу құқығының негіздері

Бөлімше: Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары

Мектеп: Алматы қаласындағы ХББ НЗМ

Уақыты: 2 сағат

Сынып: 11 (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты

Оқу мақсаты

11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру асыру шарттарын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Қылмыстық қудалауды түсінеді;

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын сипаттайды

Тілдік міндеттер:

Қылмыстық қудалау

Құндылықтарды дарыту

  • жауапкершілік
  • ашықтық

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, өзін-өзі тану

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану.

Алдынғы білім:

Қылмыстық кодексті қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде біледі.

Жоспар

Уақытты

жоспарлау

Жоспар бойынша тапсырмалар

Дерек көздері

Сабақтың

басы

Миға шабуыл. Суреттен сипаттама бойынша қылмыскерді табыңыз: аласа бойлы, мұрты жоқ, ақсақ емес

М Алдыңғы сабақта өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстырылады. Сабақ жоспары қысқаша баяндалып, сабақтың соңғы нәтижелігі анықталады.

Тапсырма: кілт сөзді таба отырып, өз сөзіңізбен жазыңыз.

Қылмыстық қудалау (айыптау) – қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті және оны жасаған адамды, соңғысының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ осындай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет.

Слайд 1-4

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

3 тарау

Сабақтың

ортасы

М Қылмыстық қудалау органдары (лауазымды адамдары) – прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы.

Ж Оқушыларды екі топқа бөлу Әр топқа мәтін беріледі құқықтарымен таныс болған соң екі топ бір-біріне таныстырады.

  • Прокурордың құықтары.
  • Тергеушінің құқықтары.

Слайдтар

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

3 тарау

М Қылмыстық қудалау келесі нысанда жүзеге асырылады:

  • жеке айыптау тәртібі бойынша;
  • жеке-жариялы айыптау тәртібі бойынша;
  • жариялы айыптау тәртібі бойынша

Б Тапсырма: мәтінді оқып төмендегі кестені толтырыңыздар.

Тәртіп түрлері

Сипаты қандай

Қандай қылмыстар жатты?

 

 

 

Т Тапсырма: Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттарын анықтап, топта талдау

М 5 тармағы бойынша топта талқылау ұйымдастырыңыз

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

3 тарау

34-бап.

Ж Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар.

М -Қандай жағдайлар қылмыстық қудалауды болдырмайды?

  • Амнистия
  • Қылмыс туралы жалған ақпарат
  • Қайтыс болған адам
  • Кәмелеттік жасқа толмаған жасөпірім
  • Ақыл есі дұрыс емес адам
  • Жәбірленушінің шағымы жоқ

Тапсырма: қылмыстық қудалауды болдырмайтын жайттарды анықтап, себебін түсіндіру.

Қылмыстық қудалаудың жалпы ережелері

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=488

Сабақтың

соңы

Рефлексия

Не білдім?

Қылмыстық қудалау дегенімізі…

Қылмыстық қудалаудың жүзеге асыру шарттары бар ....

Не түсініксіз болды?

Слайд

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?