Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаты: 11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру.
34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн орындау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерiн тапқан әрбiр жағдайда өз құзыретi шегiнде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын белгiлеу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi адамдарды әшкерелеу, оларды жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, сол сияқты кiнәсiз адамды ақтау үшін шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Қылмыстық қудалау органы жәбiрленушiнің сот төрелігіне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрілген зиянды өтеткізу үшін шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық процестегі өзiнiң өкiлеттiктерiн қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсiз және осы Кодекстiң талаптарына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырады.
4. Қылмыстық iс бойынша объективтi тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi келтiру мақсатында қылмыстық қудалау органына қандай да бір нысанда ықпал ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Қылмыстық қудалау органының заңға сәйкес қойған талаптары барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті және олар белгілеген мерзімде, бірақ үш тәуліктен кешіктірілмей орындалуға тиіс. Күдіктіні ұстап алу, күзетпен ұстау туралы шешім қабылдау қажет болған жағдайда, қылмыстық қудалау органының талабы жиырма төрт сағат ішінде орындалуға тиіс. Көрсетілген талаптарды дәлелді себептерсіз орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тапсырма: сұрақтарға жауап беріңіз:
Дескриптор: қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттарын анықтай алады.
1) Қандай мақсатымен қылмыстық қудалау жүргізіледі?
2) Қылмыстық қудалау органы қылмыстық процестегі өкiлеттiктерiн қалай жүзеге асырады?
3) Объективті қылмыстық қудалау қандай болу керек?
4) Мемлекеттік органдар, азаматтар қылмыстық қудалау органының заңға сәйкес қойған талаптарын қандай уақытта орындауға тиісті?
5) Күдіктіні ұстап алу, күзетпен ұстау туралы шешім қабылдау қажет болған жағдайда, қылмыстық қудалау органының талабы неше сағаттың ішінде орындалады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?