Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал, 2 - сабақ
1-жағдаят. Бекболатова Гулнар 2000 жылдың 10 қарашасында Бекболатов Рауанмен некеден ажырасуына байланысты ортақ мүлiктi бөлiсу туралы сотқа талап-арыз бередi. Талапкер өзiнiң арызында некеге отырғанға дейiн өзiнiң жеке меншiгiнде автомашинаның болғанын, ал Бекболатов Рауан ата-анасы қайтыс болғанда пəтердiң ұ бөлiгiн мұраға алғандығын көрсетедi. Олар некеде тұрған кезде бiрлесiп екi бөлмелi пəтер, тоңазытқыш, кiр жуатын машина, түрлi түстi теледидар, үй жиһазы мен төсек орын жəне ас үйге қоятын гарнитур сатып алған едi. Осы аталғандардың iшiнен талапкер соттан пəтердi, сондай-ақ төсек орын мен ас үйге қоятын гарни-турды өзiне қалдыруды сұрап, өзiнiң талабын Бекболатовтың меншiгiнде мұра бойынша алған пəтердiң бөлiгiнiң барымен негiздейдi. Сот шешiмi қандай болуы тиiс?
2-жағдаят. Алматы қаласындағы ноториалдық кеңселердiң бiрiнде Иран азаматы мен Қазақстан Республикасының азаматшасы арасында неке шарты жасалып, онда төмендегiдей жағдайлар көрсетiледi: - некеге отырғанға дейiнгi мүлiк олардың əрқайсысы-ның жеке меншiгi болып табылады; - некеде болған кезде жиналған барлық мүлiк күйеуiнiң мүлкi болып табылады, ал əйелiне тек оның өзiнiң жеке басының қажеттiлiгiн өтеуге қажеттi заттары мен күйеуi сыйлаған қымбат сыйлықтар ғана тиесiлi болады. əйелi - 3 жылға дейiн ешқайда шықпай үйде отыруы тиiс жə-не елiне бармауға мiндеттi; - 2 жыл бойы бала көтермеуi тиiс (себебi, күйеуiнiң жанұя мүшелерi оның осы жанұядан бала тууына беделдi екендiгiне көздерiн жеткiзуi керек); - үй шаруасымен айналысу керек (ас пiсiру, үй тазалау т. б.); күйеуi əйелiн асырайды; əйелiне қажеттi киiмдер сатып алады немесе оны са-тып алу үшiн оның өзiне ақша бередi. Егер неке бұзылған жағдайда бала əкесiмен қалады жəне əйелi ажырасқаннан кейiн де 2 жыл бойы басқа адамға үйленуiне болмайды; Осы жасалған неке шартына құқықтық тұрғыдан баға берiп, сараптаңыздар.
3-жағдаят. Ашот Акопян мен Рая Саркисян некеге тұрғаннан кейiн Алматы қаласының маңындағы елдi мекендердiң бiрiнде үй салады. Үй төрт бөлмеден тұрады жəне оның кiретiн есiгi екеу болатын. Үй тұрғызылған жер учаскесi Рая Саркисян-ның жеке меншiгiнде боладын. Ашот Акопян кəсiпкерлiкпен айналысып, Ресейден же-ңiл автомашиналарға қажеттi қосалқы бөлшектердi Қазақстанға алып келiп сатып жүретiн. Бiрде 2000 жылдың күзiнде Акопянды Ресей құқық қорғау органдары тұтқындап, оған экономикалық қылмыс жасады деген айып тағады. Арада бес ай өткеннен кейiн Акопянның кiнəсi, яғни қылмыс жасағаны дəлелденбей ол бостандыққа шығарылады. Акопян қайтып оралғанда үйдiң екi бөлмесiн əйелiнiң азамат Əскер Хусайыновқа сатып жiбергеннiн бiледi. Рая Саркисян үйдiң екi бөлмесiн сатуға күйеуiнiң түрмеде болуы себеп болды дейдi, өйткенi осы кездерi ол аса материалдық тапшылық көрген едi. Сондай-ақ əйелi сатылған үйден түскен ақшаның басым бөлiгiнiң жұмсалып кеткендiгiн айтады. Бұл əрекетке көңiлi толмаған Ашот Акопян əйелiнен азамат Əскер Хусайыновпен жасаған сату-сатып алу шартын дереу бұзуды одан талап етедi, оның пiкiрiнше үй ерлi-зайыптылардың ортақ қаржысына салынғандықтан əйелi үйдiң бiр бөлiгiн оның келiсiмiнсiз сатуға құқығы жоқ деп санады. Рая Саркисян шартты бұзудан бас тартып, үй тұрғызылған жер учаскесi оның жеке меншiгi екендiгiн, сон- дықтан да оның өз меншiгiн қалай билесе де құқысы бар екендiгiн көлденең тартады. Осыдан кейiн Акопян азамат Əскер Хусайыновпен əйелi Рая Саркисянның арасында жасалған сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз бередi. Сот қандай шешiм шығаруы тиiс?
4-жағдаят. Алматы қаласының тұрғыны Тамара Төлепбергенова суретшi Аблай Сабыровпен заңды некеде тұрғанына үш жыл болатын, алайда ол күйеуiнiң соңғы кездерi оған ешбiр қы-зығушылық танытпайтынын байқайды. Күйеуi өз уақытының басым бөлiгiн сурет шеберханасында өткiзiп, үйден ерте кетiп, үйге тым кеш оралып жүредi. Тамара күйеуiне ескерту жасап, егер ол өзiнiң бұл қылығын өзгертпесе онымен ажырасатыны туралы айтады. Абылай əйелiне деген өз көзқарасын өзгертпегендiктен, Тамара некенi бұзуды талап етедi. Аблай қарсы болмайды. Алматы қаласының Бостандық аудандық АХАЖ органында олардың некелерi бұзылады. Арада алты ай өткеннен кейiн Тамара Төлепбергенова Абылай Сабыровтан сот тəртiбiмен олар бiрге тұрған кезде жинаған ортақ мүлiктi бөлу туралы талап қояды. Сондай-ақ Төлепбергенова Сабыровтың салған картиналарын жəне олар некеде тұрған кезде салынған, бiрақ неке бұзылғаннан кейiн сатылған картиналары үшiн алған гонорарын бөлудi талап еттi. Төлепбергенованың қойған талабы негiздi ме? Неке бұзылғанға дейiн Сабыровтың салған картиналары ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi болып табыла ма? Неке бұзылғаннан кейiн Сабыровтың алынған гонорары бөлiске жата ма? 9. Арман Əлiбек пен Əлия Сыдыкова некеге отырғаннан кейiн үш жыл өткен соң неке шартын жасасады. Олар осы шартта пəтер мен автомашинаға жеке меншiк құқығын орнатады, яғни автомобиль “Вольвоң - Арманның жеке меншiгiне өтедi, үй - Əлияның меншiгi болып белгiленедi. Ал қалған мүлiктерге ортақ бiрлескен меншiк құқығы режимiн сақтап қалады. Шарт жасасып қойғаннан кейiн бiр жылдан соң Арман мен Əлияның үйiнен өрт шығып үйдiң жартысы жəне бiрсыпыра мүлiктер жарамсыз болып қалады. Осы себептерге байланысты үйдi жедел жөндеу қажет болады. Арман өзменшiгiндегi автомашинаны сатуды ұйғарады. Автомобильдi сатудан түскен ақша үйдi жөндеуге жəне тұрмыс техникаларын сатып алуға: теледидар, тоңазтқыш жəне бейнемагнитофонға жұмсалады. Арада бiрнеше жылдар өткеннен кейiн ерлi-зайыптылар некенi бұзу туралы жəне мүлiктi бөлiсуге байланысты туған дауды шешудi өтiнiп сотқа арыз бередi. Iстi шешiңiздер. Мүлiктi бөлу қалай жүзеге асырылады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?