Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация, 2 - сабақ


Оқу мақсаты:

11.3.3.2 - авторлық құқық саласында нақты жағдайды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну.

Бағалау критерийі:

авторлық құқық саласында нақты жағдайды шешудің кем дегенде 1 құқықтық жолын ұсына алады.

Тақырып: Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

Бүгінгі сабақта авторлық құқық туралы таласты сотпен жане соттан тыс шешу механизмдерін қарастырамыз.

Тірек сөздер:

сот

құқық иесі

авторлық шарт

Жеке жұмыс. 2-қосымшадағы мәтінді оқып, кестені толтырыңдар. Өмірде қандай авторлық құқықбұзушылықтар болуы мүмкін? Өзіңнің авторлық құқығыңды қалай қорғауға болады?

Топтық жұмыс. Жағдаятты оқып, заң баптарын қолданып, сот қандай шешім шығаратынын болжаңдар.

Жағдаят

Азамат Р. мен С. жеке кәсіпкер К-ге өздерінің авторлық құқықтарын бұзғаны үшін ең төменгі жүз айлық жалақы көлемінде 1 866 000 теңге өтемақыны ендіру туралы сотқа талап-арыз жазды. Олар өз талап-арыздарында «Математикадан бірыңғай ұлттық тестілеуге (ҰБТ) дайындық атты тапсырмалар жинағының авторлары екендігін көрсеткен.

Азамат К. 2013 жылы 18 мамырда өз дүкенінде аталған кітаптың бір контрафактілік данасын 1 800 теңгеге сатқан. Өз кезегінде, азамат Р. С. авторлық құқық иелері ретінде жауапкермен авторлық келісімшарт жасамаған және кітап үшін ешқандай қаламақы алмаған, сол арқылы олардың авторлық құқықтары бұзылған.

Рефлексия

Бүгін қандай жаңа сөздерді немесе сөз тіркестерді меңгердіңіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?