Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал, 1 - сабақ
Қосымша 1.
Бүгінгі сабақта Қазақстан Республикасындағы авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу мәселесін қарастырамыз.
Тірек сөздер
- зияткерлік меншік
- бірлескен авторлық
- авторлық құқық
- сабақтас құқық
- куәгерлік
«Авторлық құқық» түсінігі. Қазақстанда да басқа елдердегі сияқты авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларына беріледі. Бұл туындылар бағытына, дережесіне, жазылу тәсіліне қарамастан, автордың шығармашылық еңбегінің нәтижесі болып табылады. Авторлық құқық автордың бүкіл өмір бойы және өмірден өткен соң жетпіс жыл бойы күшінде болады.
Мүліктік авторлық құқықтарды бұзу плагиат немесе контрафакция деп аталады (1-сурет).
1-сурет. Авторлық құқықтың бұзылуы
Орта ғасырларда авторлық құқықтың негізін салушылар оны «артықшылық» деп атаған. Артықшылықтарды автордың өтініші бойынша монархтар берген. Ереже бойынша мұндай артықшылықтар көбінесе әдеби шығармаларға берілді. Көптеген ғалымдар мен басқа да өнер адамдары өз туындыларын шығармашылық акт деп санамады, оларды тек білімдерінің нәтижесі деп қана білді. Сондықтан өз туындыларына авторлық құқық талап етуді мағынасыз әрі күнә деп есептеді. |
Авторлық және сабақтас құқықтардың сұрақтары Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымындағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңымен реттеледі. 1-кестеде авторлық құқықтың объектілері көрсетілген.
1-кесте
Авторлық құқық объектілері | |
|
|
|
|
ЭЕМ-ге арналган багдарламалар жоне баска да туындылар | |
Авторлық құқық объектілеріне, сондай-ақ | |
|
|
Бұл маңызды! Жеке бастамаларға, концепцияларға, қағидаттарға, әдістерге, жүйелерге, үдерістерге, фактілерге авторлық құқық берілмейді.
Авторлық құқық объектілері болып табылмайтын заттар да болады. Олар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР-ның Заңының 8-бабына сәйкес келесілер болып табылады:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
3) халық шығармашылығы туындылары;
4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.
Екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлескен шығармашылығы нәтижесінде пайда болған туындыға авторлық құқық (бірлескен авторлық) сол тұлғаларға бірдей беріледі. Бұл туынды бір бүтінді құрайды ма, әлде ер бөлігі өз алдына белек туынды ретінде жеке мағына береді ме, оған байланысы болмайды.
Тең авторлық құрамға енген әр автор сол туындының өзі жазған бөлігін қалауы бойынша пайдалана алады. Бүтін туындыға деген авторлық құқық авторлардың бірлескен тобына тиесілі болады. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келісім арқылы белгіленуі мүмкін. Егер олардың туындысы бөлінбейтін түтас дүние болса, онда бірде бір автордың туындыны қолдануға негізсіз тыйым салуға құқығы жоқ.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен біліктілігіне, сондай-ақ берілу нысаны мен тесіліне қарамастан қолданылады.
Кейде сабақтас құқық авторлық құқықпен қорғалмайтын, мысалы, жалпы игілік үшін қолданылатын туындылармен байланысты.
Мүліктік авторлық құқықтарды бұзу кейде плагиат деп аталады. Ал зияткерлік меншік құқығын бұзу контрафакт, қарапайым тілмен айтқанда пират деп аталады.
Авторлық және сабақтас құқықтар мәселесі Қазақстан Республика сының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» Заңымен реттеледі. Осы нормативтік құқықтық акті бойынша зияткерлік меншік авторлары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне арыз жазуына жене авторлық құқық объектісіне мемлекеттік тіркеу куәлігін алуына болады.
Сонымен, Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтар заңнамалық деңгейде реттеледі. Өзінің яткерлік менші rін қорғағысы келген әрбір азамат Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне жүгінуге құқылы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?