Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері
11.3.2.1 - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру;
11.3.2.2 - нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау
Жеке құқық. Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы
Терминология
Тұтынушы
Сатушы
Материалдық залал
Моральдық зиян
Кепілдік мерзімі
Жарамдылық мерзімі
Тауардың қызмет ету мерзімі
Тұтынушыны анықта:
Ойыншықты досыма сыйладым;
Ойыншықты досыма ойнай тұруға бердім;
Ойыншықты досыма арзандау қылып сатып жібердім
Сатып алған зат көңіліңізден шықпаса, қайтару жолы қандай? (тұтынушы құқығы)
https://www.youtube.com/watch?v=1oVzAbhJbzE
Тұтынушылар құқығының бұзылу көрсеткіштері неліктен жоғары?
Осы көрсеткіштердің төмен болуы үшін, яғни тұтынушы құқығын қорғау үшін қандай шаралар жасалу керек?
Қала мен Дала газеті
https://dalanews.kz/32441/%D1%82%D1%83%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%83%D1%88%D1%8B-%D0%BA%D0%B0%D0%B7-jpg
Жұптық жұмыс
Заңнама мен мәтіндерге сүйене отырып тұтынушылар құқығын қорғау механизмінің сызбасын (кесте, инфографика, т.б.) жасаңыз:
«Тұтынушы құқығы қалай (қандай жолмен) қорғалады?»
Бағалау критерийі:
Тұтынушы-сатушы-мемлекет арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін ашады
Дескриптор:
Тұтынушының құқығын көрсетеді;
Сатушының міндетін көрсетеді;
Тұтынушы құқығын қорғаудағы мемлекеттің ролін көрсетеді
Тұтынушылар құқығын қорғау механизмі
Мысалдар/жағдаятармен жұмыс
Сіз дүкеннен аяқ-киім сатып алдыңыз. Бірақ үйге келгенде аяқ-киім сіздің аяғыңызды қысатынын байқадыңыз. Сіз дүкенге аяқ-киімді ауыстыруға бардыңыз.
Сізге аяқ-киімді ауыстырып береді ме?
Мысалдар/жағдаятармен жұмыс
ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау заңына сәйкес қандай тауарларды сіз ауыстыра алмайсыз?
Мысалдар/жағдаятармен жұмыс
Азамат А. жиһаз дүкенінен диван сатып алды. Сатушы диванды А. үйіне келесі күні тегін жеткізіп беретіндігін мәлімдеді. Келесі күні тасымалдау барысында сатушы диванды бүлінген, кейбір жерлерінің жыртылған күйінде жеткізді. А. диванды қабылдаудан бас тартып, ақшасын қайтаруды немесе басқа диванға ауыстыруды талап етті. Дүкен қызметкерлері сатып алушы ақша төлеген уақыттан бастап меншік иесі болғандығын және диванның бүлінуі әдейі жасалмағандығын алға тартып, сатып алушы өз ақшасына ауыстыруға тиіс деп жауап береді.
Екі тараптың іс-әрекеттері қаншалықты заңды? Сатып алушы мұндай жағдайда қалай әрекет етуі керек?
Мысалдар/жағдаятармен жұмыс
Азамат И. телевизоры үшінші рет бұзылды. Әр кезде ақауы бір жерден шыққан. Кепілдік мерзімі әлі аяқталмағандықтан, И. Дүкеннен телевизорды ауыстыруды талап етеуде. Дүкен телевизорды ауыстыруға келісім берді, бірақ И. телевизор жөндеуге келмейтіндігі туралы экспертизаны жасап, дүкенге құжатты әкелсе ғана ауыстыратынын алға тартады.
Дүкеннің іс-әрекеті қаншалықты заңды? Сатып алушы мұндай жағдайда қалай әрекет етуі керек?
Рефлексия
Тұтынушы құқығы мемлекет тарапынан қорғалады, себебі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?