Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жеке құқық. Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы

Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уаисова С.Р.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.1 - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру;

11.3.2.2 - нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

 Тұтынушы құқығын қорғау ерекшеліктерін анықтау

 Бағалау критерийлері

Бағалау критерийі:

  • Тұтынушы-сатушы-мемлекет арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін ашады

Дескриптор:

  • Тұтынушының құқығын көрсетеді;
  • Сатушының міндетін көрсетеді;
  • Тұтынушы құқығын қорғаудағы мемлекеттің ролін көрсетеді

 Тілдік мақсаттар

 

Тұтынушы, сатушы, материалдық залал, моральдық зиян, кепілдік мерзімі

жарамдылық мерзімі, тауардың қызмет ету мерзімі

Құндылықтарды дарыту

Құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, өз құқығын қорғауға бағыттау. Өзінің және өзгелердің жеке құқықтары мен міндеттерін қабылдау, қорғау. Заң үстемдігінің маңыздылығын ашу.

Пәнаралық байланыстар

экономика

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар таныстырылым жасау дағдыларын дамытады

Бастапқы білім

Тұтынушы мен сатушының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты ашу, мақсатты айқындау.

Тұтынушыны анықта:

Ойыншықты досыма сыйладым;

Ойыншықты досыма ойнай тұруға бердім;

Ойыншықты досыма арзандау қылып сатып жібердім

Бейнесюжет көру:

Сатып алған зат көңіліңізден шықпаса, қайтару жолы қандай? (тұтынушы құқығы)

https://www.youtube.com/watch?v=1oVzAbhJbzE

Сатып алған зат көңіліңізден шықпаса, қайтару жолы қандай? (тұтынушы құқығы)

https://www.youtube.com/watch?v=1oVzAbhJbzE

Сабақтың ортасы

Статистикалық ақпаратпен жұмыс жүргізу:

  • Тұтынушылар құқығының бұзылу көрсеткіштері неліктен жоғары?
  • Осы көрсеткіштердің төмен болуы үшін, яғни тұтынушы құқығын қорғау үшін қандай шаралар жасалу керек?

Жұптық жұмыс

Заңнама мен мәтіндерге сүйене отырып тұтынушылар құқығын қорғау механизмінің сызбасын (кесте, инфографика, т.б.) жасаңыз:

«Тұтынушы құқығы қалай (қандай жолмен) қорғалады?»

Бағалау критерийі:

  • Тұтынушы-сатушы-мемлекет арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін ашады

Дескриптор:

  • Тұтынушының құқығын көрсетеді;
  • Сатушының міндетін көрсетеді;
  • Тұтынушы құқығын қорғаудағы мемлекеттің ролін көрсетеді

Қала мен Дала газеті

https://dalanews.kz/32441/%D1%82%D1%83%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%83%D1%88%D1%8B-%D0%BA%D0%B0%D0%B7-jpg

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.

Тұтынушылардың құқығын қорғаудың өзекті

Мәселелері

Наурызбаева и. Т., Чуканова а. Б., Мұстафина г.қ.

Сабақтың соңы

Мысалдар/жағдаятармен жұмыс

  • Сіз дүкеннен аяқ-киім сатып алдыңыз. Бірақ үйге келгенде аяқ-киім сіздің аяғыңызды қысатынын байқадыңыз. Сіз дүкенге аяқ-киімді ауыстыруға бардыңыз.
  • Сізге аяқ-киімді ауыстырып береді ме?

Мысалдар/жағдаятармен жұмыс

  • ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау заңына сәйкес қандай тауарларды сіз ауыстыра алмайсыз?

Мысалдар/жағдаятармен жұмыс

  • Азамат А. жиһаз дүкенінен диван сатып алды. Сатушы диванды А. үйіне келесі күні тегін жеткізіп беретіндігін мәлімдеді. Келесі күні тасымалдау барысында сатушы диванды бүлінген, кейбір жерлерінің жыртылған күйінде жеткізді. А. диванды қабылдаудан бас тартып, ақшасын қайтаруды немесе басқа диванға ауыстыруды талап етті. Дүкен қызметкерлері сатып алушы ақша төлеген уақыттан бастап меншік иесі болғандығын және диванның бүлінуі әдейі жасалмағандығын алға тартып, сатып алушы өз ақшасына ауыстыруға тиіс деп жауап береді.
  • Екі тараптың іс-әрекеттері қаншалықты заңды? Сатып алушы мұндай жағдайда қалай әрекет етуі керек?

Мысалдар/жағдаятармен жұмыс

  • Азамат И. телевизоры үшінші рет бұзылды. Әр кезде ақауы бір жерден шыққан. Кепілдік мерзімі әлі аяқталмағандықтан, И. Дүкеннен телевизорды ауыстыруды талап етеуде. Дүкен телевизорды ауыстыруға келісім берді, бірақ И. телевизор жөндеуге келмейтіндігі туралы экспертизаны жасап, дүкенге құжатты әкелсе ғана ауыстыратынын алға тартады.
  • Дүкеннің іс-әрекеті қаншалықты заңды? Сатып алушы мұндай жағдайда қалай әрекет етуі керек?

Рефлексия

Тұтынушы құқығы мемлекет тарапынан қорғалады, себебі...

Әр тұтынушы өз құқығын білуі тиіс

https://www.shymkala.kz/

Тұтынушы мектебі

https://egov.kz/cms/kk/articles/shkola_potrebitelya

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?