Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация, 2 - сабақ
Тұтынушының қандай құқықтары бар?
Тұтынушы құқығы қандай жағдайда тапталады?
Аталған мәселені қалай шешуге болады?
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдеріСабақтың мақсаты:Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылу механизмдерін түсіндіруОқу мақсаты:
Нақты мысалдар келтіре отырып, тұтынушы мен сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау
Бағалау критерийлері:
Тұтынушы құқықтарын біледі;
Тұтынушы құқығын қорғау жолдарын түсіндіреді;
Тұтынушы құқықтары бұзылған жағдайда қорғау жолдарын ұсынады;
Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерін талдайды
Зертеу сұрақтары
Тұтынушылардың қандай құқықтары бар?
Сатушының міндеттері қандай?
Тұтынушы құқығын қорғау механизмдері қандай?
Т Қосымша мәтінді және өткен сабақтағы білімді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Сатушы мен тұтынушы арасындағы даулар неден туындайды?
2. Оларды шешу жолдары қандай?
3. Дайындаушылар/сатушылар мен тұтынушылардың өз құқықтарын білуі қаншалықты маңызды?
Дескрипторлар:
Берілген уақытты тиімді пайдаланады;
Сатушы мен тұтынушы арасындағы келіспеушіліктердің себептерін анықтай алады;
Сатушы мен тұтынушы арасындағы дауға мысал келтіре алады,
Сатушы мен тұтынушы арасындағы даулардың шешу жолдарын ұсына алады;
Сатушы мен тұтынушының құқықтарын білудің маңызын анықтай алады.
«Тұтынушы нарықтың патшасы ма, әлде құрбаны ма?»
1-топ: «Нарық патшасы»
2-топ: «Нарық құрбаны»
Топтық жұмыстың дескрипторлары:
Топ спикерін өзара тағайындау;
Берілген уақытты тиімді пайдалану;
Топтық жұмысқа барлық оқушы қатысу;
Өзге топ спикері жұмыс қорғаған кезде мұқият тыңдау;
Құрдастарының пікірін құрметтеу.
Б Тұтынушы құқықтарының бұзылуына байланысты, төмендегі мысалдардың бірін таңдап, наразылық хатын жазыңыз.
1. Жаңа ғана сатып алынған аяқ киімнің жыртылып қалуы.
2. Шашты құрғататын құралдың жөнді жұмыс істемеуі.
3. 10000 км шақырым жүріп өткен көлік ретінде сатылған көлік сынғаннан кейін іс жүзінде 50000 км шақырым жүріп өткені анықталғандығы.
Рефлексия:
Бүгін мен білдім ...
Сабақта мен ... үйрендім.
Маған қиын болды ...
Бұл маған түсініксіз болды ...
Енді мен мұны білдім ...
Мен таңғалдым ...
Неге екенін білгім келеді ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?