Мұрагерлік құқық. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал, 1 - сабақ.


Мұрагерлік туралы жалпы ережелер

 Азаматтық Кодекстің 1072-бабының 1-тармағына сәйкес мұраны алу үшін заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер оны қабылдауы тиіс. Мұраны қабылдау тәсілі мұра ашылған кезде қолданыста болған заң бойынша айқындалады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі АК) 1042-бабына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады.

Мұрагерлер көрсетілген әрекеттерді мұра ашылған кезден бастап алты ай ішінде жасауы тиіс. Мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе АК-нің 1045-бабында белгіленген негіздер бойынша мұрагерді мұраны қабылдаудан шеттету салдарынан мұрагерлік туындайтын басқа тұлғалар, олардың мұрагерлікке құқықтары туындаған күннен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдауға құқылы.

 Жасы он төртке келмеген кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері (олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары), сондай-ақ белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың қорғаншылары сенімхатсыз әрекет етеді. Алайда, мұрадан бас тарту үшін олар қорғаншылық және қамқоршылық органынан рұқсат алуы қажет.

         Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, соттың шешімімен әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар өздерінің ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының келісімімен мұрадан бас тартуға құқылы. Соңғылар қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсатымен ғана келісім бере алады. 

Нотариус берген мұра алу құқығы туралы куәлік бар болған кезде барлық мұрагерлердің үлесін белгілейді тіркеу органдарына мұра қалдырушының мүлкіне мұрагердің құқығын тіркеуді міндеттеп, мұра алу құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп таниды. Қажет болған жағдайда сот АПК-нің 156 және 245-баптарына сәйкес жаңа мұрагердің мұраның оған тиесілі үлесін алу құқығын қорғау жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

      Егер мұраны бөлу туралы талап қойылса, сот АПК-нің 225-бабының екінші бөлігінің ережелерін негізге алып, қойылған талаптың мәні бойынша шешім шығаруға міндетті.

      Нотариус мұра алу құқығы туралы куәлікті бермеген жағдайда арыз қанағаттандырылған кезде сот шешімнің қарар бөлігінде мерзімнің қалпына келтірілгендігі және мұрагердің мұраны қабылдағаны танылғандығы көрсетіледі. Соттың шешімі нотариустың мұра алу құқығы туралы куәлікті беруі үшін негіз болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII.

3-тарау. Азаматтық құқықтар объектілері115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi

      1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.

      2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар, цифрлық активтер мен басқа да мүлiк жатады.

      2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.

      3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқ

117-бап. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік

      1. Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын заттар) жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер жатады.

      Егер кондоминиум объектісінің құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншікте болса, олар дербес жылжымайтын мүлік объектілері (түрлері) болып танылады.

      2. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, "өзен-теңіз" жүзу кемелері, ғарыш объектілері, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі де жылжымайтын заттарға теңестіріледі. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

      Осы Кодекстің және өзге де заңнамалық актілердің жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтін нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайда, осы тармақта көрсетілген заттарға қолданылады.

      3. Ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда, жылжымайтын затқа жатпайтын мүлік жылжымалы мүлік деп танылады. Заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы заттарға құқықтарды тіркеу талап етілмейді.

118-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу

      1. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.

      Мемлекеттік тіркеудің жылжымайтын мүлікке байланысты өзге де объектілері "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

      2. Егер осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу кезі деп өтініш берілген кез, ал электрондық тіркеу кезінде – жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жөнелту арқылы тіркеуші органның құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растаған кезі танылады.

      3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы жүргізілген тіркеуді құқық иеленушінің өтініші бойынша куәландыруға міндетті. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлік береді.

      4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жариялы болып табылады. Тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген тұлғаға "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді ескере отырып беруге міндетті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?