Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Жеке құқық

Сабақ тақырыбы:

Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты.

11 сынып

Оқу мақсаты:

11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру; 11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Сабақ мақсаты

Сату-сатып алу, айырбас және сыйға тарту келісімшартының ерекшеліктерін анықтап, мысалдарды келтіру.

Бағалау критерийлері

  • Азаматтық кодексінің баптарын пайдалана отырып, шарт түрлерінің ерекешеліктерін анықтап, мысалдарды келтіреді.
  • Жағдаяттарды талдап жауапкершілікті анықтайды.

Тілдік міндеттер

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • меншік құқығы
  • Меншікті иелену
  • Мешікті пайдалану
  • Меншікке билік ету
  • Шарт
  • Сату-сатып алу туралы шарт
  • Айырбастау туралы шарт
  • Сыйға тарту туралы шарт

Құндылықтарды дарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Құзреттілік құндылықтарын деңгейлік тапсырмалар арқылы, ал белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын жұптық пен топтық жұмысында дарыта аламыз.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихымен байланысты, өйткені меншік туралы тақырып «Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы» деген тақырыбында кездеседі.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын және слайд-презентацияны

Алдыңғы білім

Жария құқық

Кілтті дағдыларды дамыту

Оқушылардың зерттеу дағдыларын арнайы зерттеу сұрақтары және ҚР Азаматтық кодексін пайдалана отырып, жағдайятты талдау арқылы дамыта аламыз.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

5 минут

15 минут

Сабақтың ортасы

10минут

7 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
  • Ой шақыру. «Миға шабуыл» әдісі бойынша тақырыпты анықтау үшін оқушыларға шарт туралы бейнероликті көрсету. Оқушылар бейнеролік арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.
  • Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен оқу, сабақ мақсатымен таныстыру. Мұғалім бағалау критерийлерді слайдта шығарып оқушылармен талқылайды. Оқушылар өздерінің де бағалау критерийлерін ұсына алады.
  • ЖИГСО стратегиясы арқылы топтық жұмыс ұйымдастырылады. Топтар шарт түрлерінің ерекшеліктерін анықтап, мысалдарды келтіреді.

Дескриптор: Шарт түрлерінің ерекшеліктерін анықтап, мысалдарды келтіреді.

І-топ Сату-сатып алу шарты (ҚР АК ЕБ 406-444 баптар)

ІІ-топ Айырбас шарты (ҚР АК ЕБ 501-505 баптар)

ІІІ-топ Сыйға беру шарты (ҚР АК ЕБ 506-516 баптар).

Оқушылар «ЖАДА» әдісі бойынша топтарға тағы да бөлініп, мәліметтерімен алмасады. Кейін әр топтан бір спикерді таңдап, шарт ерекшеліктері туралы жауаптарын тындау керек. Жауаптар арқылы талқылауды ұйымдастыру және кері байланыс беру.

  • Ж/Ж. Кейс-стади» әдіс-тәсілін пайдалана отырып мұғалім оқушыларға жағдаяттарды таратып береді. Жұмысты жүршізу үшін жағдаяттар ұсынылады. Оқушылар оны бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады. Содан кейін талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.

Бағалау жүргізу. Оқушылар өзіндік бағалау жүргізіп, бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім қосымша кері байланыс береді.

  • Ж/Ж. Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.

Бағалау жүргізу. Оқушылар өзіндік бағалау жүргізіп, бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім қосымша кері байланыс береді.

Слайд-презентация.

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

3 минут

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • Қиын болды…
  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Үлгерімі жоғары оқушылар көбінесе дәлел мен фактілерді келтіреді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқушылалар жұпта/топта дескрипторларды пайдалана отырып, өзара бағалауды жүргізеді.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тексеріп кері байланыс береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?