Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


ҚРАК

4 бөлімМіндеттемелердің жекелеген түрлері25-тарау. Сатып алу-сату406-бап. Сатып алу-сату шарты

      1. Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.

Айырбас шарты (ағылш. barter agreement;) Тараптардың әрқайсысының екінші тарапқа бір тауарды екінші тауарға айырбастауға міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарт. Егер бұл тәртіптерге және айырбас мәніне қайшы келмесе, айырбас шартына сатып алу-сату тәртібі қолданылады.[1]

26-тарау. Айырбас

501-бап. Айырбас шарты

      1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.

      2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.

      3. Осы тарауда көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады.

502-бап. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар

      1. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.

      2. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.

503-бап. Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау

      Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 284-бабы).

504-бап. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы

      Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.

27-тарау. Сыйға тарту

506-бап. Сыйға тарту шарты

      1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.

      Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде сыйға тарту шарты маңызсыз болып саналады. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген қағидалар қолданылады.

      2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.

      Нақты сыйға тарту затын зат және құқық түрiнде көрсетпей немесе мiндеттен босатпай өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру маңызсыз болады.

      3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сый алушыға сый беруді көздейтін шарт маңызсыз болады.

      Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.

      Ескерту. 506-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

507-бап. Сый алушының сыйды алудан бас тартуы

      1. Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi.

      2. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда сыйды алудан бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

      3. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.

Үлгімен танысыңыз.Автомашинаны сату — сатып алу туралы келісім-шарт.Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 91-үй, 46-пәтер, бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек.(келісім-шарт жасалған мекен-жай және дата сөзбен жазылады)Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы «Жетісу» шағын ауданы, 28-үйде түратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, жеке басыньң куәлігі № 548796, Қазақстан Республикасының ІІМ берген. Алматы қаласы, Райымбек даңғьлы, 83-үйде түратын азамат Қайырбаев Серік, жеке басының куәлігі № 478926, Қазақстан Республикасы IIМ берген, мына туралы осы келісімшартты жасадық:1.   Мен,  азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы,  «Жигули»  маркалыжеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі______,   шасси   нөмірі  ______,   двигатель   нөмірі  ______,   мемлекеттікнөмірі.Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашинаны сатып аламын.2.    Көрсетілген   автомашина    Мемлекеттік    автоинспекция    1995 жылғы 7 қаңтарда берген нөмірі 46327 техникалық паспорттың негізінде маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиісілі.3.  Автомашина___________________теңгеге сатылады(бағасы толық жазылады)Көрсетілген соманы келісім-шартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді. Тараптардьщ қолы1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісім-шартты мен, Асқарова Бақыт, Алматы қаласының нотариусы куәландырды.(нотариалдық кеңсенің атауы, нөмірі, лицензияның нөмірі көрсетіледі)Осы келісім-шартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілеті және автомашинаның Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі екендігі тексерілді.Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шарттың мәтіні дауыстап оқылды.Нөмірі 6 тізбегі тіркелген.Тариф бойынша________________теңге салық алынды.Нотариус                                                              (қолы)

Жағдаят

Алматы қаласы Медеу  аудандық сотында талап қоюшы  С.-ның   жауапкер Е.-нен сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкерге бір бөлмелі пәтер тиесілі. Денсаулық жағдайына және жасына байланысты жақындарының арасынан пәтерді қалдыратын адамды іздестірген. Пәтерге ие болған адам өз тарапынан талапкерге  қамқорлық таныту керек болған. Осыған сәйкес қамқоршы ретінде жауапкер таңдалған. Жауапкер қамқорлық жасайды деген ниетпен және заң жағынан сауатысыздығына байланысты жауапкердің атына сыйға тарту шарты арқылы меншігін аударған.

Алайда жауапкер қамқорлық танытпай, одан бөлек коммуналдық төлемдер жүргізу және пәтерде жөндеу жұмыстарын жасау туралы уәделерін орындамаған. Қоныстану мақсатымен пәтердің кілтін талап еткен.

Осыған сәйкес, талап қоюшы келісім бұзуды жауапкерге ұсынған. Алайда жауапкер талап қоюшының телефон нөмерін бұғаттап, талап қоюшымен байланысқа шықпаған.

Сот отырысында талап қоюшы талап қою арызын толық көлемде қолдап, қанағаттандыруды сұрады, одан бөлек жауапкер қамқоршылық жасайды деген шартпен келісім жасалғанын мәлімдеді.

Жауапкер талап қою арызына қарсылық білдіріп, талапкердің  сотқа жүгіну мерзімдерін өткізіп алғанын мәлімдеп, қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Сот қандай шешім шығарады деп ойлайсыз? Өз шешіміңіз қандай?

Жауап:

Сот талап қоюшының талап қою арызын қанағаттандырып,  пәтерді сыйға тарту шартын жарамсыз деп таныды.

Алматы қаласы Медеу аудандық соты

http://almaty.sud.kz/kaz/news/syyga-tartu-sharty-sotpen-zharamsyz-dep-tanyldy



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?