Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін:

Тарау:

Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері.

Сабақтың тақырыбы:

Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты.

Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты - жөні: Капарова Кибаш Уаповна

Сынып: 11

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру; 11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Сату-сатып алу келісімшарты, айырбас және сыйға тарту келісімшарттарын өмірде қолдана алуларына жағдай туғызу.

 Жетістік критерийлері

Азаматтық кодексті қолданып, шарт ұғымын анықтай алады

Азаматтық кодексін қолданып, сату-сатып алу келісімшарты, айырбас және сыйға тарту келісімшартына тапсырмалар орындай алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • шарт түрлерін ауызша талдайды (айтылым дағдысы)
  • белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары.

Пәннің лексикасы мен терминологиясы:

Азаматтық құқық, шарт.

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:

Шарт жасау қажет, себебі (...)

Шарт түрлері (сатып алу- сату, айырбас және сыйға тарту т.б.)

 Құндылықтарды дарыту

Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімі, жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнебаян

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Басы

Ұйымдастыру кезеңі

Миға шабуыл

№1 слайд арқылы тақырыпты болжау.

Оқушыларды сабақтың мақсаты, жетістік критерийлерімен таныстыру.

Оқыту ресурстары

Презентация

Ортасы

Нормативтік құқықтық актімен таныстыру

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

4 бөлімМіндеттемелердің жекелеген түрлері406-бап. Сатып алу-сату шарты

501-бап. Айырбас шарты

 506-бап. Сыйға тарту шарты

  • Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
  • Айырбас шарты – (ағылш. barter agreement;) Тараптардың әрқайсысының екінші тарапқа бір тауарды екінші тауарға айырбастауға міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарт. Егер бұл тәртіптерге және айырбас мәніне қайшы келмесе, айырбас шартына сатып алу-сату тәртібі қолданылады.
  • Сыйға тарту шарты (лат. donation agreement;) Бір тараптың (сыйлаушы), екінші тарапқа (сыйға алушы) мүлікті меншікке не мүліктік құқықты ақысыз беретін немесе беруге міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарты.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Оларға тапсырма беріледі.

Орыс сыныптарына сөздікпен жұмыс жүргізіледі.

  • топ: Сату – сатып алу шарты
  • топ: Айырбас шарты
  • топ: Сыйға беру шарты

Критерий:

  • Шарт түрлерін ажырата алады;
  • Үлгіге сүйене отырып, академиялық тілде шарт құрастыра алады.
  • Тайм- менеджмент.

Дискриптор:

  • Ауызша өз білгендері бойынша шарт мазмұнын айтады (айтылым дағдысы)
  • Үлгіге қарай отырып шарт жасайды (жазылым дағдысы )
  • Шарт жасау тәртібінің сақталуы.

Топтар жұмыстарын қорғайды. Әр топқа 2 минут

Топтар критерийлер бойынша бірін- бірі бағалайды.

Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

Жұптық жұмыс. Жағдаят талдау.

Тапсырма тексеріліп, кері байланыс беріледі.

https://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks_osobennaya_chast/506.htm

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_

ҚР Азаматтық кодексі

Таратпа материалдар

http://almaty.sud.kz/kaz/news/syyga-tartu-sharty-sotpen-zharamsyz-dep-tanyldy

Соңы

Рефлексия:

«Бес саусақ» әдісі

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімге риза болдым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Саралау тапсырмаларын дайындадым.

Топтардың бірін- бірі бағалауы. өзін- өзі бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақты болжау арқылы тақырыпқа шығып, одан әрі проблеманы анықтау өте сәтті шықты.

2: 4 топқа 4 түрлі саралау тапсырмалары беріліп, оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай орындай алды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Қолжетімді саралау тапсырмалар арқылы оқушылар қолданыстағы тілді академиялық тілге жеткізуге тырысты.

2: жұмысты ұйымдастыру формалары: топтық, жұптық және жеке жұмыстарды оқушылар қызығушылықпен орындады.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1. Оқушыларға шығырмашылыққа жетелейтін тапсырмалар беру.

2.Тілді дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану (CLIL).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?