Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жария құқық

Мектеп:

Сағат саны: 1 сағат

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен ажырату

11.2.5.2 - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

Бағалау

критерийлері

Сыбайлас жемқорлық ұғымын біледі

Сыбайлас жемқорлық зардаптарын анықтайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері саралй отырып, жағдаяттардың шешімін талдайды

Тілдік мақсаттар

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз.....

Оның зардаптары.....

ҚР заңнамасына сәйкес....

Қорытындылай келе....

Құндылықтарды дарыту

Отансүйгіштік

Құрмет

Азаматтық жауапкершілік

Ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Саясаттану

АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен жұмыс

Бастапқы білім

Қылмыстық құқық бұзушылық түрлерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

5 минут

Б. Сабақ мәселесі не жайында болмақ?

М. Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру

https://yvision.kz/post/704167 сурет

Мағынаны тану

5 минут

6 минут

8 минут

12 минут

Б. «Сыбайлас жемқорлық» деген не?

Осы тұста жасырын саралау жүргізуге болады.

М. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.    Н.Ә.Назарбаев

Д. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын анықтау.

Дескриптор: Сыбайлас жемқорлықтың кем дегенде 2 зардаптарын анықтайды

Бағалау. Мүмкін болатын жауаптар негізінде қзін-өзі немесе бірін-бірі бағалауды жүргізуге болады.

Мүмкін болатын жауаптар:

- қоғамның бақытты болашағын тежейді;

- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Ж. Жағдаяттарды талдау

Жемқорлыққа мыналар жата ма?

1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?

2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?

3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?

4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма?

Т. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі, тапсырманы сахналау керек.

1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді  үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз.

2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.

3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Брақ оны бір айдан кейін алаласыз. Сіздің әрекетіңіз.

презентация

Соңы

4 минут

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім- нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?