Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Құқық негіздері

Бағыты:қоғамдық-гуманитарлық

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері

Күні:

Сынып: 11

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық анықтайды;

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралайды, қажетті ақпараттар арқылы анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік лексика мен терминология:

Конституциялық құқық

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық

Тең құқылық

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм. Ұлттық сана-сезім. Ашықтық, Құрмет.

Пәнаралық байланыстар

Жаһандық перспективалар және жобалау жұмысы, Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс. Ғаламтор кеңістігінде жұмыс.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта өтілген отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық барысын түсіндіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Б Сабақты келесі сұрақ бойынша талқылаудан бастаңыз:

-Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа не жатады ?

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтағаннан кейін, оқу мақсаттарымен танысып, өз алдарына осы мақсаттарды тағайындайды.

М Сабақтың тақырыбымен таныстырыңыз.

Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

Б

Материалдар түсіндірілімі барысы:

Терминдік анықтамалар

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді.

Тең құқылық-әрбір адам заң мен сот алдында тең мүмкіндіктерге ие және міндеттерді орындауы тиіс.

Тұрғын үйге қол сұқпаушылық- тұрғын үйге онда тұратын адамдардын еркіне қарсы кіруге,оны қарауға және оған тінту жүргізуге заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.[

Венн диаграммасы бойынша ұғымдардың айырмасы мен ұқсастығын жазыңдар

ҚР Конституциясы 18-бапты талқылау

  1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

      2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

      3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

ҚР Конституциясы 24-бапты талқылау

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Т Оқушыларды топқа бөліңіз.

Топтық тапсырма (аталған баптар бойынша ситуациялық жағдаятқа мысал келтіру)

  • 1-топ

147-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

  • 2-топ

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу

  • 3-топ

149-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу

  • 4-топ

157-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу

Д «Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысуда бас тартуға мәжбүрлеу» қылмыстық құқықбұзушылық құрамының элементтерін жазыңыз.

Обьект-

обьективті жағы-

Субьект-

субьективті жағы-

«Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» қылмыстық құқықбұзушылық құрамының элементтерін жазыңыз

-обьект-

обьективті жағы-

субьект-

субьективті жағы-

Т Дәйектер келтіру арқылы өз пікірін айту:

Азамат К. үйдің иесінің еркінен тыс басып кіріп, күшпен ұрып , пәтерін тонады. Үй иесі болса ,оңтайлы сәтті пайдаланып, полиция қызметін шақырған.

1.Азамат К. қандай құқық бұзушылық жасады?

2.Қандай жағдайда заң азаматтарға тұрғын үйіне кіруге рұқсат береді?

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

http://prezentacii.com/obschestvoznanie/9076-ugolovnoe-pravo.html

Сабақтың соңы

Оқушыларға "Не білдім, не үйрендім, нені білгім келеді?" кестесін толтыруды ұсыну (бірнеше оқушы өз қалауымен карточкасын оқуы мүмкін)

Топтар бүкіл сыныпқа рефлексия өткізеді

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?