Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жер құқығы негіздері |
|
| ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны | |||||||||
Сабақтың түр | Жаңа тақырыпты меңгеру | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме) | 11.2.3.1 - жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру; 11.2.3.2 - Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері | Білу мен түсіну: жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын анықтайды; Қолдану: - ҚР Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін саралайды; Сыни ойлау және зерттеу: жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқыққа қатысты жағдайаттарды бағалайды; | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік мақсат Оқушылар:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Мен...деп ойлаймын Тараптардың мәселесі ....., себебі .... жақтың талабы орындалады, себебі (...) Жеке меншікке әркім құқылы, себебі .... (...) Пәнге қатысты лексика мен терминология
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы: Оқушылардың еліміздің ұлттық дамуы және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Мектептердің құндылығы: Оқушылар бойындағы жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор немесе берілген мәтіннен қажетті мәліметті ала алады. | |||||||||
Бастапқы білім | ||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-10 минут Қызығушылықты ояту кезеңі | Миға шабуыл" әдісі арқылы оқушыларға келесідей сұрақтар ұсыныңыз:
Мақсат галереясы әдісі арқылы әр топ оқушылары өз мақсаттарын ұсынады. Кейін оқу мақсатымен сәйкестендіріледі. Бағалау критерилерімен танысады. | |||||||||
Мағынаны тану кезеңі Сабақтың ортасы 10-35 мин 35-55 мин 55-75 мин | Зерттеу сұрақтары:
Сыныптық талқылау жүргізу арқылы сұрақтарға жауап беріледі. «Құқықтық алаң» әдісі арқылы ҚР Конституциясының 26-бабының тармақтарын негізге алып, жалпысыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. 4 тармақ: Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. 1: құқықтық реттеу механизмі; 2: мүлікке заңды түрде ие болу жолдары; 3: «жосықсыз бәсекеге тыйым салынады» деген тіркеске анықтама беріңіз. Талдау және бағалау. ҚР Жер кодексінің негізінде жерге меншік және жерді пайдаланудың заңдық механизмдерін «ПТМС әдісі» арқылы талдайды. П - Т - М- С – Оқушыларға меншік құқығы аясында даулы мәселелер көрсетілген жағдаяттар ұсынылады. | ҚР Конституциясы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты ҚР Жер кодексі http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K030000442_
Мысалы: П - мен жерді жалға алдым Т - өйткені, заңнамалар негізінде әрбір ҚР азаматы жерді жалға ала-алады... М - нақты мысал келтіру С - заңды толық білмеудің салдарынан ... | ||||||||
Сабақтың соңы 75-80 минут | Қорытындылау Еркін микрафон әдісі арқылы «Жер халықтың игілігі» ой түйін жасайды. | |||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Қорытындылау мақсатында оқушылардың қабілетіне қарай жеке тапсырмалар ұсыну, оқушылардың өздеріне таңдауға беру | Өзіндік рефлексия бірінші ұсынылған форматта немесе екінші форматта жүргізу мүмкіншілігі бар(мұғалімге қажет ақпарат оқушылардың қиналған тапсырмалары және жеке жетістіктері) | АКТ-ның пайдалану уақыты шектеулі,сергіту тапсырмалары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды ма, неліктен? |
| |||||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?