Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы.Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Сынып: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы

Кәсіби даму мақсаты

Тарихи деректерді қолдана отырып оқушылардың жазылым дағдысын дамыту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1.3 - Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

Бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін бағалау.

Тілдік мақсаттар

  • Билік тармақтары
  • Президент
  • Парламент
  • Үкімет
  • Коституциялық Кеңес
  • Сот
  • Сайлау жүйесі
  • Тепе-теңдік жүйе
  • Тежемелік жүйе
  • Саяси партия
  • Оппозиция
  • Прапорционалды және мажориталы сайлау

Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта. Ғаламтор ақпараттары.

Бастапқы білім

Оқушылар сайлау туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату.

(бұл тапсырма визуальды қабілеті жоғары оқушыларға арналған)

Оқушыларды осы суретті көрсету арқылы бүгінгі болатын сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын болжатамын. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырамын.

«Сайлау» сөзін қалай түсінесіздер? деген сұрақ қойылып, оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Сайлау не үшін керек? Оқушылар бұл сұраққа видио көру арқылы жауап береді.

Интербелсенді тақта

http://www.youtube.com/watch?v=MHyRoYTkf2E

Сабақтың ортасы

Оқушыларға сайлау тарихын қысқаша түсіндіремін.

Барлық уақытта сайлау ерікті болған жоқ. Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көптеген шектеулер болған. Сол кезеңдерде сайлауға тек ақсүйектер қатысты, кедей адамдар, әйелдер мен құлдар сайлаудан шеттетілді. Жаңа заманда сайлауға барлық азаматтар қатыстырылады, бірақ мүліктік, жасына, біліміне, жынысына және т.б. ценз - шектеулер енгізілген болатын. Сайлау құқығы -мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және республика мәслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады. Біздің еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен "Қазақстан Республикасының сайлауы туралы" Конституциялық заңына негізделінген.

Сыныпты үш топқа біріктіремін.

Зерттеу және талдау

Жалпы сайлау құқығы дегеніміз не?

Тең сайлау құқығы дегеніміз не?

Жанама сайлау дегеніміз не?

Дискриптор:

Жалпы сайлау құқығын біледі.

Тең сайлау жүйесін анықтай алады.

Жанама сайлау жүйесін талдай алады.

Дұрыс немесе қате

Оқушыларға төмендегі пайымдаулардың дұрыс немесе қате екендігін анықтатамын.

Пайымдаулар

Дұрыс немесе қате

1

Сайлауда жеңілген партия оппозицияны ұйымдастыру және билікке ықпал ету функциясын жүзеге асырады.

2

Сайлаудан кейін Президент және оны қолдайтын партия басқа партиялардың пікірімен санаспайды.

3

Оппозициялық партия мүшелері биліктегі партияның өкілдерімен бірге Парламент комитеттерінде жұмыс істей алады.

4

Жеңілген үміткерлер сайлау қорытындысымен келісуі керек.

5

Демократиялық мемлекеттерде күшті оппозициялық партиялар болады.

6

Идеалды саяси жағдайтек бір оппозициялық партияның болуын құптайды.

Зерттеу мен талдау

Мажоритарлық және пропорцианалдық сайлау жүйесінің оң және теріс жақтарын анықтау.

Қайсысында демократиялық принциптер басым және неге?

Сайлау туралы заң дайындау.

Жастар арасындағы проблемаларды шешу үшін жастар «парламентін» құру жоспарланды. Жастар «парламентіне»сайлау ережелерін белгілейді.

https://www.tarbie.kz/21737

https://www.election.gov.kz/kaz/r-saylau-zh-yes/r-saylau-zh-yes-turaly-ys-asha-a-parat.php

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • Қиын болды…
  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?