Азаматтық – Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация, 1 - сабақ
Азаматтық – дегеніміз не?
Азаматтық дегенді қалай түсінесіз?
Азаматтық ұғымын қандай ассоциаицялар арқылы белгілейсіз?
Бөлім: Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау
Тақырып:
Азаматтық – Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты
Оқу мақсаттары
11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашу;
11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру;
Сабақ мақсаты
Қазақстандық азаматтықтың негізгі мәні мен маңызын ашу
Пәнге қатысты терминология
Сайлау құқығы
Мажоритарлы
Пропорционалды
Оппозиция
Таңдау құқығы
Апатрид
Бипатрид
«ҚР Азаматтығы туралы» Заңы
- ҚР азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
- ҚР-да әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар.
- ҚР-ң азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстанның шегінен тыс жерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ ҚР-ң өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана ҚР-ң азаматтығынан айыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматы болу
Осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адам;
ҚР-ң аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын адам;
ҚР азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
ҚР… басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының азаматы болу
ҚР-ң азаматтығын растайтын құжат ҚР азаматының жеке куәлiгi н\е ҚР азаматының паспорты б.т. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен расталады.
ҚР-ң азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең б.т.
ҚР азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы ҚР-ң азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
ҚР өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасының азаматы болу
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де ҚР-ң азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан ҚР-ң азаматы б.т.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес ҚР азаматтығына қабылдануы мүмкін.
ҚР-ң азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді ҚР-ң Президенті қабылдайды.
Азаматтықты тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
ҚР азаматтығынан шығу;
2) ҚР-ң азаматтығын жоғалту;
3) ҚР-ң азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады.
Жұптық жұмыс
Азаматтық туралы заңның 2-3 тарауларының баптарын негізге ала отырып талдау жұмысын жасаңыз:
Зерттеу сұрақтары:
Азаматтық алуының маңыздылығы неде?
- Азаматтық айырылудың салдары қандай?
Кері байланыс
Жалғастырыңыз:
Маған ... қызықты болды
Маған ... бұл болашақта қажет болады
Бұл ... қиындық туғызды
Осы ... мені ойландырды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?