Азаматтық – Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 - сабақ.


ЖМБ мектеп үшін

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Бейсенов М.Қ., Спабеков Ж.К.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Азаматтық – Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашу;

11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

Қазақстандық азаматтықтың негізгі мәні мен маңызын ашу

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

азаматтық ұғымын аша алады

Талдау

азаматтық алудың маңыздылығы және азаматтықтан айырылудың салдарын талдап бере алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты терминология

- "Үздік әлемдік азаматтық" мақаласында көрсетілген әлем елдері арасындағы рейтингтік кестедегі орналасуының себебін анықтайды (жазылым дағдысы).

- Құқықтық жағдаятты талдайды (айтылым және тыңдалым дағдысы).

  • Сайлау құқығы
  • Мажоритарлы
  • Пропорционалды
  • Оппозиция
  • Таңдау құқығы
  • Апатрид
  • Бипатрид

Азаматтық алу қажет, себебі...

Мен...деп ойлаймын

....органдардың құқықтық мәртебесі...

....органдарының билік әлеуетін кеңейту қажет, себебі...

Мен үшін лайықты үміткерді таңдау маңызды, өйткені...

Құндылықтарды дарыту

  •  Құрмет (топтық жұмыстағы өзара құрмет, бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет, өзгелердің меншігіне және мемлекеттің меншігіне құрметпен қарау, сақтау, бүлдірмеу)
  •  Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)
  •  Қазақстандық патриотизм (ҚР Конституциясы мен негізгі заңнамаларын оқып, үйрену арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 және 10 сынып «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин

0-10 мин

10-15 мин

Б Оқушыларға азаматтық ұғымына байланысты сұрақтар қойылады және сол арқылы оқушылардың бұл ұғымды қалай түсінетіндігі анықталады.

Бұл жерде оқушылардан «Азаматтық» ұғымын ассоциациялар арқылы белгілеуді сұраймыз. Бүкілсыныптық талқылаудың нәтижесінде жаңа тақырыпқа шығамыз.

Дескриптор:

  • Азаматтық ұғымының мәнін түсінеді;
  • Азаматықтың мәні мен маңызын біледі

ҚБ Оқушылар жауабына бірден ауызша кері байланыс беріледі.

М Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырамыз. Оқушыларға бүгінгі сабақтың қандай оқу дағдылары мен оқу мақсаттары болатыны туралы пікірін сұраймыз. Бағдарлама бойынша қарастырылатын оқу дағдылары, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырамыз.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік атты мемлекет құндылықтары дарытылады

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

http://adilet.zan.kz

«ҚР-ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңы. 25 желтоқсан 2000 жыл.

Сабақтың ортасы

15-37 мин

15-22 мин

22-30 мин

30-37 мин

М «ҚР Азaмaттығы туралы» Заңның негізінде азаматтық ұғымына байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерде Азаматтық туралы заңның негізінде қазақстандық азаматтықты алу мен жоғалтудың негіздерін нақты мысалдармен түсіндіру қажет.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

Ж Оқушылар жұп болып Азаматтық туралы заңның 2-3 тарауларының баптарын негізге ала отырып талдау жұмысын жасайды.

Зерттеу сұрақтары:

- Азаматтық алуының маңыздылығы неде?

- Азаматтық айырылудың салдары қандай?

Б Талдаудың нәтижелерін сұрау арқылы бүкілсыныптық талқылау жүргіземіз.

Дескриптор:

- Азаматтық алудың маңыздылығын түсіндіріп бере алады;

- Азаматтық айырылудың салдарын болжай алады;

ҚБ Оқушылар жауабына бірден ауызша кері байланыс беріледі.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Құрмет, Азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теорияся. – Алматы, 2003.

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл

Лучшие гражданства мира: какой паспорт самый ценный и что думают о Казахстане

https://forbes.kz/news/2018/04/20/newsid_170910

Сабақтың соңы

37-40 мин

Тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз.

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Слайд

Саралау

Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. Топтық жұмыста қабілетті оқушылар басқа оқушыларға кейбір терминдер мен ұғымдарды түсіндіру, жағдаяттарды талдау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау

Бағалау критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?